Оспан батыр

Абстракт

 

Жұмыстың мақсаты: бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ел болып, бесігі түзелген шақта қасық қаны қалғанша елінің, жерінің азаттығы үшін арпалысқан қазақ батырларын ұрпаққа таныстыру, ерлігі мен қайраттылығын үлгі ету.

Жұмыстың мазмұны және мақсаты көзделген әдістеме бойынша жасалған.

Зерттеу жұмыстары 2007-2010 жылдары зерттелеген.

Зерттеу кезеңдері:  кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.

Зерттеу жаңалығы: мектеп бағдарламасында оқытылмайды, бұрын зерттелмеген, әлі зерттеуді қажет ететін  тұлға.

Жұмыстың нәтижелері: тарихи тұлғаны жан-жақты зерттеп, қазақ халқының бірегейі ретінде тану.

Практикалық маңыздылығы: Қазақстан тарихын тереңдете оқуға, зерттеуге қызығушылығы бар оқушыларға қосымша құрал ретінде ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

І.  Кіріспе  …………………………………………………………………………………….3-4

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Алтайдың ақиық батыры………………………………………………………..5-8
  2. Елім-айлап өткен өмір немесе қазақтың Оспан батыры…………………………………………………………………………………..9-10
  3. Оспан батыр және Шығыс Түркістан………………………………………11-18
  4. Оспан батыр шетел деректерінде…………………………………………….19-23

ІІІ. Қорытынды………………………………………………………………………………24-25

ІV. Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………………26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ата-тарихымызды тану, оны өскелең ұрпаққа өнеге етіп қалдыру- атадан балаға жалғасқан дәстүр. Еліміздің өзсе кәтеріп, етек-женіп жиғалы бері көне тарихымыздын көзі ашылып, тарихымызды түгендеп, елімізбен жеріміздің ой-шуақтарын тануға сол аркылы тұжырымдама жасауга мүмкін деп туды.Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі таңда өткен тарихымызды жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеп, кайта қарауға, мұрағат қойнауында жатқан құпия  сырлардың бетін ашуға да мүмкіндік туды. Тарихымыздың қаншама «ақтаңдақ» беті ашылып жатыр.

Ғасырлар бойы аңсаган тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді түзеп шақта ұлы Мұхаңның «ел боламын десең бесігіңді түзе» деген дананың сөзін жадымызда ұстануымыз керек. «Өткеніміз бүгін, бүгінсіз-болашақ тұл» өсер

ұрпақ тарихтан тағлым алмай болашаққа батыл қадам жасай алмайды. Үш мың жылдың тарихи мен ұлан ғасыр жері бар бостандық сүйген халқымыздың тарихи да терең де екені сөзсіз.

Тарих- халықтың зердесі, ол содан қуат алады, сол арқылы жарқын болашаққа бастайтын  шабыты қалыптасады.Осы орайда: «Қазақстандықтардың өзгенің тарихи өткенің құрметтеумен қастерлеу, оны танып білу аса киелі бірлікке, қуаты жасанпаз күшке, күрделі міндеттерді шешудің сенімді құралына айналуға тиіс,-деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай қай кездіңде тарихын білу болашақтың сарасы.

Қазіргі таңда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша, ұлт тарихина қатысы құнды жәдігерлік мұраларымыз әлем елдігінің мұражай, мұрағаттарынан алдырылып тасуа басылып, ел иелігіне жарап жатыр.Ата-жұртқа құйылған ұлы көшпен ақын-жыраулардың жауһар жырлары, әнші-күйшілердің асқақ әндері мен алдаспан күйлері ұлтымыздың рухани қоржыны толтырса, мың өліп,мың тірілген қазақ жұртының тарихи –ұлт тарихиның әлі аршылмаған ақтаңдақ  беттерін толықтырып отыр.Ол да- Тәңірдің тартуы шығар.

Осы орайда атамекеннің шырақтағы ұлтының қорғаны болған туған топырағы Алтайы, туған жұрты қазағы үшін қаны қалғанша шайқасып өткен, қазақ даласының ең соңғы жүрегі түкті батыры,  ХХ ғ.тарихымызда ерекше орны бар,Қазақстан шекарасына шек болсада қазақ үшін қанын, жанын берген солардың бостандығы мен еркіндігін аңсаған баһадүр   Оспан батыр Ісләмұлы.

Қазақ халқына тәуелсіздік тосыннан келген тағдырдың тартуы емес еді. Бізге азаттық, еркіндік, бостандық Оспан секілді ата-бабамыздың ертең ұлым

құл, қызым күң болмасын деген жүрек жарды асқақтаған арманынын келгені сөзсіз. Сол себептен де бүгінгі менің жұмысым, қазаққа белгілі бола бермеген, өз елінен жырақта жүрседе, қазағым, елім, жерім депеңіреген, қолына қамшы алып, атқа қонған Оспан батырдың өмірі мен басынан өткен қиын-қыстау кездері сөз болмақ. Осының барысында Оспандай батырымызды Тәуелсіз елдің бүгінгі, ертеңгі ұрпақтарына, ел болашағының ұрпақтарына таныстырып, үлгі ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оспан батыр Ісламұлы (1899-1951)  ұлт азаттағы үшін  басын бәйгеге тіккен  әйгілі батыр. Оның еңбегі Шығыс Түркістан аталатын Алтай, Іле, Тарбағатайды қамтыған байтақ даланы жат табанынан қорғаумен ғана бейнеленіп қалмастан , солтүстік Қытайдың Алтай  өңірінен шетел шапқыншыларынан сақтап қалғанымен де көрінеді.

