Мұнаймен ластанған топырақтарға мұнайға төзімді өсімдіктердің әсерін зерттеу нәтижелері
Мұнаймен ластанған топырақтарға мұнайға төзімді өсімдіктердің әсерін зерттеу нәтижелері
Бұл жұмыста Өзен кен орнының амбар мұнайы мен қолдан ластау барысында механикалық жолмен тазартылған топырақ үлгілерін пайдаландық. Процес кезінде астық тұқымдасы мен бұршақ тұқымдасына жататын бидай мен жоңышқа өсімдіктері таңдап алынып, олардың мұнаймен ластанған топырақ қабатына әсері және өсу динамикасы зерттелінді. Батыс Қазақстанның мұнай өндіретін аумақтарынан, мұнай құбырларының жарылуынан жайылып кеткен мұнайдың құрамы сіңген топырақтың түрлері таңдап алынды, осы үлгілердің органикалық бөлігінің құрамы 23 мас % құраған (Кесте 2).
Кесте 2 — Мұнаймен ластанған топырақтың компоненттік және
элементтік құрамы
Компоненттер мен элементтер | Мөлшері, мас. % |
органикалық бөлім | 23.0 |
минеральды бөлім | 77.0 |
көміртегі | 20.29 |
Сутегі | 2.97 |
азот | 0.10 |
күкірт | 1.99 |
Зерттеуге алынған топырақ қабатының элементті құрамы да, көміртегінің, сутегінің, азот пен күкірттің құрамы мұнаймен ластанған топырақ қабатындағы органикалық фазаның құрамымен байланысты екенін көрсетеді, яғни органикалық құрамы неғұрлым көп болса, аталған элементтер де соғұрлым көп болғаны.
Алынған нәтижелер, зерттеуге алынған өсімдіктердің өсу субстраты ретінде белсенді түрде қолданатынын білдіріп, оларды қоршаған ортаны мұнай мен мұнай өнімдерінің көмірсутегілерінен тазарту үшін қолдануға болатындығын көрсетеді.
Астық және бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің керосинде және Өзен қамба мұнайында өсу динамикасын зерттеуден соң, осы мәліметтер нәтижесінде аталған өсімдіктер арасынан жоғары белсенділік танытқан бидай және жоңышқа дақылдары болып табылады. Сонымен қатар, өсімдіктердің мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарға тікелей әсері зерттелінді. Мұнай өндіруші аймақтардан мұнай тасымалдау құбырларының ақаулары нәтижесінде төгілген мұнайы бар топырақ пен 100 °С стерильденген табиғи топырақтарды алып қарастырып, оған мұнай өнімінің белгілі бір мөлшерде қайта ластануын жүргіздік. Дақылдардың өсу динамикасына байланысты, алғашқы бақылауда анықталған топырақтардағы мұнай өнімінің 6 мл массалық үлесі бойынша берілген уақыт мерзімінде анықталынды. Екінші бақылауда массасы 30 г осы топырақ үлгісіне 6 мл шамасында керосин өнімін енгізіп, дайын болған орта субстратына әрқайсына 10 данадан дақыл егілді. Егілген өсімдіктер әсерінен топырақтағы керосин және мұнай мөлшерінің өзгерісі әртүрлі уақыт аралығынан соң, яғни 1, 3, 7, 14 және 21 тәуліктен кейін өсу динамикасын сандық белгілеу арқылы анықталды.
Берілген 3-суретте жоңышқа өсімдігіннің 6 мл көлемде қосылған мұнай өнімінің ластанған топыраққа әсері көрсетілген. Керосині бар топыраққа жоңышқа дәндердің суспензиясы егілген ластанған топырақтағы мұнай өнімі мөлшерінің бастапқымен салыстырғанда 7 тәулікке дейінгі өлшемі 1-1,5 см деңгейіне жетіп, одан кейін айтарлықтай шамаға тез арада өсетіндігіне көз жеткізуге болады.
Сурет 3. 6 мл керосині бар ластанған топыраққа жоңышқа дақылының өсу динамикасының уақытқа тәуелділігі
4-суретте 6 мл керосині бар топырақ үлгісіне астық тұқымдасының дақылдары себілген. Мұнда да вегетативтік кезеңінің даму уақыт аралығы 7 тәуліктен кейін байқалады. Өсімдік ортаның әсерінен мұнай өнімдерінің мөлшері уақыт бойынша біркелкі кеміп, 21 тәулік аралығына дейінгі бидайдың өсімділігі 5 см-ге дейін жетеді. Демек, өсімдік дақылдарының көп мөлшерде егілуі оның көмірсутек құрамын көбірек пайдаланатынын байқатады.
Сурет 4. 6 мл керосині бар ластанған топыраққа бидай дақылының өсу динамикасының уақытқа тәуелділігі
Мұнайы бар ластанған топырақ құрамындағы қамба мұнайының массалық үлесі 6 мл субстратқа егілген жоңышқа өсімдігінің әсері келесі 5-суретте берілген. Мұндағы ерекшелік – бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа өсімдігінің белгілі көлемде егілуі, топырақтың мұнайдан тазалану дәрежесі керосинмен тазалану дәрежесімен салыстырғанда баяу өтеді. Мысалы, үлгі барысында отырғызылған жоңышқа өсімдігі бидай дақылына қарағанда бастапқы өсу динамикасы жоғарырақ болады. Мұнаймен ластанған топырақтағы жоңышқаның өсімділік динамикасы бастапқымен салыстырғанда 87 %-ға дейін өскен. Өсімдіктер ортасының әсерінен топырақтағы мұнай мөлшері біршама өзгеріп, 21 тәулікте жоңышқаның биіктігі 4 см-ге дейін бой көтерген.
Сурет 5. 6 мл мұнайы бар ластанған топыраққа жоңышқа дақылының өсу динамикасының уақытқа тәуелділігі
6-суретте мұнайы бар топырақтағы мұнай өнімінің бидай дақылымен тазалау дәрежесінің әртүрлі уақыттан кейінгі өзгерісі көрсетілген. Бұл жерде бидайдың 15 тәулікке дейінгі ұзындығы 1 см құрап, ал 21 тәулік аралығында 2,5 см-ге жетеді. Өсімдіктердің барлық ластанған топырақтардағы мұнай өнімдерінде өсу қарқындылығы біртекті байқалып, бірақ жоңышқа дақылының бидай дақылына қарағанда өсу динамикасы 2 есеге ұлғайғандығын байқауға болады.
Сурет 6. 6 мл мұнайы бар ластанған топыраққа бидай дақылының өсу динамикасының уақытқа тәуелділігі
Қорыта келе, алынған нәтижелер бойынша зерттелінген бидай және жоңышқа өсімдік дақылдарының керосин мен мұнай өнімдерімен ластанған топырақтардағы өсу динамикасын бақылап, ондағы көмірсутектер мөлшерінің өсімдіктермен пайдалану деңгейі қарастырылды. Топырақтың бірінші үлгісінде, яғни мұнай өнімімен ластанған топырақтағы жоңышқа мен бидайдың өсу динамикасы, екіншідегі керосинмен ластанған топырақ үлгідегі бидай мен жоңышқаға қарағанда өсімділігі төмен нәтиже береді. 21 тәулікте мұнай өнімдерінде егілген бұршақ тұқымдастығының астық тұқымдастығына қарағанда өсу деңгейі 50 %-ды құрайды. Бұл аталған өсімдіктердің қоршаған ортаға төгілген мұнай және мұнай өнімдерінің көмірсутектерінен тазалау үшін пайдалану перспективасы жоғары екендігін дәлелдейді.