СҰЛТАН ҮПІ — МАҢҒЫСТАУДА СУ ПІРІ
СҰЛТАН ҮПІ — МАҢҒЫСТАУДА СУ ПІРІ
Сартас шығанағына таяу, теңіз жағасынан көрініп тұрған тау аңғарының аты-Сұлтанепе. Аңғар іші-әр түрлі жеміс ағаштары мәуелеген бақ , табаны сылдырап аққан бұлақ. Басында таудың жақпар құзын қашап салған мешіт, бұл бір жағынан Сұлтан үпі әулиенің бақилық мекені делінеді. Жанында тұщы сулы құдық жар басынан қазылған. Еш уақытта сарқылып суалмайды. әулиенің шырақшысы Самалхан Тәжімағанбет қажы айтуында құдық қасиетті. Егер күнәhар адам, не дәретсіз адам барып оған ыдыс салса, түбіндегі су деңгейі төмендеп кетіп, алдырмай қояды. Керісінше құдайдың сүйген құлыбарса, су деңгейі құдық аузына дейін лықып келе қояды. Шырақшы әңгімесінің ақиқаты-құдық суының деңгейі әр кезде ауытқып тұрады.