Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық- психологиялық тұрғыда зерттеу

Тақырыбы: Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық- психологиялық тұрғыда зерттеу

Аннотация

 

Цель работы:                 Раскрыть особенности проявления и суть процесса передачи от поколения к поколению природных способностей человека, охарактеризировать его с психологической, философской, генетической точки зрения.

 

Гипотеза:                        В процессе наследственной передачи способности должна быть некая точная закономерность. Даже возможно существование специального гена, регулирующего сложность передачи наследственных задатков.

 

Этапы исследования:   Научное исследование охватывает три этапа. Первый этап — начальный. В период этого этапа был дан всесторонний анализ проблеме исследования с использованием различной литературы, материалов Интернета. Второй этап — проведение экспериментальных работ. Третий — начало решения поставленных задач.

 

Методы:                          — Психологическое тестирование;

                                         — Схематический анализ;

— Генеалогический метод;

— Анализ по философской теории.

 

Новости исследования: — Определения способностей по физическому виду;

                                         -Литературно-биологический анализ;

                                                — Факторы, воздействующие на развитие способностей человека;

— Фазы перехода способностей в талант;

— Гипотеза статистики генной информации.

 

Результат работы:        — Выполнена абстракционная карта-схема гипотезы; статистики генной информации;

— Создана таблица различных примеров-предположений,  имеющих отношение к проекту;

— Составлена генеалогическая цепь способного ученика;

— Выполнен доклад о различных теоретических установках и итогах.

 

Итог:                               В итоговой части научной работы был составлен доклад об основных достижениях и итогах исследования, даны методические предложения. Были указаны направления исследования по рассматриваемой  проблеме.

 

Annotation

 

Aim of the work:             The main objective of the work is to analyze subject-matter and special features of the process of handing on the natural abilities of human beings between generations and to give psychologic, philosophic and genetic characteristic of this process.

 

Hypothesis:                           The hypothesis is as follows: The vertical transmission of aptitudes process is likely to follow some exact pattern, the process must be naturally determined. There may be a special gene that is in charge of the complex process of transmitting the inherited inclinations.

 

Stages of research:          Scientific research comprises three stages. The first stage is the initial one. The issue under research was thoroughly analyzed during this stage, variable works of literature and the Internet materials were used for this purpose. The second stage is that of conducting experimental work. The third stage deals with solving the stipulated tasks.

 

Methods:                                — Psychological testing;
— Schematic analysis;
— Genealogical method;
— Philosophy theory analysis.

 

Research news:                — Determining the ability by the physical form;

— Literary and biological analysis
— factors affecting the development of human capabilities;
— the phase of turning the abilities into the talent;
— the hypothesis of gene data statistics.

 

Result of the work:            -The abstraction sketch map has been drawn up to display the hypothesis of gene data statistics.
— The table of various examples, the assumptions related to the project has been drawn up.
— The genealogical chain of a capable student (pupil) has been made up.
—  The report on the various theoretical principles and conclusions has been made.

 

Conclusion:                           The final part of the paper deals with the report on the major achievements and results of the research and methodological propositions. The research guidelines concerning the problem under consideration have been specified.

 

Аннотация

 

Жұмыстың мақсаты:   Адамның бойында болатын дарындық қасиеттердің ұрпаққа берілу процессінің мәні мен құбылысын ашу, оларды психологиялық, философиялық және генетикалық тұрғыдан зерттеу.

 

Гипотезасы:                   Дарынның ұрпаққа берілу үдерісінде қандай да бір нақты заңдылық жүреді. Және де оның тұқымқуалау заңдылығының күрделілігін реттеп отыратын арнайы геннің болуы керек.

 

Зерттеу кезеңдері:          Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы.

 

Әдістемесі:                      — Психологиялық сынақтама;

— Схематикалық сараптама;

— Генеалогиялық әдіс;

— Философиялық теориялар арқылы талдау.

 

Зерттеу жаңалығы:       — Дарынның физикалық көрінісі бойынша жіктелуі;

                                                — Әдеби-биологиялық талдау;

— Дарынның дамуына әсер етуші факторлар;

— Дарынның талантқа айналу фазалары;

— Гендік ақпарат статистикасының гипотезасы.

 

Жұмыстың нәтижесі:    — Гендік ақпарат статистикасы гипотезасының          абстракциялық сызба-схемасы жасалды;

— Жобаға қатысты түрлі мысал-болжамдар кесте    түрінде құрылды;

— Дарынды оқушының генеалогиялық шежіресі құрастырылды;

— Түрлі теориялық тұжырымдар мен қағидалар баяндалды.

 

Қорытынды:                  Ғылыми жұмыстың қорытынды бөлімінде зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баяндалып, әдістемелік ұсыныстар беріледі. Қарастырып отырған мәселенің зерделенетін бағыттары айтылады.

Жоспары:

 

 

І.  Кіріспе бөлім

 

ІІ. Негізгі бөлім

  • Жобаға қатысты ғылым негіздері;
  • Дарынның сыртқы сипаты бойынша топтастырылуы;
  • Әдеби-биологиялық талдау;
  • Дарындық қасиеттердің мәні;
  • Тұқымқуалау заңдылығының ерекшеліктері;
  • Дарып-даму құбылысының абстракциялық моделі.

 

ІІІ. Эксперимент нәтижесі

 

ІV. Қорытынды бөлім

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:

 

  • Дарынның сыртқы сипатын психологиялық жағынан зерттеу

 

  • Олардың мәнін философиялық жағынан зерделеп түсіндіру

 

  • Дарынның тұқымқуалау процессін практикалық тұрғыда зерттеу

 

  • Олардың тұқымқуалауындағы заңдылықты анықтау

 

  • Дарып-даму құбылысының абстракциялық моделін дайындау

 

  • Зерттеу тақырыбы аясында елеулі жаңалықтар ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамымыздың даму үдерісіне көз жіберсек, олардың өзіндік даму принципі мен себебі бар екендігін түсінеміз. Оның негізгі принципі адамның саналылығымен түсіндіріледі. Бірақ та адамдарды қаншалықты саналы десек, оларды соншалықты дарынды, талантты деп айта алмаймыз. Сондықтан қарапайым адамдардың ішінен бірен-сараңы дарын деген ұлы қасиетке ие болып келеді. Дүниенің мән-жайын зерттеп, қоғамымызды техникалық  революция кезеңіне әкелген осы адамдардың ең дарындылары десек жаңылыспаймыз. Фальсификациялық түрде кішкене ойлап шықсақ, оқып отырған кітабымыз да, күрделі үлгідегі озық техникалы заттар да дарынды тұлғалардың ерен еңбек қолжазбаларынан топтастырылып, көпжылдық  тәжірибелерінің арқасында пайда болған екен. Әдетте біздер мұндай жағдайларды ескере бермейміз.

Бұл мәселелерді адам мен қоғамның сабақтастығын айқындайтын  баяндама деп түсінуге болады. Адам мен қоғамның байланысының даму кезінде олардың арасындағы сабақтастық та даму үрдісінде болады. Ал мен қазір материялы объект ретінде талант пен дарынды алып отырмын. Бұл қасиеттердің дамуы қоғамның әр кезеңде әркелкі болуымен және адамзаттың қоғам өмірімен ілесе дамуымен түсіндіріледі. Ендеше дарындылықтың өзіндік шығу қайнар-көзі бар деуге болады. Сонда талант қоғамнан сабақ ала дами отырып түрлі қасиеттерге, іс-әрекеттерге жіктеліп, заманнан заман алмаса болашаққа барады екен.

Сонымен, зерттеліп отырған тақырыптың негізгі өзектілігі — бұл күндері ғылымға ерекше көңіл білдіріліп жатқанын ескеріп, психологиялық ойлау жағынан есті адам ретінде көп толғанып, адамға үнемі тұқым қуалап берілетін дарындық қасиеттердің ұрпаққа берілер кездегі негізгі ерекшеліктерді байқау және оның мән-жайын ұғыну. Тақырып атынан байқағандарыңыздай өзегі қанат жайып, назар аудартатындай елең еткізіп отырғандай көкейкесті проблемаға жақын емес. Бірақ та табиғаттың сан түрлі жұмбағына қызығу деген болады. Яғни, менің қызығушылығым ғылыми ізденіс айдынына жол тартты. Десек те мен биология ғылымына титей де болсын үлесімді қосқым келеді… Тікелей тақырыптың негізгі өзектілігіне келер көшсем, мұндағы «Ұрпаққа даритын қасиеттер» кәдімгі кейбір адамдарда болатын «Дарындық қасиет». «Дарын» қасиеті мені несімен қызықтырды? Әрине, ұрпаққа берілу сиректілігімен, тұқым қуалау заңдылығымен және т.б. Атаулы объетіні  психологиялық жағынан зерттеу — ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі мақсаты. Бұл тұрғыда мен дарынды ойлау және сырттай сипаттау ғылыми методикалық әдістемелірімен зерттеуім керек. Негізгі ерекшеліктерін байқау барысында талданған психологиялық тұжырымдарды өз жағымнан түсіндіруім қажет. Ал «Практика» деп отырғаным ғылыми жұмыста мақсат болып қалыптасқан эксперименттердің кеңістікте көзделінген дәлдікпен орындалуы. Практика жүзінде менің болжамдық-дәйектемелік гипотезаларым шындыққа жанасып, нақтылық дәрежесінде дәлелденіп, заңды теорияға айналуы тиіс.

Мен  өзіме «Кей адамдар неліктен соншалықты талантты, алғыр, тапқыр, яғни дарынды болып келеді?», «Оларға дарын кімнен және қалай дарыған?», «Олар дарындылық пен талантты қалай бойына сіңіріп әрі дамытты екен?» деген сияқты көпсауалдар жолдадым. Осы сауалдарға жауап беру мақсатында көп іздендім. Ғалымдар адамның психологиясын, генетикасын, физиологиясын, гуманистикасын, гигиенасын толықтай зерттеп зерделеген. Бірақ та  адамның кей жағдайда зерттелмеген жағы да бар. Осыған сәйкес мен таланттың ұрпаққа берілуінің сыртқы және ішкі көрінісі туралы ой қозғағым келіп отыр.  Мен «Әрбір нәрсені, әрбір материяны ғылымның қилы жағынан зерттеген жөн» – деп ойлаймын. Себебі, ғылымның көмегі ашылар ілімге қажет. Сондықтан мен жобамда философиялық жағынан да негіз білдіруім керек.

Зерттеу мәселесі. Адамдардың барлығын бір түрге, бір туысқа, бір отрядқа жатқызсақ та, оларды сондай дәрежеде бірдей деп айта алмаймыз, яғни керісінше ішкі белгілері бойынша айырмашылығы ұшаң теңіз. Менің айтпағым, жер жүзінде бірдей ойлайтын және бірдей қасиетке ие бір топ адам түгел екі-ақ адам таба алмаймыз. Бұл теориялық проблеманың негізі адамның психологиясының әркелкі болуымен шектеліп тұр. Бірақ біз бұл мәселенің түйінін жан-жақты қарастырып талдауымыз қажет. Қоғамда қоғам өміріндегі адамдардан ерекше даралықтар болады. Олар — дарынды тұлғалар. Осы мақсатта мен олардың дарындылық қасиеттерін зерттеуді көздедім. Негізгі мәселе — «Кей адамдар неліктен соншалықты дарынды, талантты болып келеді?» — деген сауалда. Яғни олардың сондай ерекше құбылыс танытуына қандай фактор негіз болды? Міне, осы бір негізгі сауалды қорғауға ала отырып мен жобамның негізгі өзегін айыруым керек.

Зерттеу болжамы. Егер, адамға тән қабілет пен қасиеттердің ұрпаққа берілу кезіндегі белгілі бір ерекшелігін анықтап, оны генетикалық жағынан қарайластырып, философиялық, психологиялық жағынан дамытса, онда тек қана медицинамен байланыс жасап тұрған адам генетикасындағы генеалогиялық әдіс философия және психологиямен сабақтасып толықтырылады.

Зерттеу пәні. Биология пәнінің генетика саласы. Және де жобамды жан-жақты зерделеуге қатысатын пәндер — психология және философия.

Зерттеу объектісі. Негізгі зерделенетін меже — адамның бойындағы ерекше қабілет, яғни дарын. Оның ұрпаққа берілу процессі және дарынды оқушы.

Зерттеу мақсаты — адамның бойында болатын дарындық қасиеттердің ұрпаққа берілу процесінің мәні мен құбылысын ашу. Осыған байланысты жұмысым өз алдына мынадай міндеттерді шешуді көздейді:

  • Дарындық қасиеттердің құбылысын психологиялық жағынан зерттеу;
  • Олардың мәнін зерделеп түсіндіру;
  • Дарынның ұрпаққа берілу процесі құбылысын генеалогиялық әдіске сүйене отырып практикалық тұрғыда зерттеу;
  • Дарынды генетикалық жағынан қарастырып, оның ұрпаққа берілу ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы түйін-сөз дәйектеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

  • Бірінші кезең (04.2008-07.2008) — бастау кезеңі. Философиялық, психологиялық және ең бастысы генетикалық әдістемелік әдебиеттерді пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды.
  • Екінші кезең (08.2008-09.2009) — психологиялық, схематикалық, танымдық, генеалогиялық және басқа да эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Мектепішілік, аудандық конференцияларда ғылыми жоба қанағаттандырарлық деңгейде баяндалып, зерттеу жұмысына қатысты сыни-пікірлер айтылды. Әдіснамалық эксперимент жұмыстарының нәтижелері жобаға жинақталды.
  • Үшінші кезең (10.2009-дан қазірге дейін) — алдыма қойған міндеттерді орындаудың бастамасы. Тырнақалды табыс-нәтижелерімді ғылыми жаңалыққа ұластыру мақсатында зерттеу жұмыстарын өткізудемін.

         Жұмыстың жаңашылдығы: Жұмыстың көрнекілік материалдары, демонстрациялары қағаз жүзінде және қазіргі заман талабына сай, интерактивті тақтаны толық пайдалануға пысықтауға арналған презентация арқылы көрсетілді.

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

2.1 Жобаға қатысты ғылым негіздері

 

Дарындық қасиеттер туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден, генетикаға жүгінуім қажет. Өйткені, дарын басқа қасиеттер мен қабілеттер сияқты тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке бағына отырып ұрпаққа беріледі.   Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. [1]

Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата-аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады. [1]

Екіншіден, жобамның басты өзегі болып табылатын адам генетикасына бетбұрыс жасау заңдылық. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен  өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі, ол да тіршіліктің бір түріне  жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық системасының болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді. [2]

Жалпы адамзат қоғамда өмір сүретіндіктен оның эволюциялық дамуында әлеуметтік факторлардың да рөлі бар. Бірақ, біз тек биологиялық жағын қарастырамыз.

Адамның қасиеттерін зерттесем де генетикалық әдістерден алыс кете алмаймын. Сол себепті  үшінші объективті заңдылық  ретінде, яғни жобам үшін маңызы зор адамды зерттеу әдістерінің бірі — генеалогиялық әдісті алдым.

Бұл әдістің негізінде адамда болатын түрлі белгілер мен қасиеттердің немесе аурулардың тұқым қуалауын оның шыққан тегіне қарай зерттеу жатады. Ол үшін зерттелетін мәселе бойынша әкесі және шешесі жағынан бірнеше буын бойы мәліметтер жинақталып, соның негізінде шежірелік сызба-нұсқа жасалады. Кейбір белгілер мен қасиеттер кез-келген ұрпаққа беріле алады, яғни доминанттылық жолмен тұқым қуалап, Мендель заңдарына бағынады. Мұндай жолмен тұқым қуалайтын белгілерге  полидактилия, беттің секпілі, катаракта, шаштың қаралығы және т.б. жатады. Генеалогиялық әдіспен адамның кейбір қабілеттерінің мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге, математикаға бейімділігі және т.б. тұқым қуалайтындығы анықталған. Ондай қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Айталық музыкаға қабілеттілік әйгілі Бұқар жыраудың әулетінде болған. Мұндай мысалдарды өзіміздің қазақ дарындыларынан да келтіруге болады. Ұлы Абайдың әкесі  Құнанбай әулетінен тараған ұрпақтардың ішінде ақындар, сазгерлер, шешен сөйлейтіндер көп болған. Олар: баласы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы — Абай, немерелері — Шәкәрім, Әбдірахман, Мағауия, Ақылбай және т.б. [1]

Төртіншіден, мен ғылыми жұмысқа негізгі өзек болатын басты ілімді айтқым келіп отыр. Ол — философия. Ғылымның бұл түрі мен үшін жобаны қарапайым тұрғыдан ойлау мақсатына қолданылады. Осыған сәйкес мен, «Философия дегеніміз не?» — деген танымдық сауалға азғантай баяндама берсем деймін.

Философия — қоғамдық сана-сезім формаларының бір түрі; дүниенің неғұрлым жалпы заңдары туралы ғылым. Философияның негізгі мәселесі — ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе. Оның шешілуіне қарай толып жатқан философиялық мектептер мен бағыттар екі лагерьге — материалистік және идеалистік лагерьге бөлінеді. Болмысты, материяны бірінші ал ойлауды, рухты — екінші деп танушы философтар материалистер болып табылады. Рухты, сана-сезімді бірінші, ал материяны онан туған деп танушы философтар — идеалистер болып табылады. [6]

Бұл баяндамалар реті жобаның психологиялық-практикалық зерттемелері үшін жұмыстың басты нормативтік жиілігін құрайды. Осы бір мәселеге байланысты ғылыми жұмысқа қажетті негізгі ғылым көздерінің психологиялық анықтамасы мен теориялық баяндамасын кіріспеде айтып өтуіме тура келді. Міне, жоғарыдағы ғылымдар реті, мен үшін жобамның негізгі қайнар көзіндей, зерттеу әдістемелік құралым болып табылады.

 

2.2 Дарынның сыртқы сипаты бойынша топтастырылуы

 

Негізгі бөлімнің бірінші пунктінде мен көпшіліктің түсінігін пайдалана отырып және психологиялық ойлау қабілетіммен ғылыми бақылауымның нәтижесі арқылы дарынның сыртқы көрінісі бойынша дерексіз ерекшеліктерді нақты және тұжырымды бөліп қарастыруым қажет. Бұл айтылған қажеттілік кіріспе бөлімде баяндалған нақты ғылымдардың көмегімен жүзеге асады. Дарынның философиялық тілде айтқанда құбылысын, яғни сыртқы көріну келбетін зерттеуім қажет. Бұл жерде менің айтпағым, дарын сөзінің негізгі мағынасын философилық түрғыда ашып, психологиялық ой-тұжырымдамалармен ұштастырып, күрделі емес схематикалық сызбада талдау болып табылады. Ол үшін ең алдымен «Дарын» сөзі туралы ой сергітуім керек.

