Ақтоғай азаматы, халық ағарту ісінің үздігі, ақын Қасымхан Қаленовтің Шөже туралы естіген әңгімесінен:
Ақтоғай азаматы, халық ағарту ісінің үздігі, ақын Қасымхан Қаленовтің Шөже туралы естіген әңгімесінен:
… Әйткенімен өзім куә болған мына бір жайды айта кетейін. 1954 жылы Ақтоғай ауданының Шұбартау ауылында тұратын Рақымов Ақпанбай деген тобықты ішінде Ақсары Бөртебай тұқымынан шыққан ақсақал қайтыс болды. Сол кісінің өсиеті бойынша Тоқырауын өзені бойындағы Әлібек тоғаны деген жердегі әкесі Рақымның кесенесіне әкеп жерледік. Бұл Рақым ақсақал аса ауқатты адам болған. Ол кісінің басына тұрғызылған кесененің өзіне де 100 жылдай уақыт өткен, бірақ әлі бұзылмаған.
Рақымнан Ақпанбай, Қызылбай, Ақбай деген балалары болған, тек жанында бәйбішесі (руы қырғыз), Ақпанбай баласы және ағайындары Кәрібектің әкесі Шөкей, Сабырбай – Төлеубек әкелері Әрін жатыр. Соның жанында сол кісінің немере туысы Жүніс ақсақалдың да әкесінің кесенесі бар екен. Жүніс ақсақал Ақпанбайдан жеті жас үлкен екен. Сол кезден 40-45 жылдай бұрын Жүніс кесене ішінен қабырын қазып дайындап қойыпты. Батыр тұлғалы еңгезердей денелі, ақ көңіл бала мінезді Жүніс ақсақал өзіне дайындап қойған қабірдің ішіне жатып: «Балалар, мына орнымның ұзындығы, ені тар болмай ма, мені жерлегенде азырақ кеңейтіп жібересіңдер ғой» деп өтініш еткен еді. Інісінен жеті күн кейін ол ақсақал да қайтыс болып, өзінің қалаған орнына жатты. Сол Жүніс ақсақал інісі Ақпанбайды жерлеген күні:
- Мына Ақпанбайдың әкесі Рақымның жанында атақты соқыр Шөже жерленген. Бірде Қоянды жәрмеңкесіде барғанда Қарқаралыдан соқыр Шөже кездесіпті. Ауылға ақындармен айтыстырамен деп Рақым Шөжені ерте келсе керек. Шөже келгеннен ауырып, іші тиылмай жеті күн жатады. Ақыры сол іш аурудан сол үйде дүние салады. Рақым әкесі жерленген кесенеге Шөжені де жерлеген. Қазір 76 жасқа келіп отырған Ұлы Отан соғысы ардагері, көп жыл есеп қызметінде еңбек еткен Шәжен Ақпанбайұлы да әкесі Ақпанбай ақсақалдың айтқанын алдымызға көлденең тартады. Біздің естіген, білгенімізді ол кісі де растайды.