Бас жақсы
Бас жақсы – ең құнды, ең жақсы деген ұғымды білдіреді. Оған ең керекті деп саналатын – түзу мылтық, сауыт, бөрік, қуса жететін, қашса құтылатын бір сәйгүлік, ұлық мал саналатын бір түйе кіреді. Осы аталғандардың әрқайсысының құны бес ірі қараға тең. Аталған құнды заттары жоқ адам жиырма басірі қара төлеген. Бертін келе бас жақсының мәні өзгеріп, тұрмысқа қажет басқадай зат, дүниелер (кілем т.б.) берілетін болған.