Дарын — ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау үдерісімен беріліп отыратын ерекше бір қабілет. Ол адамға аталық немесе аналық желі бойынша беріліп отырады,- деген нақты әрі қысқа да нұсқа ережені бұрысқа шығара алмаймын. Өйткені, ол өз заманында көпшілік ортасында біршама деректі және дерексіз айғақтармен дәлелденіп өз сәйкесінше теорияға айналған заңдылық. Осындай дәлелді дереккөздерді жоққа шығармай және де келеңсіз жағдайларды ғылыми жеңе отырып «Дарын» сөзінің мағынасын толық ұғыну мақсатында мектеп оқушыларына психологиялық экспериментті сауалнама өткізіп шығуды ұйғардым..

Бұл психологиялық-экспериментальдық сауалнамаға оқып жатқан мектебімнің 9-11 аралығындағы сыныптар бойынша анонимді түрде 146 адам жауап берді. Қатынасқан оқушылар 6 жақты ойлау қабілетімен танылып отыр. Қатысқандардың 30,2%-ы, яғни 44 оқушы «Дарын» сөзін «Білімнің тұқым қуалап адамға даруы» деп түсінеді екен, ал 15 адам, яғни 10,3%-ы туа біткен қасиет санайды екен. Тағы осындай сияқты 14 адамның ойлары «Адамның қоғамға ілесе дамуы» деген тұжырымға сәйкес келеді. 37 оқушы өзінің ойларын ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын адамның бойындағы ерекше бір қасиет деген түсінікпен сабақтастырады. Келесі бір 10 адам «фантастикалық құбылыс»- деп өз ойын қиялға араластырса, 9 оқушы «Адамның ақыл-ой еңбегі» деп ұғынады екен. Ал қалғандары бұл сөздің мағынасын басқа оймен ұштастырады екен.

Сынақтама нәтижелеріне (1-сурет) қол жеткізе отырып, мен олардың ойларын сараптап  психологиялық талдау жасап шықтым. Егер өзім бұл сұраққа жауап берер болсам: «Ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалап беріліп отыратын адамның бойындағы ерекше бір қасиет» — деген нұсқаны таңдаймын. Өйткені, бұл сөздің мән-мағынасы атаулы ойға үндейді. «Дарын» сөзінің түпкі мағынасына үңілер болсақ, гректің «Dar» сөзінен «Дариды, беріледі» деп аударылады. «Дарын» сөзін тек «Білімділік пен зеректілік» деп түсінсек, демек бұл қате түсінік деп ойлаймын. Себебі, терең психологиямен ойлап шықсақ, қасиеттер мен қабілеттер бойынша тек қана білімділік ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалап берілмейді, сонымен бірге өнер де, шеберлік те, спортқа белсенділік те және т.б. көптеген қасиеттер берілетіні айқын емес пе? Осы көкейімнен шыққан мәселені ескере отырып мен адамның бойында болатын бүкіл дарындық қасиет пен қабілеттерді сыртқы құбылысы мен  сипат-көріністері бойынша 5 топқа жіктедім. Олар:

  • интеллектуалдық;
  • өнерлік;
  • мәдени-физикалық;
  • экстрасенсионарлық;
  • айқын шеберлік, — деген қасиеттер. Бұл тарауды толық негізде қамту үшін мен бұл аталған дарын топтарының әрбіреуіне тоқталуды жөн көрдім.

Интеллектуалдық дарын. Бұл — қоғамның дамуына тікелей әсерін тигізетін, адам мен әлеуметті теңдестіретін тек қана адамға тән қабілет. Мұндай дарындылық, менің ойымша, адам мен қоғамның арақатынасының ең нәтижелі комбинациясынан пайда болады. Яғни бұл дегенің кез-келген адамда бола бермейтін қасиет. Дарын дегенде адамдардың барлығының ең бірінші назары жүйелі түрде білімділік пен біліктілікке ауатыны белгілі. Бұл мәселе жөнді, өйткені, қазіргі таңда қоғамның айтарлықтай дамуы мен жай қоғамның арасын сабақтастырып, ең негізгі көпір болып отырған білімнен артық қасиет жоқ. Бірақ та басқа да қабілеттер психологиялық  және философиялық ойлау шеңберінен тысқары қалмауы керек.

Интеллектуалдық дарынның философиялық сипаты. Интеллектуалдық дарын — адамның зияткерлік, біліктілік, шығармашылық ерекшелігіне еріктік бағытта әрекетке қарай дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы зияткерлікті дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол білім. Ол еңбек қабілеті мен рухани байлықтың бастамасы ретінде, яғни білім интеллектуалдық дарын компоненттеріне ұласып соңынан білімділік сатысындағы яки талант болып қалыптасады. Ал білімділік сатысындағы яки талант —  адамзаттан қоғамдық тәжірибесін ұғынуға адамның әрекеті мен мінез–қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс.

Әрине, жоғарыдағы баяндамам зияткерлік таланттың философиялық түрдегі, жалпы алғанда қарапайым сөздегі түсіндірмелері. Яғни менің интеллектуалдық дарын сөзіне берген философилық бағам. Жоғарыдағы  сөздік-мағыналық талдамамның философиялық шиеленісінен интеллектуалдық дарын атауына сәйкес үш компонент туындады: интеллектуалдық дарынның өзі, білім және зияткерлік яки талант. Бірақ та мұндай дарын тобы генетикалық жағынан қандай ерекшеліктерге ие? Осы тұрғыда зерттеу жағдаяттарын қарастыратын болсам, адам интеллектуллдық дербестігін жүйелі түрде нәтижелі көз жүгірту арқылы арттырып, содан генетикалық қырларын қалыптастыруға болатындығы көрінеді. Генетика жүйесінің қай саласында болса да қарастырылмай кетпейтін жеке адам қалыптасуының ең басты компоненті — кез-келген қасиет ұрпаққа даруы, тұқым қуалауы, өзгергіштікке ұшырауы. Осы талданған және көрсетілген  философилық негіздегі және генетика жүйесіндегі компоненттерді пайдаланып мынадай психологиялық мысалды теориялық жүзде дәлелдеп көрейін.

Мысалғы, қарапайым отбасы ішінен вундеркиндтің шығуы. Бұл сөйлемдегі нақты тұжырымды ойды генетикамен ұштастырып көрсем, онда негізгі ой-түйсік «Қарапайым отбасы» сөзінде жатқан сыңайлы. Осыдан барып белгісіздік сұрақ туады: Қалай қарапайым адамдардан вундеркинд  пайда болды? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын біз «Аса қабілетті адамның арғы тегі, тіпті ата-анасы да сондай қабілетті болады» — деген фальсификациялық  жанама жауаппен өзекті мәселені үзілді-кесілді тоқтатамыз. Әрқашан терең ойламауға бас ұрамыз. Бірақ бұл жанама ойды фактіге айналдырсақ, онда сыртқы орта факторлары мен өзгергіштік деген теориялы ұғымдар қайда қалады? Осы екі орайды функционалды түрде теңдестірер болсам, әрине генетикаға жүгінемін. Мысалымызға қайта оралып, ондағы «Зияткерлікке қатысты бойында бірде-бір қасиеті жоқ ата-аналардан қалай вундеркинд пайда болды?» — деген негізгі сауалға мүмкіншілікке қарай жауап іздесек, генетиканың басты компоненті болып табылатын Мендель заңдарына келіп тоқтаймыз. Сондағы нәтиже, менің ойымша, мұндай аса күрделі қасиет рецессивті түрде әке немесе ана жақ линиялардан тұқым қуалап, үлкен нәтижелі комбинаторикамен кез-келген бір ұрпаққа гендер арқылы сәйкестендіріліп енеді. Бұл әлі соңы емес. Біз ойлағандай, вундеркинд осылайша оңайлықпен «Вундеркинд» деген ұлы атаққа ие бола қоймайды. Ол өзінің бойындағы антифакторлық қасиетін дамытып, ал оған қарсы тұрар нәрселерді жеңе білуі қажет. Және де осы проблемамен қатар паралельдік байланыста ақыл-ой еңбегін дамыта білуі қажет. Бұл жағдайды сызба-нұсқа түрінде жобалап көрсеттім. Осы сызба-схемаға талдау жасап көрейін.         Болжамдық сызба-нұсқада (2-сурет) көрсетілгендей аталық  (ААВВ)  пен  аналық (АаВв) бір-бірінен көп белгілері бойынша ажыратылған. Өйткені, адамның генотипі бойынша бір-бірінен ажыратылмайтындай жұптарының табылуы 10 миллионнан бір үміт. Сондықтан екеуін теориялық тұрғыда полигибридтік будандастыру ережелеріне бағына отырып шағылыстырдым. Нәтижесінде және де сыртқы орта және әлеуметтік  факторлардың әсерінен жаңа бір түр пайда болды. Ол — ең бірінші ұрпақ  (ААВв-еркек деп алсақ). Осы ұрпақтың генінде әкесінің немесе шешесінің білімдікке құштарлық қасиеттері рецессивті түрде автоматты жазылып қалады. Бірінші ұрпақ (ААВв) пен оның жұбының (СССс) әрекеттесуінен тіптен басқа ұрпақ немесе ұрпақтар пайда болады. Ол ұрпақтарда да әке жақ линиядан келе жатқан қасиет рецессивті түрде гендерде сақталып қалып, келесі ұрпақтарына титтей де үлесін қосып отырады. Әрі қарай тәуелсіз ажырау заңдылығына өтеді. Осы жағдайда келесі ұрпақтардан (F11, F12, … , F20) негізгі тұқым қуалап жүрген зеректік қасиет циклді түрде қайталанады. Осындай тәуелсіз ұрпақтардың  сәйкестік нәтижесінде вундеркиндтер пайда болады. Осындай себептермен өте білімдар, оқымысты, ғалым адамдардың саны дүниеде аз кездеседі.

Өнерлік дарын. Бұл — қоғамдық сананың идеологиялық формасы. Өнер идеялогиямен екі тұрғыдан байланысты. Біріншіден, ол белгілі бір таптың мүддесіне қызмет етіп, оның саяси, моральдық, философиялық, эстетикалық және тағы басқалардың көзқарастарының насихатшысы, екіншіден, ол адамдардың қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты, қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге қызмет етеді. Өнер дегеніміз — адамдармен сырласудың құралы. Ол адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра, байыта түседі. Өнер дегеніміз — бір құдірет. Оның шырқау шыңына жетіп, өз қабілетін паш ету — дарынды  адамның қолынан келмек. Өнерді иеленуші әлеуметтің негізігі формасы адам болып саналады. Ондай адамдардың қатарына әнші, биші, жыршы, жырау, шешен сөйлеушілер, сонымен қатар күйші, қобызшы және т.б. көптеген заңғар тұлғалар жатады. Айталық, өзімізге мәлім Абай, М. Әуезов сынды тұлғаларда өнер құмарлық атадан дәстүрлі түрде берілген. Негізінен, өнер сатысындағы дарындылықты жалпы ұлттар арсындағы ең көне талант деп ойлаймын. Өйткені, бұл талант сол ежелгі замандағы қоғамның әлеуметтік жағдайымен тығыз байланыста болған. Бұл сөздерге бірден-бір айғақ болып қазақ әдеби мұрасы табылады.  Мәдениеттің басқа салаларында жіктелген заттық және рухани, объектілік және идеалдық, рационалдық және эмоционалдық – осылардың бәрі өнерде жігі бұзылмай бірлесе, біте қайнасып жатыр. Өнерлік дарын — қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі. Бұл дарын да сырт қарағанда оңай көріне қоятын сипатта болады. Оның дарынның басқа типтерінен, мәселен интеллектуалдық дарыннан айырмашылығы сол, интеллектуалдық дарын сыртқы дүниенің теориялық бейнесі, яғни олар теориялық ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем бейнесі болып табылады және көнеліктің көреген мұрасы. [7]      Ежелден даму бағытын мысалмен дәлелдейтін болсам, біздің заманымызға дейінгі кезеңнен бастап болашаққа көз жүгірту кезеңіне дейін диагностикалық график құрып соған тоқталайын. (3-сурет) Көрсетілген диаграмма бойынша сараптамалық талдау жасар болсам, мұндағы абциссадағы жазулар тарихи кезеңдерді білдіреді. Ал сұр және қара жолақтар тарихи кезеңдердің бірінші және екінші жартыларын көрсетеді. Мәселен, «біздің заманымыздың бірінші жартысында» — деп сөз бастауға болады. Енді бұл графикті түсіндірер болсам, біздің заманымызға дейінгі кезеңнің екі бөлігінде де өнер талантына құштар жандар аз болған, айталық, 100 адамның тек қана 5-15-індей болған. Ал әрі қарайғы кезеңдерде адамдардың өсімталдығы байқалып, ең максимум 100 адамның 80-85-і өнерлі, дарынды болып қалыптасқан күй біздің заманымыздың екінші жартысына келіп тоқталады. Одан былай жаңа ғасырларға жол тартқанда адам саны тура 2 есеге кемиді де қазіргі таңда одан бетер азаяды. Сөйтіп болашақта 100 адамға шаққанда тек қана шамамен 1-ден 5 адамға дейін өнерлі болып қалуы мүмкін. Сонда болашақта жаңа заманның жаңа үлгілі нәрселерінің пайда болуы және қоғамның кезекті-эволюциялық дамуы әсерінен ең көне дарын типі өнердің жоғалып кету қаупі тұр. Өйткені, қазіргі таңдағы техникаларды психологиялық белсенді дүние деп табуға болады. Олардың күші ең көне жәдігер қасиеттерді баса озып кетіп тұр. Бұл диаграммадағы көлденең жолақтар өнерлік дарынның әр кезеңдегі көрсеткішіне тоқталып пирамида құрап отырғандығы өзінен-өзі көрініп отыр. Яғни бұл айғақ «Кез-келген дарынның қоғам алмасып өзіндік дамуы бар» — деген тұжырымды қуаттап, құптайды. Сонымен сарапталған мысалды қорытындылау кезінде мынадай бір философиялық қағида шығады. Кез-келген дарындық қасиет өз алдына бөлек бір дерексіз объект ретінде өмір сүрген сыңай танытады. Яғни оның шығуы, дамуы және жойылуы хақ. Оның осы үш кезең бойынша жүзеге асып отыратын ареалы  — қоғамның эволюциялық дамуындағы кезекті алмасуы.

Философиялық ой. Өнер қалай пайда болды? Буржуазиялық социологтар мен өнер теоретиктері әдетте өнерді «адам жанының құпия қасиетінен» немесе адамның  туысынан бірге болатын «тамашалау сезімінен» пайда болды деп есептейді. Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес. Кейбір буржуазия теоретиктері өнердің негізін жануарлар дүниесінен, атап айтқанда, құстардың шырылынан, олардың түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді адамның табиғатқа еліктеуі деп түсіндіреді. Ал менің ойымша, қоғамның дамуындағы үдеріс түрлі іс-әрекеттің пайда болуына әсер етеді. Осыған сәйкес адамдарда дамыған әрекеттерге бейімделу процесі жүреді. Сол бір объективті қоғам өзгерісіне назар аудартып бейімделіп келе жатқан адамның бойындағы ерекшелігін өнер деп атауға болады. [3; 7]

Генетикалық жағынан қарастырғанда, бұл дарынды әлдебір таланттар секілді тұқым қуалайды деп танимыз. Бірақ та ішкі сана-сезім бойынша «Ата-бабаларымыз арасында мұндай талантты бойына сіңіргендер неге кең көлемде болған?» — деген кішкене ойтүйсік туындайды. Ал, неліктен? Хромосомалардағы гендердің ақпаратты сақтап жүйелі-функционалды түрде адамға тұқым қуалап оңай берілу себебі неде? Бұл проблеманы түсіндіруде, менің пікірімше, екі негізгі себепкер ой қалыпқа енеді.

Біріншісі, сол кездегі қарапайым адамдардың барлығында дерлік өнер талантының кешенді түрде болуы. Бұл себепкер ойдың бірінші болжамдық қағидаға жауап қайтаруға үйлесімділігі мол. Анықтап айтсақ, сол кезең — адамдарының сол бір қабілетке құштар болып келуі таланттың өзгергіштік әрекетіне ұшырамауына қарсы тұрар бірден-бір иммунитет тәрізді замани құрал.

адамдарының сол бір қабілетке құштар болып келуі таланттың өзгергіштік әрекетіне ұшырамауына қарсы тұрар бірден-бір иммунитет тәрізді замани құрал.

Екіншісі, әлеуметтік нормальды ұжымдардың физикалық тұлғаларға осындай әрекетшілдікке итермелеу талаптары.

Айқын шеберлік дарын. Бұл да бір өнер сатысындағы дарын секілді, бірақ қол қимыл икемділік іс-әрекетін аса көп қажет ететін шеберлік қасиетке толы дарын. Физикалық-механикалық жағынан қозғалысқа енбей өз еңбегін орнықты да тұрақты құбылыста сәтті іске асыруға болатындығымен ерекшеленеді. Бұл да өнер сияқты өте ертеде шықты. Алғашқы адамдар кейінгі ұрпақтарға тас балталар мен сүйектен жасалған найзалар ғана қалдырған жоқ, сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына салынған түрлі суреттер, балшықтан, тастан жасалған мүсіндер де қалдырған. Ал бұл тарихи деректер өткен замандағы адамдардың шеберлікке бейімді болғандығын анықтайды.

Философиямен ұштастыратындай етіп, сол жақ мәнін қарап көрсек, былай қарағанда айқын шеберлік өнер дарынымен егіз тәрізді. Бірақ, өнерлік дарын ішкі психологиялық ойды физикалық-механикалық қозғалысқа ене отырып жүзеге асырса, шеберлік кеңістікте көбіне іс-қимыл мүшелерін пайдаға асыра отырып жетістігіне жетеді. Шебер адамдар қатарына зергер, ұста, мүсінші, суретші, қолөнерші, тігінші және т.б. шеберлік қасиеттер енеді. Шеберлік турасында қалыптастырылған терең лексикалық мағынадағы ой түсінікті болған шығар деп ойлаймын.