Оспан ілгерінді- кейінді үш әйел алған адам.Бірінші әйелі- Нұрқызар Жарымбетқызынын үш қыз ; алты ұл туған. Ұлдарының аты Зия , Шердиман , Ниғыметолла , Ойдолла , Нәби , Кәри. Қыздары – Зағила , Кәбила , Пәнсия . Екінші әйелі Мемей Белдемшеқызынан үш қыз – Қабиба , Қатипа , Замбила .

Үшіншісі , жеңдегей алған әйелі Баян  Ыстайқызынан бір ұл Әмақ , бір қыз Мүниба – екі бала болған .

Батырдың балаларынан Зия 1941 жылы тамызда Қуүйдің Шолақсайында оққа ұшып өлген , ұрпақ жоқ . Екінші  әйелі Мемей мен үш ұл , бес қызы — 9 жан 1942 жылы ақпанда Шыңшысай үкіметінің Бұрбыжап басқарған әскерлерімен соғысқа қолға түсіп , алғашында Сарысүмбе қаласында (қазіргі Алтай қаласы), 1943 жылы мамырдан бастап Көктоғай қалшығында «мырза қамақта»   отырады . 1944 жылы мамырда Оспан қолының бір реткі қатты соққысына ұшыраған Гомиданның Көктоғай қалашығындағы жендеттері қала тұрғындарынан 40-шеше бейуаз бұқараны қырғанда Оспанның 18 жастағы қызы Кәмбила мен 14 жастағы ұлы Ойдолланы Мемейдің көзінше кескілеп өлтірді . 11 жастағы ұлы Кәри мен 12 жасқа , арты 8 жасқа келген үш қызын құдыққа тірі тастап өлтіреді . Мемей өлуге айналғанда өзін өзенге лақтырып , қашып құтылады.

Қалған үш ұл – Шердиман , Ниғыметолла , Нәби 1941 жылдан бастап негізінен әкесі Оспанмен бірге болады. 1951 жылы Оспан Гансу өлкесінің Хайзы деген жерінде Қытай әскерлерінің қолына түскенде , қашып шығып , Шыңжаңға келіп , байырғы бауырластарын тауып , Алтай , Боғда аралығында қарулы күресті жалғастырады . 1952 жылы әкесінің сүйегін алу шартыны орай қару тапсырып , бағынуға мәжбүр болады . Шердиман 1952 жылдың қазанынан 1959 жылға дейін Алтай әкімшілік мекемесінде малшаруашылығы бөлімінде , 1959 жылдан 1967 жылдың қаңтарында қайтадан қолға алынғанға дейін , Іле облыстық саяси кеңесте істейді. 1970 жылы 30 сәуірде бақилық болады.

Шердиманнан үш ұл,мекі қыз қалған . Үлкен ұлы –Мүсірат Іле облыстық астық мекемесінде аудармашы , екінші ұлы Асхат – Іле жүн тоқыма фабрикасында жұмысшы , үшінші ұлы  Сәмет – Іле педагогикалық институтында оқытушы болып жұмыс істейді . Қыздары – Мүбина , Қарбия . Олар қазір Қытайдың Құлжа қаласында тұрады. Оспанның Ниғметолласы 1972 жылы науқастан қайтыс болады . Онда бір ұл , үш қыз  болған. Ұлы Әсет – Көктоғайдың Күрті ауылы Өндірқара қыстағында тұрады .

Қыздары – Мүнира , Үмия , Үпат . Әсеттен екі ұл екі қыз . Ұлдары – Панарбек , Қадыр. Қыздары – Қания , Кәусар .

Нәбиден алты ұл , бір қыз болып ,үлкен ұлы Махан Көкторғайдың қыстағында , екінші ұлы Махат та Ертіс қыстағында , үшіншісі Болат та Ертіс қыстағында , төртіншісі Нұрлан – Көктоғай аудандық халық сотында тергеуші болып істейді. Бесінші ұлы Жақаш та Ертіс қыстағында тұрады , алтыншы  ұлы Өнербек – 2002 жылы Қазақстанға біржолата оралған ,ҚР азаматы , қазір Түркістан қаласындағы Қ.А.Яассауй атындағы ХҚТУ – нің студенті , Оспан батыр атындағы халықаралыұ қайырымдылық қорының президенті . Маханнан Иматбек  , бір ұл , Салтанат , Қымбат – екі қыз . Махаттан Михат, Ұһидат , Яхұп – үш ұл, бір қыз – Сәмия .Болаттан екі қыз – Сәулет , Самал . Нұрланнан бір ұл Парасат ,Жақаштан бір ұл Бердәулет, қызы – Сәбира. Нәби Оспанұлы 2000 жылы қайтыс болды . Бір қызығы оның қайтыс болғандығын туыстарының хабарлауынан бұрын «Азаттық» радиосынан сол күні  естіген халық жаназаға жиналды . Жергілікті сақшы және қауіпсіздік органдары жаназаға жиналған мыңнан астам халыққа абыржи қарап , оларды дереу бақылауға алды.

