Фиторемедиация процестері арқылы мұнаймен ластанған топырақтарды тазалау
КІРІСПЕ
Мұнай өндiретiн және мұнай өңдейтiн өндiрiс орындары қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзедi. Сондағы ластаушы агенттiң бiрi – мұнай болып табылады. Мұнай өндiрудiң ұлғаюы топырақты мұнаймен ластау қатерiн өсiре беруде. Мұнай және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарынан табиғи экожүйелердiң ластануы, әсiресе топырақтардың ластануы күрделi экологиялық қауiп-қатер туғызады. Бұл қауiп қатер тек мұнай алынатын аймақтарда ғана емес, сонымен қатар алшақ аймақтарды да қамтиды. Топырақтың жоғарғы адсорбциялану қабiлеттiлiгiне қарай, мұнай ұзақ уақыт бойы осы топырақтарда сақталынады. Мұнай өнiмдерiнiң байқаусыз төгiлуi немесе әртүрлi апаттардың салдарынан, топырақтың физика-химиялық қасиеттерi өзгерiп, су-ауа режимi бұзылып, топырақтың микробиологиялық белсендiлiгi байқалады. Сонымен қатар, биоценоз құрылымы өзгередi [1, 2].
Негiзiнен мұнайды тасымалдау барысында төкпей жеткiзу мүмкiн емес, сол себептi мұнай және мұнай өнiмдерi экожүйелерге өзiнiң техногендi әсерлесу дәрежесiне баға берiп, және топырақ профилiнде мұнай көмiрсутегiлердiң миграциялану процесiн бiлу қажет. Бұл байланыстарда негiзiнен қарастырылатын жай, ол мұнаймен ластанған топырақтардың экологиялық кезектесуiн бiлу. Мұнайларға өсімдіктер бiрлестiктердiң топырақтағы реакциясының әсерi және органикалық ластаушы заттардың трансформациялану процесiндегi рөлi [3, 4, 5, 6]. Сонымен қоса, мұнаймен ластанған топырақтардың конденциялану (өзiн тазарту) қабiлетi, фиторемедиациялық және биохимиялық процестердiң динамикалық көрсеткiштерi жеткiлiксiз.
Жыл сайын мұнаймен ластанған жердiң көлемi кеңейiп, ауыл шаруашылығымен орман өсiру мақсатында, сол ластанған жерлер жарамсыз болып қалуда. Жердiң экожүйесiнiң құрамына кiретiн мәдени дақылдар ластау әсерiн өз бойларынан өткiзiп, басқа жағынан оның индикаторы болып қызмет етуi мүмкiн. Мұнай өзiнiң жоғарғы адсорбциясының арқасында топырақта ұзақ уақыт тұрып, оның физика-химиялық қасиетiн өзгерте отырып, топырақтың тепе-теңдiк деңгейiнен ығысуына әкелуiн, биоценоз құрылысының өзгеруiнен көруге болады да, топырақ түзiлу процесiнiң қарқындылығы мен бағыты экологиялық проблема сипатын туғызады. Топырақтың жоғарғы құнарлығын қамтамасыз ететiн негiзгi фактор – өсімдіктер болып табылады. Сондықтан топырақтағы өсімдіктер жиынтығының мұнаймен ластануының әсерiн зерттеу және топырақ құнарлығының қайта қалпына келуi өте маңызды.
Осыдан келе, бiздiң зерттеуiмiздiң мақсаты-ортаға үздiксiз түсетiн мұнай қалдықтарының, кейбiр физиологиялық топтар санына әсерiн бiлу. Шикi мұнай және мұнай өнiмдерiн топыраққа енгiзгеннен кейiн әртүрлi уақыттағы дақылдардың өсу динамикасын зерттеу болды.
Қоршаған ортадан мұнай және басқа да көмiрсутегiлерiнiң полютанттарын жою ең негiзгi механизмнiң бiрi болып табылады. Мұнаймен ластанған топырақтарды тазарту көбiнесе фиторемедиация әдiстерiмен iске асады. Ол үшiн ластанған ортаға белсендi мұнайға тұрақты дақылдарды бөлiп алып, оларды мұнаймен ластанған топырақтарға егіп, ең негiзгi актуалды экологиялық проблеманы тудырмау қажет.
Бұл проблемаларды шешу үшiн өсімдік бірлестіктердің пайдасы үлкен, олар мұнайтотықтырушы дақылдардың потенциалды қабiлеттiлiгiн көрсетiп, сонымен қоса, технологияда жаңа фитопрепараттардың шығуына негiз болады және ластанған топырақтардың фиторемедиациясына қолданылады.