Генетика бойынша психологиялық структурасы. Шеберліктің ұрпаққа дару құбылысы басқалай қадамдардан басталуы мүмкін. Себебі, бұл қасиет терең мағыналы оймен қатар іс-қимыл тепе-теңдіктерін қатар ала жүреді. Сол шеңберге байланысты шебер адамдардың ұрпағы әдетте өнерлі қауымға ұласуы мүмкін. Мүмкіншілікті болжай отырып, бұл тұжырымды ақиқатқа айналдырар болсам, келесі қасиеттер тобына да анализ жасау мақсатын естен шығармауымыз қажет. Шеберден шебер туылуы екіталай деуге тура келетіні сөзсіз. Ендеше шеберден тұқым қуалаушылыққа байланысты кемде-кем үшінші ұрпақтарда сәйкесінше циклдік-периодизм жағдайында айқын шеберлік құбылысы жарыққа шығуы тиіс. Онда да:

Біріншісі, фенотипі бойынша ұқсастық екіталай, сондықтан тәуелсіз ажырау сатысына  көшу кезіндегі өтпелі кезеңде гендегі ақпараттардың, ДНҚ кодының өзгермеуін қадағалайтын бесенді рецепторлардың болуы;

Екіншісі, гуманитарлық сипаттағы қоғам өміріне төзе білетін адамның генотипі бойынша тұқым қуалауы өзгеріске ұшырамауы бойынша негізделеді, — деген басты айғақтар қажет болады.

Міне, осындай болжамдық қағидалардың іске асырылуымен «Ата-бабаларымыз арасында мұндай талантты бойына сіңіргендер неге көп болған?» — деген кішкене сауалға жауап бере аламыз. Өткен заман статистикаларына құлақ ассақ 10 адамның 8-і осы бір шеберлік дарынын бойына тоғыстырған болып табылған екен.

Мәдени-физикалық дарын. Адамның негізгі іс-әрекет нышанының ең нәтижелі формасын айқындаушы қасиет болып табылады. Мұндағы «Мәдени» сөзі бұл қасиеттің басқа дарын типтерінің байланыстылығын айқындаса, «Физикалық» сөзі бөлек бір үнемі тербеліс пен қозғалыста болатын мүлдем басқа        қасиетті еске түсіріп тұр. Сонда «Мәдени-физикалық» деп отырғанымыз спортқа икемді жандарда болатын дарындық қасиет. Қазіргі таңда бұл талант ең дамыған және адамдарды өзіне баурап алғыш қасиетке толы дарын болып танылып отырған секілді. Бұған айғақ — күнбе-күн өтіп жатқан спорттық жарыстар. Спорттың өзінің бірнеше түрі бар. Ол түрлерді адамдар иеленуіне қарай таптық, қазіргі таңдағы тілмен айтқанда аймақтар бойынша бөлініп кеткен. Ол дегенің бұл спорттың түрлерін иеленушілердің өзіндік популяциялары бар деген сөз. Мысалғы, еліміз спорттың бір түрі болып табылатын бокс өнеріне бейім. Футболды өте жақсы ойнаушылар Бразилиядан табылса, бокстың негізгі популяциясы  Кубада жайғасқан.

Мәдени-физикалық дарын да басқа қасиеттер секілді тұқым  қуалаушылық заңына бағынады. Мәселен, атақты Бекзат Саттархановқа бокс спортына икемділік атасынан берілген.

Экстрасенсионарлық дарын. Бұл қоғам өмірінен мүлдем басқа оғаш қасиет. Ол әдетте ақиқатқа жанаспауы мүмкін. Мен ол жай бір фальсификациялық ой-қиял ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады деп ойлаймын. Бірақ та бұл да бір адамға дарып отыратын болғандықтан оны мен ерекше қабілет сатысында түсіне отырып, дарын типтерінің бестен бір бөлігі ретіндегі объективті қасиет ретінде қарастырдым. Экстрасенсионарлық қасиеті бар адамдарға бақсы, сәуегей, сынықшы және т.б. жатады. Және де мен осы қасиеттер топтамасына магияны жатқызуды ұйғардым. Себебі, бұл ұғым да қоғамның ақиқатты өміріне жанаспайтын қасиет болып саналады.

Магия немесе сиқыршылық — адамдардың басқа адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сену. Бақыланып отырған құбылыстардың өзара байланыстарының шын мәнін түсінбей, кездейсоқ сәйкестіктерді дұрыс түсінбей, кей адамдар сөз және белгілі бір әрекеттер  арқылы басқа адамдарға көмектесуге не керісінше зиян етуге болады деп сенеді. Магия: “ақ” (қорғаушы) және “қара” (жамандық жасаушы) болып бөлінеді. Магияның басқа да систематикасы  әсер ету объектісіне байланысты: өндірістік, махаббат, емдік, т.б. магиялар болып бөлінеді. [7]

Дарын  түрлерін иеленуіне байланысты адамның жіктелуі. Кей адамдар жоғарыдағы дарынның түр-сипаты бойынша жіктелген типтерді, әдетте өмірде шынайы түрде иеленуі де мүмкін, иеленбеуі де мүмкін. Бірақ біз алдымен оң мағынадағы мәнінде тұрған, яғни позитивтік жағын ойлаймыз. Осыған сәйкес мен адамның дарын типтерін иеленуі туралы айтқым келіп отыр. Жоғарыдағы  дарынның 5 типінің бірін иеленуші адамдар болады, олар не білімді, не суретші, не болмаса сәуегей болуы мүмкін. Ондай адамдарды мен монодарлы адамдар деп алдым. Мұндағы «Monodar»  латынның «Mono» «Бір» деген мағынаны беретін сөзі және гректің «Dar» «Дарын»  деген мағынаны беретін сөзінен топтастырылып құралған. Мысалғы, атақты суретші Әбілхан Қастеев. Ол бір ғана дарын тобын иеленіп отыр, яғни айқын шеберлік қасиет тобына біріктіріледі.

Ал екі немесе одан да көп дарындық типтерді бойына тоғыстырған адамдарды полидарлы қасиетті адамдар деп атауға болады. «Polidar» сөзі «көп» және «дарын» сөздерінің қосындысынан жасалған.

Сонымен, мен дарындық қасиеттер туралы біршама әдебиеттерді шолып, онымен қоса салыстырып, психологиялық ой өрісім бойынша түсіндірме ойлар қосып кішкене ғылыми зерттеу нәтижесінде біршама қағидаларды жобаға кірістірдім. Сыртқы көріністік формасы бойынша бес топқа жіктеуімнің өзі мені философиялық ілімдермен таңсық етті.

 

2.3 Әдеби-биологиялық талдау

 

Қай зеттеу жұмысы болмасын, ондағы бірегей міндет — дәлел үстіндегі айғақтамаларға мысал келтіру. Ол дегенің кез-келген теоретикалық тұжырымға, әрине өз ғылыми жұмысыңдағы нақты сипаттық талдама беру. Талдауда зерттеу бағытынан тыс мәселелерді қарасытруға болады. Менің пікірімше, талдаманың өзіндік жоспары, басты қағидасы және мақсаты мен міндеті болуы шарт. Осы процессуалды талдама компоненттерін құру арқылы шығармашылық, ғылыми ойлау нәтижелерімен жүзеге асқан, жіктелген және ұтымды зерттелген істерді әріге өркендету барысында, мен де өзіндік бағытым биология бойынша және өзге ілімнің қатысуымен дамыту структурасын құруды мақсат еттім. Осыған байланысты жоғарыда айтылған топтамаларды негізге ала отырып, биологияға жақындай түсетін дарындық қасиеттер туралы кішкене ілімімді дамыту үшін осы ғылым айдынына кәдімгі көркем әдебиет арнасын қосуды ұйғардым. Ол үшін қазақ поэзиясындағы дарынды тұлғалардың бірінің асқан таланттылығын оймен өлшеп, әдеби жағынан және әдеби-биологиялық жағынан зерттеуім қажет.

Қазақ әдебиеті поэзиясында орны бөлек бір дарынды да талантты тұлғаны алайық. Айталық, Мұхаммедқанапия Баһрамұлы Шақшақов. Мұхаммедқанапия Баһрамұлының сегіз түрлі дарындық қасиеті болған: әнші, жыршы, ақын, атбегі, құсбегі, зергер, балуан және сазгер. Енді осы қасиеттерін жоғарыдағы стратегиялы топтамам бойынша жіктеуім керек.

Мұхаммедқанапия Баһрамұлының әнші, жыршы, сазгер болып келуі өнерлік дарын тобына жатады. Ал оның атбегі, құсбегі, балуандық қасиеттері мәдени-физикалық дарынға топтастырылады. Сегізінші қасиеті — зергерлігі. Ол оның қолөнерлікке де бейінді болғандығын білдіреді. Ендеше бұл қасиет дарындар типінің айқын шеберлік тобына біріктіріледі. Сонда Мұхаммедқанапия Баһрамұлы үш үлкен дарынды қасиеттер тобын иеленіп, биологиялық тілмен айтқанда полидарлы адам деп бөлек жіктеледі.

Бұл кішкене талдау биологияны, соның ішінде генетиканы философия және әдеби-мәдени салалармен сабақтастырады. Бұл талдауға ат берер болсам, «Дарын санаты бойынша әдеби-биологиялық талдау» — деген тоқтамға келдім. Талдаманың негізгі аннотациялық структурасы төмендегідей критерийлер бойынша:

Талдаманың мақсаты — әдеби-мәдени сатыдағы адамзаттардың дарындық қасиеттерді иеленуін бақылау арқылы биологиялық жағынан зерделеу;

Талдаманың міндеті:

  • Басты топтаманы негізге ала отырып талдау;
  • Талдауды әдеби және әдеби-биологиялық жағынан нақтылау;
  • Жоспардың толыққанды қорытылуы;

Қағида: Кез-келген тұлғаның негізгі айқын ерекшелігін байқау арқылы оның негізгі дарыны мен қасиетінің жіктемесін оңай ажыратуға болады;

Жоспарлық пункттері:

  1. Дарынды тұлғаның есімі;
  2. Бойында қалыптасқан дарындық қасиеттері;
  3. Дарындылық типі бойынша топтастыру;
  4. Дарын типтерін иелену мөлшеріне қарай жіктеу

Осы ізденістерім мен тұжырымдамаларым арқылы «Дарын» ұғымын терең психологиямен, әрі мәнді-мағыналы түсінуге жол ашылған сияқты. Өйткені, мен жинаған деректер мен дәлелдемелер бар мүмкіншілікке орай шығармашылыққа деген ынтамен барынша қанағаттандырылады.

 

 

 

2.4  Дарындық қасиеттердің мәні

 

Келесі кезекте, мен, дарын үғымының ішкі философиялық құбылысын психологиялық-фальсификациялық оймен бар мүмкіншілікке тақай, толыққанды жорамалдап зерттеуім қажет. Ол үшін негізгі міндетімнің бағыты бойынша жүруім керек. Атаулы баств міндетімнің келесісін қорғауды бастамас бұрын, мән мен құбылыс турасында философиялық түсіндірме баяндап кеткенім абзал.

Мән және құбылыс — материалистік диалектиканың категориялары. Маркстік диалектика: мән мен құбылыстың өзара өте тығыз байланысты деп есептейді. Мән заттың ішкі табиғатын білдірсе, құбылыс оның жарыққа шығуы, сыртқы көрінісі. Сыртқы форманы тани отырып, біз сонымен бірге заттың мәнінің қандайда болмасын бір жағын танимыз, сөйтіп барған сайын мәнді тереңірек түсіне береміз. Мән мен құбылыстың бірлігін мойындай отырып, диалектикалық материализм олардың толық үйлесетіндігі жөніндегі дөрекі ұғымды теріске шығарады. Мән құбылыстан бірден ашық көрінбейді, оны ашу керек, тану керек. Ғылымның міндеті де осы. К.Маркс былай деп жазды: «Егерде заттың көріну формасы мен мәні тікелей үйлесетін болса, онда ешқандай да ғылымның керегі болмас еді». Таным саязырақ білуден тереңірек білуге, құбылыстан мәнге тағысын тағы қарай болып отырады. [6]

Ғылыми материалистік ережені айтып отырған себебім, ізденген ғылыми жұмысымның атқарымды функциясы болып табылуында. Жоғарыдағы нақты теориялық қағиданың негізінде, мен кезекті негізгі бөлімімнің дұрыстық үлесі біршама болатын ақиқатқа жақын келемін. Әрине, бұл тұрғыда мен, біріншіден, тек ұрпаққа даритын қасиеттің мәніне көз жүгірттемін, ал одан әрі жобамды дамыту барысында сыртқы жүру үрдісі, яғни құбылысын айқындап зерделеуім  қажет.

Дарындылықты белгілі бір форма ретінде қарастырсақ, сырт қарағанда адамның өзіне-өзі беріле қалған зат сияқты деп түсінеміз. Бірақ бұл, менің ойымша, теріс ұғым. Ол форма көптің біріндегі адамаға берілу себебі неде? Бұл сұраққа жауап беру әлдеқайда қиынырақ. Осы сұраққа жауап беру мақсатында оны теориялық жағынан түсіндіру талабы қойылады.

Міне, жаңада айтылған генетиканың маңызы дәл қазіргі сәтте қажет. Қайсы бір генетикаға байланысты гипотезалар тұжырымдамаларды дәлелдеу кезінде ешбір адам Мендель заңдарынан айналып өте алмайды. Міндетті түрде әрбір генетик Мендель заңына бағынады және мойындайды. Мендельдің теориялық заңына сәйкес және полигибридтік будандастыру ережелерін негізге ала отырып, ата-анадан туған екі ұлды және екі қызды отбасыны бақылап,  ғылыми-психологиялық негізін құруым қажет. Будандастырудың тәсілдеріне сүйене отырып ол жанұяның генетикалық шағылысу сызбасын схематикалық түрде енгіздім. (4-cурет)

Түсіндіріп кететін жәйт: әкесін мәдени-физикалық дарынға, ал анасын өнерлік дарынға жатқызамын.

Сызба-схеманы көріп отырғанымыздай, мұнда ерекше бір назар аударалықтай мәселелер қалыптасқан. Бірінші схемада (4а-сурет) ата-ананың және олардың балаларының қасиеті бойынша ажыратылымы ақ-қара штрихпен өзара ерекше белгіленіп көрсетілген. Төрт бұрышты фигураны еркек жыныстылар, дөңгелек формалы фигураларды әйел жыныстылар деп бөліп алдым. Ата-аналардың біреуі (анасы) өнер құмарлық, ал екіншісі (әкесі) мәдени-физикалық дарынға бейімделіп қалыптасқан.  Ата-аналардың ұрпақтарының фенотипі бойынша арақатынасы 2:2 қатынасындай, яғни екі ұл мен екі қыз болып қарапайым тілде түсіндіріледі, ал генотипі бойынша төртеуі төрт түрлі, яғни 1:1:1:1 қатынасындай (4ә-сурет). Бірақ мен дарындық қасиеттері бойынша генотиптік жағынан қарастырып тұрмын. Өйткені, жобамның негізгі өзегі сонда.

Аталық (AABBCcDD) пен аналық (AаbbCсdd) көріп отырғанымыздай бір-бірінен генотиптік ережеге сәйкес және дарындылық қасиетіне орай 8 белгі бойынша ажыратылған. Олардың қасиеттерінің ұрпаққа берілу комбинациясын талқыламас бұрын олрдың гаметаларын анықтау керек. Осы гаметаларды оңай анықтау үшін мен келесі схематикалық тиімді кестені пайдаландым. (4б-сурет) Осы кестені пайдалану барысында мен үш гомозиготалы, бір гетерозиготалы аталық буданның 2 гаметасын және екі гомозиготалы,екі гетерозиготалы аналық буданның 4 гаметасын алдым. Міне, гаметаларды негізге ала отырып, теориялық түрғыда будандастырғанда өзге қасиеттерге толы келесі гибридтер пайда болды. Ең бірінші бала (AABbCcDd) ата-анадан берілуі мүмкін екі үлкен қасиеттің бірін де иеленбеген. Яғни ол балада генеалогиялық ерекшелікке қарай атасы, әжесі немесе арғы атасының рецессивті келген белгілері шоғырлануы мүмкін. Дәл осындай жағдай екінші балада (қыз бала) да қалыптасқан. Яғни менің көз жеткізуім бойынша оның бойында әке дарыны немесе шеше дарыны жоқ деуге болады. Бірақ ананың аздаған белгілерін хромосомадағы гендерінде сақтап қалады да, ол әрі қарай жеке бұтағы бойынша бұл белгіні өзінің ұрпағына тасымалдайды. Ал келесі бала (AABbccDd) тамаша сәйкестікке ұшырап отыр, оның бойында ата-ана бойынша екі қасиет толығымен берілген, яғни өзімнің пікірім бойынша полидарлы адам деп есептеуге болады. Ол өзінің бойына дарынның тұқымқуалап келуінің 25%-дық ықтималдығын толық 100%-ға жетілдірді.  Шынында да ол қыз қоғамдық ортаның мәдениет арасында ән айтып өнерін көрсетіп жүрсе, спорттық ортада физикалық белсенділігін танытып, шымырлығын көрсетеді.

Дарындылық қасиеттері бойынша құрастырылған схемада ата-аналардың аллельді генінің бірінші жұбындағы рецессивті белгілердің бірігуі нәтижесінде жаңа бір гомозиготалы будан пайда болады. Ол — жыныстық фенотипі бойынша әкесіне ұқсас келген төртінші бала. Бірақ неліктен ол әкесінің белгілерін сырт көзге көрсетіп тұр? Осы арада менің көзім жаңа бір тылсым жаңалыққа жеткен сыңайлы. Ол — белсенділік. Былайша қарағанда ата-аналардан бірдей рецессивті түрде гендер арқылы ақпараттар берілген сияқты. Бірақ әкесінің дарындық белгісі жарыққа шығып отыр. Аналық және аталық жақтағы гендердің өзара белсенді, белсенді еместілігі мынадай жағдайларға байланысты деп ойлаймын:

  1. Физиономиялық; тұқым қуалайтын ақпарат адамның ішкі анатомиялық түр өзгергіштіктеріне де байланысты, яғни өзіндік физиологиясына және анатомиясына генетикалық ақпарат белсенлілігі тәуелді болып келеді;
  2. Санитарлы-гигиеналық; тұқым қуалайтын ана және әке жақ линиялар бойынша ақпараттардың бірін-бірі баса озуы адамның күнделікті дұрыс тамақтануынан, өзін-өзі күтуінен де болады;
  3. Экологиялық; атаулы жағдайға адамның тұрғылықты мекеніндегі табиғаты да әсерлі болады. Қоршағаны ортаның қолайсыз жағдайлары адамды өзіне бейімдей бастаған кезде адамның бойындағы гендік мәселелерде өзіндік мәніне орай ерекшелікке түсе бастайды.

Жалпы мен айтып отырған белсенділік ол адамның физикалық белсенділігі немесе оптималды кезеңі емес, бұл оның қоғамдық-саяси тіршілігінен тыс ішкі дүниесінде, яғни генотипінде болып жатқан гендік процес. Сондықтан да бұл белсенділікті гендік ақпарат белсенділігі деп атауға болады. Міне, мен сана-сезімімнен пайда болған бұл ұғымға осылайша философиялық түсіндірме бердім.

 

2.5 Тұқымқуалау заңдылығының ішкі құбылысы

 

Адамның генетикалық объект ретіндегі ерекшелігі — оның генетикасын зерттеуді қиындататын көптеген қайшылықтардың болуы. Олар: жыныстық жағынан кеш-пісіп жетілетіндігі; әр отбасынан тарайтын ұрпақ санының аздығы; барлық ұрпақтың тіршілік ортасын теңестірудің мүмкін еместігі, хромосома санының көп болатындығы, адамға тәжірибе жасауға болмайтындығы және басты бір қайшылық — адамның кейбір тұқым қуалайтын қасиеттерінің мысалы, қабілеті мен мінез-құлқының дамып қалыптасуына кедергі келтіретін ұлтшылдық, нәсілшілдік сияқты әлеуметтік теңсіздіктің болатындығы. Сондықтан да адамды генетикалық жағынан зерттеу кезінде біз адам генетикасындағы алты түрлі әдісті пайдаланамыз және оны білеміз. Солардың бірі — тақырыбымның негізгі өзегі болып табылатын генеалогиялық әдіс. Бұл әдістің көмегіне сүйене отырып, мен мектептегі дарынды оқушылардың бірі Болатова Жадыраның генеалогиялық шежіресін құрдым. Оның генеалогиялық шежіресін (5-суретте) құрудағы мақсатым —  оның бойындағы интеллектуалдық дарын тобындағы математиканы аса зейінмен меңгеруінің себебін анықтау. Көріп отырғанымыздай генеалогиялық шежіреде математикаға бейімділігі бар тек қана үш-ақ адам. Олар: анасы, арғы әжесі және Жадыра. Арғы әжесінен бері қарай математика бейімделу дарыны жол тартқан. Ол әжеден бері қарайғы ұрпақтар генінде рецессивті түрде сақталып  Жадыраға доминантты түрде жеткен. Жадыраның ол дарындылықты пайдаға асыра білуінің негізгі екі себебі бар деп ойлаймын. Біріншіден, аналық линиядан келген дәл осындай дарынның сәйкестік комбинаторикасы арқасында. Екіншіден, оның психологиялық ішкі-сезімінің жарасымды қабылдай білуі. Ал неліктен бүкіл ұрпақ бойынша мұндай дарын тек қана Жадыраға дарыды десек, мұны өзге ұрпаққа үйлесімділігі болмағандығымен түсіндіруге болады. Генеалогиялық шежіреде (5-суретте) негіз болып отырған қасиетті тасымалдаушылар қара түсті штрихпен көрсетілген. Еркек және әйел жыныстылар әр түрлі түспен көрсетіліп ажыратылған. Дарын ата жақ линия бойынша және анасының әке жақ линиясы бойынша тұқым қуалап, ерекше бір сәйкестікпен Жадыраға берілген. Генетикалық тілмен айтқанда, генотипі бойынша біршама белгілері арқылы ажыратылатын екі адамның шағылысуы нәтижесінде, фенотипі бойынша әкесі мен анасының феномдық белгілерін доминантты түрде сақтап, оларды жарыққа шығарған, ал генотиптік-қасиеттік белгілері бойынша ата-аналардың біріне сәйкес келмейтін жаңа бір ұрпақ пайда болды. Гендегі ақпарат алыну кезінде  көп жағынан әкесінің линиясы бойынша рецессивті түрде тасымалданып келе жатқан дарындық қасиетті доминантты түрде қабылдап, оны жарыққа шығарды.

Осыған сәйкес менде жаңа бір ой-түйсік пайда болды. Ол — дарын адамға доминантты түрде берілген кезде оны өзгергіштікке ұшыратуға ат салысатын кері әсерін тигізуші факторлар. Олар адамға үлкен сәйкестікпен дарып тұрған ерекше қабілеттерді өзгергіштікке әкеліп, олардың дамуына тежеу салады. Мен әсер етуші факторларды мынадай критерийлерге жіктедім:

  1. Психологиялық немесе адамның ішкі сезімі. Жеке тұлғаның қалпы мен қасиеттерін, психологиялық процесстердің бірлігін білдіреді. Бұл факторлардың негізгісі – психологиялық қасиеттер. Ал адамның ішкі сезімі бойында бар дарынды дамытуды қаламауы мүмкін. Бұл да сондықтан фактор болып табылады.
  2. Қоғами-әлеуметтік. Адам қоғамына қатысты белгілі бір социалдық топқа, ұлтқа, т. б. қатыстылығынан туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді. Мысалғы, бір дарындылыққа адамның еліктеуіне әлеуметтік тұрғыдан тежеу салады.
  3. Биологиялық. Бұған жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекстер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т. б. кіреді. Әрине,  негізінен тұқым қуалаушылық және туа біткен қабілеттермен байланысты болғанымен, белгілі шектерде өмір сүру жағдайының  өзгеруіне байланысты өзгерістерге түседі. [2; 4 әдебиеттерін сараптай келе]

Тұқымқуалау заңдылығының сыртқы құбылысы бойынша біршама әңгіме қозғалды. Осы теоретикалық ойлау, сипаттау, зерттеу нәтижесінде пайда болған ғылыми жорамалдарды дамыту үшін мен оның айқындалмаған болжамдық жорамалын ұсынамын.

 

2.6 Дарып-даму құбылысының абстракциялық моделі

 

Нағыз талантты адамдардың ұрпақтары неліктен таланттылық дарынын әрі қарай бойына дамытып ұластырмайды? Менің пікірімше, оларға кереғар әсерін тигізетін психофизикалық факторлармен қатар, оларға оны дамыту кезіндегі физологиялық ақаулар да әсер етеді. Өйткені, адам кез-келген жағдайда алға қарай өзінің бойына небір талантты дамытуға тырысып бағады. Бұл — әлеуметтік қоғамдық-идеологиялық процесс. Мен осы бір психологиялық ойлау өрісімен  дарынның талантқа  айналу жиілігінде  түрлі  фаза, түрлі  фактор, түрлі  комбинация, түрлі кезең, түрлі циклді процесс болатындығын ұғындым. Осыған сәйкес мен дарындық қасиеттердің адамның бойына дарып, олардың дамуына ден қойып зейін салдым. Дарынның адамның бойына дарып, дамуы процессінің құбылысына назар аударсақ, олардың белгілі бір сатыда өрбитінін түсінеміз. Менің ойымша, олар адамның бойындағы қабілеттің даму кезеңдері. Даму  кезеңдерін психологиялық тұрғыдан қарастырып, үш кезеңге бөлдім. Бұл   мәселені дамыту барысында оларды бөлек-бөлек тоқталуды ұйғардым.

Қызығушылық кезең. Бұл кезеңде адам бір дарындық қасиетке қызығып, сонымен айналысуды құптайды. Оның қыр-сырларын меңгереді. Бұл кезең үш-төрт ұрпақ алмасу сатысында немесе бір ұрпақтық периодта жүзеге асуы мұмкін. Қызығушылықты былай қарағанда, кез-келген ретте, кез-келген жағдайда болатын маңызсыз құбылыс деп түсінеміз. Бірақ, бұл дәйектеме мен үшін қате. Менің ойымша адамның гендік ақпарат орталығы адамның әрбір іс-әрекетімен қатар, олардың ішкі сезімінде жазып алады. Осыған сәйкес мен ең аз ұрпақтық кезеңді, яғни қызығушылық периодын дарынның талантқа айналу процессінің ең бірінші фазасы ретінде алдым.

Адаптациялық кезең. Адаптация деп отырғанымның өзі бейімделу деген мағынаны береді. Бейімделушілік бір ғана адамда жүзеге асуы мүмкін емес. Ол бірнеше ұрпақ бойы іске асады. Бұл кезеңде ұрпақтар жиілігі қызығып жүрген талантына бейімделе бастайды. Бейімделіп ол мәселені философиялық ішкі ой санасында дамыта бастайды.