Оспан ұлдарынан қазіргі тірі отығаны Әмақ ол қазір Көктоғай ауданының Күрті қыстағында тұрады. Әмақтан төрт ұл , бір қыз . Ұлдары – Әсенжан , Әкімбек Кәкімбек , Кәзімбек. Қызы – Нәзигүл.

«Оспанның ұлдарының ішіндегі үлкені мен әке тағдырына қатысты оқиғаларыды көп білетін адамның бірі үлкен ұлы Шердиман болса, бірі Нәби еді. Ал сол Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде  қудаланып қайтыс болса, Нәби 2002 жылы дүниеден өтеді.» — деп жазады Жәди Шәкенұлы өзінің «Оспан және оның ұрпақтары» деген еңбегінде. [1]

Оспан батыр Шыңжаң өлкесі, Алтай Аймағы, Көктоғай ауданының адамы. Руы керей ішінде машан, молқы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оспан батыр

 

 

Оспанұлы

 

ХХ ғасыр адамзат тарихында тақсіреті мол алапат тудыруымен есте қалды. Осы ғасырдың басында аспан асты елінің билігіне қол жеткізген Сунь-Яцинь, Қытайдың бөлшектеніп кетінің алдын алып, ұсақ ұлттарға қытайландыру саясатын жасады. Сунь-Яциннің бұл басатмасы Қытай еліне қарасты болып келген Өр      Алтай тауын мекендеген Абақ Керейге ауыр тиды. Шығыс Түркістанды мекендеген өзге ұлтар мен тайпалар жергілікті губернаторлықтарға бағынышты болса, ал Абақ Керей тайпасы тікелей Пекинге бағынатын. Сунь-Яциннің біртұтастандыру реформасы бойынша Абақ Керей тайпасы бұдан кейін тікелей Пекинге емес, жергілікті Шыңжаң өлкелік басқару үкіметіне бағынышты болды.

Абақ Керей тайпасы мұндай Гоминдандық басынуға көнгісі келмеді. Зуха мен Бөке батырлардың Гоминданға қарсы көтерілісі осылай басталған еді.

Қытайдың ұсақ ұлттарға жасаған озбырлығына қарсы Шығыс Түркістан  халықтарының  ең үлкен көтерілісі қырқыншы жылдары жаппай сипат алды. Және Қытай өктемдігіне қарсы бас көтеруге тағы бір жағынан себеп болған Шыңжаң  билеушісі Шы Ши Сай жаңа реформа жасаймын деп, елдің ардақты  да зиялы қауымын тұтқындап, аяусыз зәбір көрсетуі болды. 1939жылы бұл елдің қазақтарының мүфтиі  болған Ақыт қажыны тұтқындап, оның діни кітаптарын өртейді. Бұнымен қоймай Көктоғай мешітіне халықты қамап, қытай өкілі мешіт мінбесіне шығып алып социалистік уағызын айтады. Діни –нанымның бұлай тапталуына жол бергісі келмеген жергілікті қазақтар қытай жазалаушы әскерлерін қырып тастайды. Көтерілісшілер « Түркістандықтардың азат ұйымын» құрады.

Оның басшысы етіп Ырысханды сайлайды. Көтерілісшілер ұйымы Шы Ши Сай құрсауынан Алтай аймағын азат  ету басты мақсатымыз деп білді. Қытай жазалаушы әскерлеріне көтерілісшілер дес бермегеннен кейін , Шы Ши Сай мен Моңғол коммунистік үкіметі өзара келісімге келіп, көтерілісшілерді екі бүйірінен қысады. Мың жеті жүз көтерілісші Бейбек пен Қаптық тауын паналап, жер жағдайын тиімді пайдалана отырып қытай әскеріне бірнеше рет соққы береді.

Ырысхан  моңғол мен қытай әскері келіп қауіп төндіреді деген асуларға  осы өңірден шыққан Оспан, Сүлейман, Нұрғожай, Кемел, Сейіт сияқты батырларды тосқауылға қояды. Ашық майданда Алтай қазақтарын тізе бүктіру мүмкін еместігін түсінген Шы Ши Сай қазақтардың Үрімжідегі өкілі Жанымхан қажыны араға салып Ырысханмен мәмлеге келуіне тура келеді. Сырқаты меңдеген Ырысхан 1940жылы қайтыс болады.

