Етістіктің райлары туралы түсінік

Қойшығалиева Гульфина Құсайынқызы

Жаңашаруа қазақ орта мектебі

Тақырыбы: Етістіктің райлары туралы түсінік  (7-сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – етістіктің райлары және оның жасалуы мен ерекшеліктері жайлы білім беру.

Дамытушылық – оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін жетілдіру, алған білімді қолдана және талдай білуге үйрету, аз сөзбен түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.

Тәрбиелік – сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке, ынтымақтастыққа қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі шешендік өнерді бағалауға баулу, сонымен бірге, туған жерін елін құрметтеуге, имандылыққа, қайрымды бола білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі:  тірек-сызба, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру сәті:

а) Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
б) Үй жұмысы:  Етістіктің шақ түрлерін қатыстырып, «Мектептес достар» немесе «Кім болам?» тақырыбында шағын шығарма жазып келу

Аукцион әдісі бойынша сұрақтарға жауап береміз.

  • Етістікке сипаттама беріңіз.
  • Қалып етістіктерін атаңыз
  • Есімшенің жұрнақтарын атаңыз.
  • Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
  • Етістіктің шақтарын атаңыз.
  • Етіс түрлері.
  • Осы шаққа мысал келтіріңіз.
  • Келер шаққа мысал келтіріңіз.
  • Өткен шаққа мысал келтіріңіз.
  • Құттықтаймын! Ұтысқа ие болдыңыз!
  • Жедел өткен шаққа мысал келтіріңіз.
  • Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақты қалай ажыратамыз?
  • Тұйық етістікке мысал келтіріңіз.
  • Мақалдың жалғасын табыңыз. Жақсыдан жаман туар азбақ үшін,  …

15)Синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

Бетінің оты шықты,  көзі алақандай болды, қас пен көздің арасында, иманы қалмады, құлқын сәріде, жүрегі тас төбесіне шықты.

(Жауап берген әр оқушыға Ұшақ пен пойыздың суреті берілді. Ұшақ алғандар «Болашақ» тобы, пойыз алғандар «Энергия» тобы деп аталды.)
Жаңа сабақ .

Ақпанның жиырма екісі

Етістіктің райлары туралы түсінік

Мұғалім: Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады. Етістік қимылды, іс-әрекетті білдірумен қатар, сол қимылдың , іс-әрекеттің қалай және қашан іске асуын, ақиқат шындыққа қатысын да білдіреді. Міне, осы соңғы мәні етістіктің рай түрі болып табылады. Етістіктің райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай.

Мұғалім схема арқылы толық түсінік береді.

  Семантикалық картамен жұмыс

Мысалдар

 

 

 

 

Рай

Ата- ананың қадірін білмесең, басқа біреудің жақсылығына баға бере алмайсыңАдамдар қоршаған ортаны бүлдірмегейБерекені көктен тілеме, еңбектен тілеӨз ұлтымның жанашыры боламын
Ашық    
Бұйрық    
Шартты    
Қалау    

 

Оқулықпен жұмыс.

144-жаттығу. Тапсырманы көшіріп жазып, етістіктердің

жасалуына, қай шақта тұрғанына көңіл бөліңдер.

145-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңдар.

Суреттер сөйлейді.

Қазақтың ұлттық аспаптарының суреті берілген.  Етістіктің райларын қатыстыра отырып, сөйлем құрау

Берілген етістіктерді жіктеңдер.

«Болашақ» тобы

  1. Барсаңдар.
  2. Айтармыз.
  3. Жазғызсам.

«Энергия» тобы

  1. Жазсаңыз.
  2. Барыңдар.
  3. Болғайсың.

177-жаттығу. Төмендегі кесте бойынша

Іс-әрекеттің өз қалауыңды, пікіріңді білдіруіІс-әрекетті жасауды міндеттеп бұйыруЖүзеге асырылған қимыл әрекетті бүкпесіз хабарлау

3 сөйлемнен жазып шығыңыздар.

 

Үйге тапсырма:

  1. Ережені жаттау.
  2. 177-жаттығу. Өлең жолдарындағы етістіктерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыздар.
  3. Рай түрлерін қатыстырып «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам…» деген тақырыпқа шығарма жазу

Кері байланыс: Экспо және рай категориясы

Бағалау. Өзін-өзі бағалау.