Көктем. Көктем келді.
Тақырыбы: М.Әлімбаева, А.Асылбеков Көктем. Көктем келді.
Мақсаты:
- Білімділігі: Көктем табиғаты туралы, көктемгі табиғат пен адамзат, жан-жануарлар дүниесіндегі өзгерістер мен құбылыстар туралы тереңірек тоқталу.
- Тәрбиелігі: Табиғат маусымын, көктем туралы көбірек білуге, оны сүюге тәрбиелеу.
- Дағды: Мәнерлеп оқу, түсіну, өлеңді мазмұндап жазу, әңгіме құрастыру, танымдық, ой жалғау сұраққа жауап беру.
Көрнекілігі: М.Әлімбаев суреті, жеке, сюжетті суреттер, сөзжұмбақ.
І. Ұйымдастыру
1.Психологиялық дайындық. «Көктем қандай тамаша!» деп, бір-біріне гүл ұсыну.
- Өтілген бойынша. І, ІІ, ІІІ, ІV ша сұраққа-жауап алу
І. Туған елім – Қазақстан
- Кімнің өлеңі?
«Отан, Отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем»
- Шөмеле деген не?
ІІ. Асыл сөз. «Жігіттің жақсысы» Әйтеке би айтқаны.
ІІІ. Адам болам десеңіз. Қалай басталады?
Мәтін деген не?
Түрлері, құрылымын ата.
ІҮ. Еңбек түбі – береке. Кімнің өлеңі? «Жұмыстың жылуы». Қ.Мырзаәлі
Ү. Өнегелі өмір. 1. Қазақ батырларын ата: (Абылайхан, Бөгенбай, Наурызбай)
- Өмірі өнегелі адамдарды ата: (Абай, Мұхтар)
ҮІ. Табиғат – тіршілік бесігі.
Ж. Жабаев. Алатау. Қазақстан таулары туралы мәнерлеп айтқызу, әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Ш.Ахметов. Бұл қай кезде болады?
Қар, мұз еріп Қой маңырап,
Су көбейіп, Төл жамырап,
Сай-салада ағады Жайлау малға толады
Бүршік шашып, Бөбектерім, айтыңдаршы
Жапырақ ашып Бөбектерім, айтыңдаршы
Жер гүл шашақ тағады
- Көктем айларын ата: Наурыз, сәуір, мамыр.
- Түсіндіру: Наурыз-көктемнің алғашқы айы.
- Күн жады. М.Әлімбаев, Ә.Асылбеков. Көктем келді
- Сөздік жұмысы: суат _ _ _ _ _ _, ебелек _ _ _ _ _ _
- Мәнерлеп оқып беру.
- Іштей оқыту, танысу.
- Тізбектей мәнерлеп оқыту.
- Ән орындату: (хормен). «Келді көктем далаға»
- «Көктем келді» Өлеңді мазмұндап жазу.
- Жұмбақ шешу.
Ой жалғау стратегиясы
- Қанатсыз құс маңып барады
Көзінен жас тамып барады. (Жаңбыр)
2.Өз атын өзі шақыратын құс. (Көкек)
- Сәуір болмай, … …
- Жыл құстары дегеніміз не?
- Өлеңді мазмұндай айту. Ауызша.
Ә.Асылбеков. «Көктем» өлеңі.
- Сөзжұмбақ «Көктем»
- Адамның дене мүшелері
- Су аты
- Су аты
- Жасы үлкен ер адам
- Ең жақсы баға
- Ең мықты ағаш
к | ||||
ө | ||||
к | ||||
т | ||||
е | ||||
м |
- Танымдық сұрақтарға жауап алу.
Сен білесің бе?
- Ұша алмайтын құстар? (Пингвин, түйеқұс) терең көл? (544 өзен, көл құяды Байкал көлі).
- Ең үлкен құс? (салмағы 100 кг Африка түйеқұсы, жұмыртқасының салмағы -2 кг)
- Дүниедегі ең кішкентай құс? (салмағы -2г – Калибри).
ІҮ. Қорытындылау, бекіту.
- Оқулық бойынша сұраққа жауап алу.
- Есте сақтап айту. Ә.Асылбеков.
«Көктем келді».
Мамыр келді
Тал, теректер түрленіп
Жапырағын жайды енді.
- Есіңде ұста: І. 6 ереже: Гүлді үзбе!
2.Құстың ұчсын бұзба.
3.Орманда от жақпа.
4.Құмырсқаның илеуін бұзба.
5.Көкті жұлма.
6.Суды ластама.
ІІ. 1 Абай. 19-шы сөз
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап алу, өтілгендерді қайталап жүру