Өлі-тірі
Өлі-тірі – құдалардың қыз жағына ертерек әкеліп берген бір бас еркек малы. Аруақтардың ризашылығын алуға арналғандықтан, өлі-тіріге келген мал еті сойылып қыздың туыстарына таратылады. Қыз ұзатылып, әлі келін болып түспегендіктен, күпіршіліктен қорқып, ол еттен жеуіне тыйым салынады.