Шөженің жырлары мен нақылдары

Шөженің жырлары мен нақылдары

 

Шөженің жоғарыда аталған толғаулары – негізінен, арнау өлеңдер. Онда ақын көбіне адамгершілік идеяны көтереді. Мейірімді, әділ болуды ұсынады.

Бұл ақын толғауларының аз бөлігі. Ал, оның басым бөлігі әлеуметтік мәселеге арналып, онда ақын көбіне келелі ойлар қозғап, келісті пікір айтады.

Ақын пейілді, мейірімді, адамгершілігі мол, кемтарға қарағыш, қысылған жерде қол берер, ағайыншылығы зор ерді арман етеді. Жағымсыз, қара ниетті адамдарға қарсы шығады.

«Пейілі кеткен адамда

Еш береке болмайды.

Дәулеті қашқан байларға

Ырыс келіп қонбайды.

Ата-енесін зарлатса,

Зарлатқан жігіт оңбайды.

Ақын өлеңдерінде өткен өмірді аңсауға да, өткен іске өкінуге де болмайтынын айтады. Кейбір өлеңдерінде елді алға, болашаққа мегзейді. Бұған қарағанда, ақынның оптимистік идеялары да айқын. Ол өз басының кемтарлық тағдырына көп көңіл бөлмей, өміршең туғызған.