баяндама. Тақырыбы «Табиғат пен тағам арасындағы байланыс»
— баяндама. Тақырыбы «Табиғат пен тағам арасындағы байланыс»
Мақсаты: Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз көженің қасиеттерін көрсету.
Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен.
Олар :
1.КӨК.-көктемде тасыған су жер- дүниені көк толқын етеді.
2.ҚЫЗЫЛ.-қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын қызылға балайды.
3.ЖАСЫЛ.- жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4.АҚ-барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5.САРЫ-май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6.ҚОҢЫР-бидайдың,тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7.ҚАРА-тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.
Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді.