Қалың мал
Қалың мал – қалыңдықтың жасауына, сәукелесіне, той малына, кәделі алыс-берістеріне жұмсалатын қаражат көлеміне сай төленетін төлем. Қалыңдықтың анасына көрсетілген сый-сияпат, құрмет. Қалыңмал көлеміне сай қыз әкесі де жасауын жабдықтайды. Қалыңмал төлеу дәстүрі көнеден келе жатқан әдеттің бірі және оның көптеген сілемдері қазақтың эпостық шығармаларында, мәселен, «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек» дастандарында, ертегілерде сақталған. Бай жасаулардың көлемі кейде қалыңмалдан да асып кететін жәйттер ұшырасып жатады. Қалыңмал төмендегі бөлшектерден құралады: