Шөже Көпбай болысқа айтқаны
Көпбай болысқа айтқаны
Шөже ақын Көпбай дегенге сәлем беріп болған соң: «Көпе, жолың болып келе жатқан тәрізді» десе керек. Көпбай: «Болыс сайлауынан келемін, мен бүгін болыс сайландым», — депті. Сонда Шөже:
«Көпбайым, болыс болдым десеңші,
Пара жеуге қоныс болдым десеңші,
Байдың басын сыласаң, кедейдің жанын қинасаң,
Жаһанның түбі қоныс болды десеңші», — деген екен.