Жалғау

Тақырыбы:                Жалғау

Мақсаты:

Білімділігі:        Қосымшаның  бір  түрі  жалғауды  жаттығу  арқылы  білгізу.

Тәрбиелілі:       Адамгершілікке  тәрбиелеу.

Дағды:             Сауатты, көркем  жазу,  түсініп  орындау.

Көрнекілігі:     Тірек – сызбалар,  сауалнама, жеке  суреттер, ребус, альбом.

Пән  аралық  байланыс:   Ана тілі, дене, еңбек, бейнелеу, математика, дүниетану.

Түрі:  аралас  сабақ

Жүрісі:              

І.  Ұйымдастыру

ІІ.  Өтілгенді  пысықтау.

Қайталау  үшін:    1. Түбір  және  қосымша  туралы  ереже  айтқызу, сурет  арқылы  сөйлем  құру, жалғауларды  атату.

2.Сауалнама      1-6

1/ а,  2/ә,  3/б,  4 /б,  5/ә, 6/а.

Туынды  сөзді  тап

а/  өнерлі             ә/ өнер                 б/ ән

Түбір  сөзді  тап

а/ ботақан           ә/ бота                 б/ қобызшы

Жұрнағы  бар  сөзді  тап

а/ домбыра                   ә/ арба                 б/ ойыншық

Буынға  дұрыс  бөлінген  сөзді  тап

а/ та-бал-дыр-ық ә/ таб-ал-ды-рық б/ та-бал-ды-рық

Бір  буынды  сөзді  тап.

а/ дала                 ә/ құрт                 б/ көже

2 буын, 4 әріп, 5 дыбыстан  тұратын   сөзді  тап.

а/ қияр                 ә/ тақия                б/ сақина

ІІІ.  Жаңа  сабақ

Кіріспе  сөз:  Спорт-денсаулық  кепілі.  Қазақстандық  чемпиондарды  атату – тен, нан, дан, ден, нен  жалғаулар  екенін  айту.

Тақтамен  жұмыс:     1-жаттығу:  тан, ның, ге, бен.

Ауызша  және  өз бетімен  орындату.    2-жаттығу

Сергіту  сәті:      Ребус

  1. Жеке жұмыс 3-жаттығу  бойынша  мәтін  құрастыру,  жалғау  жалғап  сөзді  жазу: Анасының, Сәуленің, күні, дастарханға, гүлдер, анасы.

Ауызша.   5-жаттығу,  тақтаға  түбір  сөз  жазғызу:  көп, ешкі, көк.

ІҮ. Үйге  тапсырма.

4-жаттығу,  ережелерді  қайталау.

Ү. Сабақты  бекіту.

  1. Ребус шешу.
  2. Шығармашылық жұмыс.

1).  Еңбек…  нан… – тәтті

Жалқау…  жан… – тәтті.

2)  Ата…  сөз…  – ақыл…  көз… .

3) Ас  ата… – нан.

  1. Терме диктант. Туынды  сөздерді  теріп  жазу.

Анам  маған  қамқоршы.  Роза Рымбаева – әнші.  Құмырсқалар – еңбекқор.  Бұл – тойхана. Әкем – аңшы. Күй  атасы – Құрманғазы.

Логогриф:

Жолда  тасалар  …

Бар ма  іздеп  …

Әзірше  күн   …

Барар  жер  әлі  … .

Шарада.

Бірінші  буыны – құс, екінші  буыны  түс.

Шешуі:    қазақ

Қазақ  тілінің  сөздік  қоры  өте  бай. Тіліміздегі  сөздердің  түбірі  мен  қосымшасын  меңгере  білейік.

«Шашу»  ойыны.

ІҮ. Бағалау, мадақтау.