Бұдан кейін Алтай өңірін мекендеген қазақтар бір жылдай уақыт тыныш өмір сүреді. 1941жылы жаз айларында  бұл тыныштықтың тағы берекесі кетеді. «Шы Ши Сай үкіметінен Алтай өңіріне, яғни әкімдігіне мынадай хабар келіп жетеді: «Көктоғайдағы жер –асты байлығын игеруге орыс инженерлері барып, жұмыс істейді. Қазба жұмыстарына сырттан әкелуге күштің жоқтығынан, осы өңірдегі қазақтардың 8000 адам жұмысқа алынсын» деген жарлығы түседі. Бұл жарлыққа мойынсұнғысы келмеген Алтай қазақтары қайта бас көтереді» деп жазады Оразбек Ахметов өзінің «Оспан батыр» деген мақаласында. [2]

Сөйтіп Алтай қазақтарының екінші көтерілісі басталды. Олар орыс инженерлеріне еріп келген 300 қытай әскерін тас-талқан етіп талқандайды. Шы Ши Сай көтерілісті бауға 5000 әскер жібереді, ал көтерілісшілер Шолақ Бұлақ және Томар Бұлақ деген тау шатқалына бекініп алып, бір айдай жаумен соғыс жүргізеді. Осы кезде Үрімжідегі қазақ ұлтының өкілі Жанымхан қажы араласып, көтерілісшілерді уақытша тоқтатады. Ел ағалары бодау төлеп келіскенімен, Шы Ши Сай Алтай басшыларын Үрімжіге алдап шақырып, түрмеге қамайды. Шы Ши Сайдың арбауына түспеген жалғыз Оспан батыр болатын.

Оспан  Шы Ши Сай елшілеріне : «Үкімет 1940 жылғы келісімшартты өз күшінде қалдырып, сонымен бірге Үрімжідегі тұтқында отырған Алтай қазақтарының он үш жетекшісін босатса ғана, қаруымды тапсырып, келісімді доғарамын» депті.  [3]

1940жылы ақпан айында Өр Алтайда қазақ шаруалары алғаш рет үкімет адамдарын өлтіріп, кескілескен ұрыс жасады. Арты 4-5 жылға созылған бұл көтеріліс 40-шы жылдардағы Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысының бастамасы болды. Міне, осы қозғалыстың басы-қасында оның беделді басшыларының бірі Оспан жүрді. 1940 жылы басталған Өр Алтай  қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы 1942 жылдан былай қарай Оспан батырдың басшылығында жүргізілді. Сондықтан Алтай халқы оны «Оспан төңкерісі» деп те атап келген.

1940жылдан бері қарайғы өлген жау әскерін қосқанда жалпы саны 15000-нан еркін асатын Оспан қолы 1945жылдың тамыз айына дейін Алтай аймағына қарасты жеті ауданды азат етіп, аймақ орталығы Сарысүмбе қаласын жан-жақты қоршауға алды. 1945ж 6 қыркүйек күні Шығыс Түркістан Республикасының ұлттық армиясы атты әскерлер бөлімі Оспан қолымен ұштасып Алтайды жаудан азат етті.

Өр Алтай қазақтары көтерілген кезде, 1944 жылы Іле аймағына қарасты Нылқы өңірінің қазақтары да қолына қару алып, ұлт-азаттық қозғалысқа үн қосты. Нәтижесінде бұл қозғалысқа ұйғырлар мен басқа ұлт өкілдері де қосылды. Сөйтіп, Іле халқының қауырт көтерілуімен 1944ж ылы қараша айының 11-12 күндері Іле аймағындағы гоминданшылардың билігі құлап, оның орнына Құлжаны астана еткен Шығыс Түркістан Республикасы (ШТР)  құрылды. Оның басшысы Әлихан Төре сайланды. 1945жылы 8 сәуірде ШТР-дың ресми ұлттық армиясы жасақталды.

Сол жылы Шығыс Түркістан Республикасының армиясы Үрімжіге қарсы шұғыл жорық жасайды.

1943жылы Оспан батыр Монғол үкіметімен байланысқа шығып, олардан қару-жарақ алуды көздеген болатын. Ырысхан заманында Шы Ши Сай алғашқыда Шығыс Түркістандағы өз билігін күшейту үшін Кеңес үкіметіне арқа сүйеген еді. Ал екінші дүниежүзілік соғыс алғашқы кезеңіндегі Кеңес үкіметінің жеңіліске ұшырауына байланысты, бұрынғы арқа сүйеріне қырын қарады. Шы Ши Сайдың бұл қылығын ұнатпаған Кеңес үкіметі өздеріне қарасты монғол үкіметі арқылы Оспан батырға көмектесуге, қару –жарақпен қамтамасыз етуге келісті.

С. Рахметұлының  «Оспан батыр және маршал Чойбалсан» деген мақаласында: « Күрескерлерге 400 винтовка мылтығы, 200 дана автомат, 6 ауыр пулемет, 30 жеңіл пулемет,2000 гранат, 5 дүрбі, 400000 дана винтовка оғын беру туралы шешім шығарды» деп жазған. [1]

Монғол мемлекетінің премьер-министрі Чойбалсанның 1944 жылы Мәскеуде Сталинмен жолығып, ыыыыыыоспан батырдың көтерілісіне қару-жарақпен көмек беру туралы уағдаласқаны белгілі. «1943жылы қыста Бұлғын өзенінің Майқантас деген жерінде Оспанға Монғолия үкіметінің басшысы, маршал Чойбалсан өзі іздеп келіп, кездесіп қыруар оқ-дәрі мен қару-жарақ береді.

Оспан батыр Кеңес пен Монғол Үкіметінің мүдддесін өз мүддесіне пайдаланып, өз әскерін олардан заманауи қару-жарақпен қамтып, осы жылы Алтай өңірінде Шы Ши Сай әскерлерімен кескілескен ұрыстар жүргізеді. Көп ұзамай көтерілісші қазақ қосыныңы қаһармандық ерліктерінің нәтижесінде Алтай өңірі гоминдандықтан тазартылып, Оспан батыр уақытша Алтай Қазақ мемлекетін құрады. «Қазақ-монғол екі ел болып жиылып, Оспанды ақ киізге көтеріп, қазақтың соңғы ханы деп жариялайды» деген мәлімет береді  Ж. Самитұлы. [4]

Оспан батыр өзіне келген Гоминдан елшілеріне Қытай үкіметінің тек Алтай қазақтарын ғана емес, күллі Шығыс Түркістанның  ішкі ісіне араласпауына шақырады.Кеңес үкіметі бағынышсыз Шығыс Түркістан мемлекетінің құрылуынан сескенді. Кеңес үкіметіне Ұлы Түрік идеясын тудырушы Түркістан атын жамылған тәуелсіз мемлекет емес, өзінің ығынан шықпайтын, бағынышты үкімет керек еді.  Содан бастап Шығыс Түркістан республикасы КСРО мен Қытай сынды екі үлкен мемлекеттің қыспағына түседі.

Бірі олай атып, бірі бұлай қағып қақпағылғы салып жүріп, ақыры 1946жылы келгенде іс Қытайдың пайдасына шешіледі. 1946 жылы 1 шілдеде Шыңжаң өлкелік бірлескен үкіметі құрылады. Оспан батыр осы өлкелік үкіметтің мүшесі, қосымша Алтай аймағының губернаторы болып тағайындалады.

Оспан батыр1945ж қыста Сарсүмбе қаласына көшіп барып, сол жерде губернаторлық қызметін өтейді. 1946жылы жазында  Көктоғай ауданының Қуүй деген жеріндегі өзінің байырғы мекеніне қайта көшеді. Сарсүмбедегі бір жыл ішінде ол өзі басқарып отырған үкіметтің қандай екенін толық танып біледі. Сондықтан ол бұл үкіметтен бас тартып, өзінің бұрынғы мақсатын іске асыру үшін жаңа майдан ұйымдастырады.

Міне, осылайша, мейлі Ресейдегі, мейлі Қытайдағы болсын, мейлі орыс, яки қытай, яки қазақ болсын қызыл үкімет десе, коммунист десе төбе шашы тік тұратын Оспан 1946жылы Кеңес үкіметінің толық басқаруындағы Шығыс Түркістан армиясымен соғысуға бел байлайды. Шығыс Түркістан армиясының басшысы Ысқақбек пен Дәлелхан қатарлы қуыршақ көсемдер армияның баолық күшін Оспанғақарсы қояды. Құлжадағы, Тарбағатайдағы халықты алдап-арбап армияға алып, Алтайдағы Оспан батырға қарсы соғыс шебіне аттандырады. Бірақ таулы жердегі соғысқа, дала ұрсына әбден ысылған Оспан батыр оларды келегн бетте, Алтай жеріне табан тиган жарде қырып, тоз-тозын шығарыды.   Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен кеңес одағының аримясыШығыс Түркістанның әскери формасын киіп, шекарадан өтіп кетеді.

Олар Жеменей, Бақты шекарасынан өтіп, әр бағыттан ұтылып, Оспан батымен соғысқа кіріседі. Алтай тауының арғы  бетінен Монғолия ариясы тағы аттанады. Күшті жаудың алдында амалсыз шегініп, Бәйтік тауына, онан ары Қаптық тауына шыққын кезде Монғолия қызыл армиясының шабуылына ұшырайды. Батыс жағынан Кеңес одағының Шығыс Түркістан формасын киген солдаттар, солтүстіктен Монғолия қызыл армиясының оңтүстіктен Қытай қызыл армиясының шабуылына тап болған Оспан батыр соғыс шебін ерлікпен жара отырып, Гансу өлкесіне қарай бет алады. Бірақ үш жақтан қыспаққа алған жау әскерлері  орынан қозғалуға мүмкіндік бермейді.

 

Міне осылайша КСРО, Монғолия, Қытай сияқты үш мемлекттің құрсауында қалған Оспан батыр 1951 жылы ақпан айында Қанмбал тауының мақай деген жерінде қолға түседі. 1951жылы 28 сәуірде Қытай үкіметі  қолынын Үрімжіде атылады.

Сөйтіп, ХХ ғасырдың басындағы елеулі оқиғалардың бірі, қызыл коммунистерге қарсы күресті бастаған қолбасшы, көсем Оспан батырдан Алтай, Тарбағатай, Шығыс Түркістан қазақтары  амалсыздан айырылады.

 

 

Горедей Лиас  (ағылшын жазушысы)

Оспанды қазір атады

                             Бөрідей шулап атағы

Оспанды қазір атады.

Айдалып, әне келедіол

Ешкіммен жоқтай шатағы.

