Абай (И.Крыловтан) Шегірке мен Құмырсқа
Тақырыбы: Абай (И.Крыловтан) Шегірке мен Құмырсқа.
Мақсаттары:
- Білімділігі: Оқушыларды мысал-өлеңнің мазмұнымен таныстыру. Мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өз ойлары бойынша қорытынды жасай білуге, әрекеттерді салыстыра білуге үйрету.
- Тәрбиелілігі: Ертеңгі күннің қамын ойламайтындай сауықшылдықтан аулақ болуға, керісінше еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
- Дамытушылығы: Оқу мен жазу арқылы ой-қабілеттерін пайдалана отырып, мысалдағы «ыршып», «гөлайттап», «бүкшиді» «селкілдеп», «бас ұра» сөздерінің мағынасын түсіндіре отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Танымдық әрекеттерін дамыта түсу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, ой қозғау, топпен жұмыс, кубизм әдісі, сөзжұмбақ, ассоциация стратегиясы, танымдық тапсырма, өз бетімен жұмыс.
Көрнекілігі: Абай, И.Крылов портреттерді, үнтаспа, жеке, сюжетті суреттер, сызбалар, маскалар: Шегіртке және құмырсқа.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
- И.Бази (татар жазушысы) Жеміс бағында. Кубизм стратегиясы бойынша сұрақ-жауап алу.
- Үш түрлі еңбекті салыстырып айт.
- Алма туралы сипатта.
- Алма жинау кезінде суреттеп айт.
- Алма өсірудің жұмыстарын байланыстырып айт.
- Күнделікті тағамда алманы жиі пайдаланасың ба?
- Алмада адам организіміне қажет не бар?
- Күз маусымының ерекшелігі, табиғаты, «Күз-береке» деген ұғымдарды өттік.
Енді бүгін күздегі ауа райына тоқталайық.
Топтастыру стратегиясы.
Күз: 1. Қыркүйек, қазан, қараша.
2.Күн қысқарды, түн ұзарды.
- Күн жиі бұлттанып, жаңбыр жауады.
- Жәндіктер де көрінбейді.
- Ағаштар сидиып қалды.
- Қатты ызғырық жел болды.
ІІІ. Жаңа сабақ. И.Крылов пен Абай портреті ілінеді.
-Балалар біз бүгін қазақ халқының ұлы ақыны Абай туралы тереңірек танысамыз. И.Крылов балаларға арнап көптеген еңбектер мен мысалдар жазған. Онда балаларды еңбекке, ауызбірлікке тәрбиелейді.
Абай Құнанбаев: 1. Халқының қамын ойлаушы, дана, ғұлама. (Ж.Жабаев).
- а/ Сөзжұмбақ шешу.
- Үйді жарық қылатын нәрсе.
- Жер сөзіне балама сөз.
- Өсімдік атауы.
- Жәндіктің үйі.
- Шындық сөзінің баламасы.
- Тәуліктің бір мезгілі.
- Аспан денесі.
- Тамақтың атауы.
ә/ Жұмбақ.
Белі қылдай иілген
Өзінен зорды көтерген. Шешуі: (құмырсқа)
2.Кемеңгер ақын.
- Сазгер, композитор 30 ән, 3 күйі бар.
- Шебер аудармашы.
- Дәптермен жұмыс: Күннің жады.
Сөздік жұмысы.
- Үнтаспадан тыңдату . «Шегіртке мен құмырсқа».
- Оқулық бойынша іштен оқыту, танысу.
- Оқушыларды ДЖИКСО стр. Бойынша топтарға бөлу.
- І топ «Оқу-жазу»
ІІ топ «Шегіртке»
ІІІ топ «Құмырсқа»
№1. Рольдерге бөліп оқыту: І. Автор
ІІ. «Шегіртке»
ІІІ. «Құмырсқа»
№2. Көрініс қою, маска кию. І топ
Екі жақты күнделік (пік. а/у) ІІ топ
Суретін салу ІІІ топ
Сергіту сәті.
ДЖИКСО стратегиясы.
№3. 1. «Күз және шегіртке әңгіме жазу» І топ
- «Шегірткенің құмырсқаға келуі» ІІ топ
- «Құмырсқаның жауабы» ІІІ топ
ә) Әңгімелерін оқыту.
б) Барлық топтың мәліметін біріктіріп, «Шегіртке мен құмырсқа» әңгімесін жазу.
ІҮ. Қорытындылау, бекіту.
І топ. Цифрограмма
1 2 1 2 1 2 1 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2.
А в б г а д и — а н у ж д с а н р о м ы а н ш с ы
Әрбір 2-ші әріпті сызып тастап оқы.
Абай-аудармашы.
ІІ топ. «Ой жалға» стратегиясы.
Сұрақ | Жауаптары |
1.Күз келді | 1.Гөлайттап жүріп ән салды |
2.Шегіртке жаз бойы | 2.Күн суытты |
3.Құмырсқа жаз бойы | 3.Құмырсқаның аяғына бас ұрды |
4.Сауықшыл сорлы бүкшиіп, селкілдеп келіп жығылды | 4.Илеуіне азығын тасып алды |
5.Ала жаздай ән салсақ | 5.Селкілде де билей бер,- деді құмырсқа |
6.Мысалды жазған | 6.Абай |
7.Мысалды аударған | 7.И. Крылов |
ІІІ топ. Венн диаграммасы
Шегіртке Құмырсқа
Ү.Бағалау, мадақтау
1.Өздеріне бағалаттыру, салыстыру
ІҮ.Үйге тапсырма: Жаттап алу.