 

Оқ тиді, Оспан құлады,

Шулады елдің құлағы

Анадай жерге кетті ұшып,

Алтайы сеңсең тымағы.

 

Жолбарыс сынды ақырғы,

Басы бар батыр атылды.

Басы жоқ тобыр селк етіп,

Қарасын құмға батырды.[1]

 

Оспан батырдың Үрімжідегі сүйегін алуға 1953жылы 12 қаңтарда рұқсат етіліп, туған мекені Көктоғай ауданы Күртіге әкеп жерледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оспан батыр серіктесі Нұрғожай батырмен және оққағарлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оспан батыр маршал Чойбалсанмен бірге

 

 

.

 

 

 

 

Оспан батыр тұтқындалды.

 

Оспан батырды жазалау

 

Стамбулдағы Мимар-Синан университетінің профессоры, тарихшы Әбдіуақап Қара Америка және Еуропа ғалымдарының Оспан батыр жайындағы еңбектерін былай сабақтады:  « Оспан батыр туралы зерттеулер Қазақстаннан гөрі шетелдерде көбірек жазылды. Әсіресе, Америка мен Англия, Түркия ғалымдары бұған қатты мүдделілік танытты. Сондай-ақ, бұл көтеріліс туралы деректердің басым көпшілігі шетел архивтерінде сақталғандығы да белгілі болып отыр. Мәселен, Гомиңдаң үкіметінің өкілдері Мао Цзе Дун жеңіске жеткеннен кейін, Тайваньға қашқан екен. Сонда мұрағаттағы Шыңжаңға қатысты деректердің біразын ала кетіпті.» [5]

Оспан батырды зерттеуге Батыстың назары сонау 1947 жылы ауған екен. Әсіресе 1947 жылғы Бәйтік Боғда уақиғасынан кейін Қытайдағы американ және ағылшын дипломатиялық баяндамаларында оның аты атала бастады.

«Үш аймақшылдардан ат құйрығын кесіскен Оспан батыр 1946 жылы көкек айында Бәйтікке барып орналасты. Бұл жерде Моңғол әскерлерімен шайқасты. Бірақ бұл жағдай Моңғолия мен Советтер одағының алаңдауына негіз болды. 1947 жылы 5 маусымда Советтер одағының қолдауымен 4-5 айырплан және 500 әскер Оспанға шабуыл жасады. Қытай бұған ресми түрде наразылық білдірді. Бұл мәселе халықаралық дауға айналды.» деп көрескен өзі еңбегінде Х. Оралтай [6]

Чикаго Дейли Невстің тілшісі Доак Барнетт сол оқиғадан кейін Оспан батырды тауып кездескен. Ол 1947-1949 жылдары арасында Қытайда көріп білгендерін “Коммунистік төңкерістің қарсаңындағы Қытай” атты және 1963 жылы жарық көрген кітабында әңгімелейді. Бұдан кейін Ян Моррисон атты ағылшын журналисі барып кездескен екен. Бұл кісілердің еңбектері кітап болып басылған. [6]

1956 жылы Оспан батыр туралы алғашқы көлемді еңбек Лондонда жарық көреді. Ол «Kazakh Exodus» яғни «Қазақ босқындары» деген атпен шыққан. Көлемі 200 беттен тұратын бұл кітапта Оспан батыр бастаған ұлт азаттық көтеріліс жан-жақты баяндалады. 1960 жылы бұл кітап Түркияда түрік тілінде басылады. Онда Оспан батырдың туғанынан, батыр ретінде қалыптасқанына дейін, сондай-ақ, 1951 жылы қолға түсіп, шейіт болғанына дейінгі аралық толық қамтылған. Бұл кітап сол кездегі деректер негізінде жазылды, бірақ соған қарамастан тарихи фактілері жағынан өте құнды кітаптардың бірі. Кейіннен жаңа деректер мен айғақтардың пайда болуына байланысты оның да кемшіліктері барлығы айқындалды.

Бұдан кейінгі тағы бір маңызды еңбек — 1986 жылы шетелде жарық көрген Ендру Форбестің “Кытай Орталық Азиясындағы Сардарлар және Мұсылмандар: Республикашыл Шынжаңның Саяси Тарихы 1911 – 1949” деп аталады.

Ал, келесі деректерді америкалық тарихшы Линда Бенсонның Іле көтерілісі жайындағы еңбектерінен көреміз. Ол 1988 жылы «Шыңжаңдағы этникалық азшылық және қазақтар туралы зерттеулер» атты кітабындағы бір тарауын «Қазақтың алтын аңызы – Оспан батыр» деп атаған. Бұнда да Оспан батырдың ерлігі, қайсарлығы, жасаған жұмысы жан-жақты баяндалған.

Оспан батыр туралы зерттеулердің ең соңғысы 1999 жылы Гонконгта “Совет Одағының көлеңкесіндегі Іле уақиғасы Шыңжаңдағы этникалық қақтығыстар мен халықаралық бақталастықтар 1944 – 1949” деген атпен жарық көрді. Кітап авторы Дейвид Уаң 1979 жылына дейін Шынжаңда тұрған қытай азаматы. Іле көтерілісі туралы қазақ, ұйғыр достарынан көп әңгімелер естігеннен кейін бұл туралы ғылыми зерттеу жасауды армандайды. Бірақ бұл туралы Қытайда мүмкіндік болмағанын білгендіктен Австралияның Тасмания университетіне барып 1987 жылы докторлық диссертация қорғаған екен. Көлемі 600 беттен тұратын бұл кітапта көптеген деректер талданған. [5]

Демек, Оспан батыр бүкіл әлемді елеңдеткен қазақтың бірден-бір тұлғасы. Алайда, Қазақстанда Оспан батыр туралы зерттеулер әлі тиянақтала қойған жоқ. Ендігі зерттеулер ісі Қазақстанда жалғасса. Сол үшін Оспан тануға байланысты арнайы орталық ашылса

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы қытай зерттеулеріндегі деректерге үңілді.

— Оспан батыр туралы деректердің негізі Қытай мұрағаттарында қаттаулы тұр. Оған әзірге ешкімнің тісі бата қояр емес. сол құжаттардың бір бөлігін кезінде гомиңдаңшылар Қытайға алып кетіп қалған. Ертеректе Тайваньда «Шыңжаңжағы 70 жылдық боран» деген кітап шыққан екен. Бұл сол мқрағат деректері негізінде жарық көріпті. Сол кітаптың бір данасы Шыңжаңдағы кітапханада болушы еді. Мен ол кітапты өз көзіммен көріп, оқып шыққан жайым бар.

Қытай мен Тайваньда Шығыс Түркістан ұлт азаттық көтерілісіне екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі – Оспан батырды банды, коммунизмге және ел тұтастығына қарсы адам ретінде бағалайды. Кезінде солай айыптап, ату жазасына бұйырғаны белгілі. Ал, Тайваньда керісінше, олар оның Гоминдандарды жақтағанына орай және Моңғолияның шекарадағы арандату ісіне, Бәйтік оқиғасына байланысты оны отансүйгіш батыр ретінде көрсетеді. [7]

Филология ғылымдарының кандидаты, Ақеділ Тойшанұлы:

— Моңғолия социалистік мемлекет болып тұрған кезінде Оспан жайындағы деректемелер жабық болды. Сондықтан ел арасында ол туралы «тау бандысы», «американың тыңшысы», «жыртқыш» деген секілді аңыз-әпсаналар тарап клеген болатын. Оспан батыр тақырыбына тұңғыш қалам тартқан адам Моңғолияның Армия генералы, халық батыры Батын Дорж болатын. Бұл кісі Моңғолияның Шығыс шекарасындағы әскери саяси ойындарға Мажиг деген атпен қатысып, басшылық жасаған. Сол кезде Оспанмен кездескен адамның бірі. Ол 1981 жылы «Отан үшін соққан жүрек» деген мемуарын жария етті. Осы мемуарының бірнеше тарауында Оспан батыр және Шығыс Түркістандағы қазақтардың ұлт азаттық көтерілісіне арналды. Дегенмен, бұл еңбекте Моңғолияның ұлттық мүддесі, сол кездегі қызыл идеологияға сайып Оспан батырға сыңаржақ баға берілген еді.

Оспан батырды дұрыс бағалау, оның тұлғасын тарихи деректермен сомдау мәселесі, 1990 жылдан кейін Моңғолияда демократия құлаш жаюына байланысты орын алды. Подполковник Дамдиндорж деген кісі «Үкілі хат» деген газетке Оспан батыр туралы мақала жариялап, сол кездегі Моңғолия үкіметінің басшысы, маршал Чойбалсанмен бірге түскен суретін басты. Дамдиндорж, сондай-ақ, Батын Доржының кезінде әртүрлі себептерге байланысты Оспан батырға дұрыс баға бере алмағандығын, күндердің күні болғанда, бүгінгі саясаттың да кері айналатын кезі туатындығын, сол кезде осы суретті газетке басуын және Оспан батырдың Моңғолия үшін де пайдалы адам болғандығын былайғы жұртқа жеткізу жайында аманат еткендігін айтады.                     Бұдан кейінгі жақсы дерек – 1992 жылы «Шинэ үэ» газетінде жарияланған, Моңғолияның мемлекеттік мұрағатының қызметкері, тарихшы Өлзийбатырдың «Коминтерн. Оспан. Моңғол» деген сараптамалық көлемді зерттеуі. Бұл зерттеуде Оспан батырдың Моңғолияның шығысына төніп келген гоминдаңның әскери күштеріне тойтарыс беріп, Моңғолияның шығыс шекарасында 1943-1948 жылдарға дейін тыныштық сақтату ісінде, Моңғолияның одақтасы Совет Одағы Герман фашизмімен соғысып арпалысып жатқан тұста, Моңғолияның таулы шекара аймағына қорғаушылық қызметін атқарғандығы айтылады. Біз бұл деректі 1993 жылы «Жас Алаш» газетіне жариялаған едік. Бұдан соң аса маңызды деректі Лхамсүрэнгийн Бат-Очир деген кісінің «Чойбалсан» деген монографиясынан кездестіреміз. Бұл монографияда Чойбалсан мен Сталиннің және басқа да Совет одағы басшыларымен 1944 жылы Мәскеудегі жасырын кездесуі егжей-тегжейлі зерттеледі. Сол кездесуде Моңғолияның шығыс шекарасындағы әскери саяси ойынның астыртын жоспары жасалғандығы айтылады. Мәселен, Чойбалсан чекист Берияға кездесіп, Оспандардың ортасында жұмыс істейтін бір молла, қазақтармен жұмыс істей алатын тәжірибелі адам және араб қарпімен басатын баспахана машинасын асай-мүсейімен сұрап алады. [6]

Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен «Азаттықтың өшпес рухы» атты Қытайдағы қазақтардың ұлт азаттығы үшін 10 жыл бел шешпей күрескен Оспан батыр Сіләмұлының туғанына 110 жыл толуына орай ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

 

Конференцияда сөз алғандар Оспан батырдың даңқты тұлғасын зорайта отырып, оның батырлық-ерлік істеріне шетел ғалымдарының қалай баға бергендігіне көбірек көңіл аударды. Конференцияға Оспан батырдың туған –туыстарымен, көптеген шетелдік және Қазақстандық ғалымдар мен жазушылар қатысты.

 

 

Қорытынды

 

Оспан батыр көтерілісі гоминдандық отарлау мен онан кейінгі қызыл коммунистерге қарсы ХХ ғасырдағы айтулы оқиғалардың ең ірісі еді. Көтерілісшілер қазақ елінің бөлінбес бір бұтағы Алтай, Қобда беті қазақтарының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында жандарын пида етті, халықты оңай олжалауға болмайтынын, халықта қуатты күш,  қайтпас жүрек бар екенін таныта білді.

Оспан батырдың қазақ тарихында алатын орны ерекше. Батыр қазір ел аузында аңызға айналды. Қара халықтан осындай жау жүрек, жалынды күрескерлер туатындығының айқын куәсі іспеттес. Ұлт азаттығы жолында жанын пида, басын бәйгеге тіккен батыр Оспан Ісләмұлы мың өліп, мың тірілген қазақ жұртының тарихи батыры санатында болашақ ұрпаққа таныстырылып, ерлігі мен ел үшін еткен еңбегін насихаттау- уақыт талабынан туындаған мәселе. Бұл арқылы болашақ ұрпаққа, ел ертеңіне өнеге, тәлім –тәрбие бере аламыз.

Ең әуелі, Оспан – ұлтшыл. Ол ұлтын адалдықпен сүйе білген. Мейлі аш-арық жүрген ауыр күндерінде болсын, мейлі жеңістен жеңіске жетіп дәурендеп тұрған шағында болсын ол жолдастарын, ұлтын, жерін сатпаған. Қайта жауларымен қара тұяғынан хал кеткенше, ақтық демі қалғанша айқаса білді. Ел мен жерге деген шексіз махаббатын өмірімен, өлімімен дәлелдеді.
Екіншіден, Оспан – діншіл. Исламды дәріптейді. Мұны оның «кім менің тіліме, дініме тиіссе, сол – менің жауым» дегенінен көруге болады.
Үшіншіден, Оспан – түрікшіл. Ол кеңес одағы тіктеген Шығыс Түркістан үкіметіне жау көзбен қарағанымен, сол үкіметтің құлауға айналған тұсында Әлихан төремен астыртын тіл табысып, ол үкіметті құлатпауға, қайта кеңестер ықпалынан босатып, исламдық жүйедегі Түркі мемлекетін құруды армандаған. Мұны тез сезген қызылдар әуелде өздері қолдап-қуаттап, Шығыс Түркістан Республикасын құруға бар күшін салған идея­сынан тез айнып, оны құлатуға ұрынды. Сөйтіп, кезінде өзі көмек көрсетіп, қару-жарақ сыйлаған Оспан олардың жауына айналды.

Сондықтан ұлтының тәуелсіздігі жолында ұзақ жылдар саналы күрес жүргізіп, алған бағытынан аумай, алдап арбауға тізе бүкпей, ерекше ерлік көрсеткен қазақтың қаһарман ұлы-Оспан Ісләмұлының тарихта орны биіктей түсері анық. Оспандай тұлғаны- ел болып еске алса, қандай ғанибет!

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Оспан батыр: деректі зерттеу Алматы: Арда, 2007
  2. Ахметов О. «Оспан батыр»          Бұқпа, №10        2008
  3. Рахметұлы Ш. «Оспан»                 Өлгей:                1999
  4. СәмитұлыЖ. «Қытайдағы қазақтар»   Алматы;    2000
  5. Кәпқызы Е. « Оспан батыр шетелде» Егемен Қазақстан,   2009
  6. Оралтай Х. «Елім-айлап» өткен өмір. Алматы: 2005
  7. Қайратұлы Б. «Оспан батыр» Парасат. №4 1993
  8. Тойшанұлы А. «Оспан батыр Исмаұлы» Жас Алаш №80 2001
  9. Нүсіпұлы Е. «Далайлық дара қыран» Жас Алаш    №131  1999
  10. Қайратұлы Б. «Даланың соңғы нояны» Егемен Қазақстан 2008