Ерекшелену кезеңі. Бұл кезең енді бейімделген адамды қоғам өмірінен ерекшелендіреді, артықшыландырады. Бұл кезең нағыз адамның сол қасиетке вербальды қалыптасуын жақсартады. Ол бірнеше ұрпақтар шеруінен дами-дами келіп, ең максимал нәтижелі гендік ақпараттардың тоғысқан шегі болып табылады. Яғни бұл бірнеше ұрпақтың дарыту-дамыту процессінен кейінгі жалғыз бір ғана адамда болады. Ол адамннан әрі қарай қасиеті бойынша артықшыланған ұрпақ жедел дүниеге келмейді, яғни бұл фаза — қайта бастау кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде максимал дарынды адамнан кейінгі ұрпақ шеруі циклді-периодты        түрде келесі даму процессуалдық кезеңіне түседі.

Айта кететін жәйт: Дарынның талантқа ұласу процессінің даму кезеңдері бір-бірінің ұрпақты даму траекториясын жалмап, жанамалап өте алады. Яғни бір ұрпақ шеруі бір уақытта екі басты және қайта бастау кезеңдерін жүзеге асыра алады.

Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды қамту мақсатында мен жаңа бір мүмкіншілігі шектеулі гипотезаға келіп тірелдім. Менің ойымша, хромосомалардағы гендерде дарынды қасиеттердің ұрпаққа берілу процесі кезінде есептік түрде редупликация жүреді. Бұл құбылыс гендерде болып жататын ақпарат берілу, ақпарат алыну үдерістерін реттеп отырады. Жоғарыдағы бөлімдерде мен гендердегі қасиет, дарын ақпараттарының рецессивті немесе доминантты берілуіне бірнеше мысалдар келтіріп кеткенмін. Бірақ, олар неліктен ұрпаққа берілу кезінде өте күрделі процеспен жүзеге асады? Ендігі көкейкесті проблема осы бір мәселенің бас-қасында болып отыр. Бірақ та бұл мәселенің қандай да бір түйіні болуы тиіс. Осыған байланысты мен бір болжамды ұсынғым келіп отыр. Бұл болжамды теорияға ұластыруым қажет. Бірақ та оны зерттеу үшін түрлі қиындықтар туындайтындығы мәлім. Психологиялық, жеке бас мәселесі және әлеуметтік қиындықтар бұл мүмкіншілікті ақиқатқа айналдыруға кері ықпалын тигізіп отыр. Сондықтан да мен бұл гипотезамды 30%-ға растайтын оның моделін сызба-схема және формула түрінде құрастырдым. (6-сурет) 30%-ға деп тұрғанымның себебі: мүмкіншіліктің философиялық мағынасымен түсіндіріледі, яғни «ия жалған,  ия ақиқат» — деген сөз. Бірақ та «Сенім» деген мәселе тағы бар. Ал мен гендердің ақпарат беруі кезінде қандай да бір заңдылық бар екеніне толық сенімдімін. Мен осы заңдылықты психологиялық-философиялық тұрғыда  болжап, гипотезама гендік ақпарат статистикасы деген ат бердім.

Бұл күрделі схема (6-сурет)  үш жағдайды бірге қарастырып отыр: болжам, болжамдық-формулалар және болжамдық коэффиценттер. Мұндағы негізгі әрекет етуші көрсетілім — бірінші ұрпақтан екінші ұрпаққа ақпараттардың сандық түрде берілу құбылысы. Және де онда коэффиценттердің атауы көрсетілген: Г — гендік ақпарат, Ф — әсер етуші факторлар, Қ — қызығушылық, Б — бейімделішілік және Е — ерекшелену коэффиценттері. Әріппен көрсетілген ұяшықтар гендегі белгілерді сақтау жады болып табылады. Ең бірнші үш ұяшық 100-ден аспайтын ақпараттарды сақтай алады, ал екеуі Б және Е ұяшықтары 50 және 25-тен аспайтын ақпарат сақтайды. Қасиет-белгілердің келесі ұрпаққа берілуі кезінде белгілі формулалармен Г2, Ф2, Қ2, Б2, Е2 жадтарының ақпарат қоры табылады. Мұндағы ең негізгі компонент «Г» коэффиценті болып табылады. Ол өзімен қосып басқа коэффиценттерінің дельталарының қосындысына тең деп шештім. Міне мен осылай гипотезама талдау жасаймын.

 

 

Эксперимент нәтижесі

 

         Мен, «Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық-психологиялық тұрғыда зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жұмысымда көбіне психологиялық мәні бар эксперимент жұмыстарын жасадым. Негізгі әдістемелік эксперимент жұмыстарым төмендегі пункттерге жіктелді:

 

  • Психологиялық сынақтама;
  • Схематикалық сараптама;
  • Адамды генеалогиялық тұрғыдан зерттеу.

 

Психологиялық сынақтаманы біз анонимдік бағытта мектептің 9-10-11 сынып оқушыларына жүргіздік. Ол төмендегідей алты сұрақтан топтастырылды.

 

  1. Сіздің жынысыңыз:

    1) қыз;   

    2) ұл.

  1. Дарын ұғымын қалай түсінесіз?

    1)  Білімді, зерек адамдарда болатын ерекше бір қабілет;

    2)  Адамдардың барлығында болатын немесе туа біткен қасиет;

    3)  Адамның қоғамға ілесе дамуының арқасында пайда болатын қасиет;

    4)  Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын талант;

    5)  Фантастикалық құбылыс;

    6)  Адамның ақыл-ой еңбегінің кеңістіктегі нәтижелі жетістік әрекеті;

    7)  Басқа ой.

III. Адамға берілген дарын қандай процестермен талантқа айналып дамиды деп ойлайсыз?

    1)  Табиғи түрдегі комбинациялық сәйкестік процесімен;

    2)  Көріп, біліп, сезіп сол қасиетке бейімделушілік процесімен;

    3)  Басқалай.

  1. Ол ұрпаққа қалай беріледі деп ойлайсыз?

    1)  Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылығына бағына отырып;

    2)  Ол ұрпаққа берілмейді. Адамға туа бітеді;

    3)  Басқалай.

  1. Өзіңіздің бойыңыздан қандай қасиетті көресіз?

    1)  Интеллектуалдық (оқымысты, білікті, зерек ж/е т.б.);

    2)  Айқын шеберлік (суретші, зергер, қолөнерші ж/е т.б.);

    3)  Мәдени-физикалық (спортқа икемділер);

    4)  Өнерлік (әнші, биші, ақын ж/е т.б.);

    5)  Экстрасенсионарлық (сәуегей, балгер, бақсы ж/е т.б.).

    6)  Ондай қасиеттер жоқ.

  1. Ондай талант (егер болса) сізге кімнен дарыды деп ойлайсыз?

    1)  Әке жақ линия бойынша;

    2)  Ана жақ линия бойынша;

    3)  Екі жақтан да;

    4)  Мұндай қасиет екі жақта да жоқ.

         Эксперимент нәтижесінде 9-10-11 сыныптардан 146 адам қатынасыты. Олардың 66-сы ұл балалар, ал 80-ні қыздар болып шықты. Екінші сұрақты талдай келе мен диаграмма құрдым. (1-сурет) Үшінші, төртінші сұрақтардың талабы комбинациялық құбылыс деген нәтижені берсе, алтыншы сұрақтың талқыламасы мектебіміздегі таланттылардың көбіне дарындық қасиет әке жақ линиядан берілетіндігін айқындатады. Ал мектептегі жоғарғы буын оқуышларының 40%-ы талантты, дарынды болып келгендігі эксперименттің негізгі түйіні болып табылады.

Схематикалық сараптама негізінде «Гендік ақпарат статистикасының гипотезасы» абстракциялық модельде көрсетілді. Мен сараптама нәтижесінде ғылыми мәндікке жақын келетін неше түрлі формулаларды, сызбаларды, заңдылықтарды ойлап таптым. (6-сурет)

Генеалогиялық әдістің көмегімен мен Болатова Жадыра атты дарынды оқушының төрт ұрпаққа дейін баратын шежіресін құрдым. Шежіресін (5-сурет) құру арқылы дарындылықтың ұрпаққа берілу заңдылығын мүмкіндігінше анықтадым.

Жалпы, мен, осындай экспериментальдық әдістемелерді пайдалану арқылы жобам үшін қажетті негізгі айғақтар мен дәйектемелерді кең көлемде жинақтадым. Және олардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмысымды қанағаттанарлық жағдайға жеткіздім.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Мен мектеп қабырғасында оқып жүріп, «Жанам деген жүрекке от берейік» деген ұранды және Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырда білім мен ғылымға ерекше көңіл аударып жатқандығын негізге ала отырып осы жобаны жазған болатынмын. Бұл жобаны дайындау барысында мен түрлі нәрселерді ескеріп көкейіме сақтадым. Мысалғы, мектебімдегі дарынды оқушылар санын біліп, Абай, Мұхтар сынды аталарымыздың генеалогиялық шежіресімен таныса отырып, мектептегі дарынды оқушылардың бірінің математикаға зеректілігінің тұқым қуалауын анықтау мақсатында оның генеалогиялық шежіресін құрып, түпкі тегімен таныстым. Және де мен жетекшіммен бірлесіп генетика ғылымына титтей де бір үлесімді қостым деп ойлаймын. Негізгілерін атап өтсем, «Дарынның сыртқы сипатына қарай жіктелуі» және «Гендік ақпарат статистикасының гипотезасы». Сонымен қатар, биологияның генетика саласын философиямен, психологиямен, тіпті әдебиетпен де байланыстырған секілдімін.        Менің ұсынысым: Әр қоғам өмірінде болмасын азғантай кемшіліктер кез-келген жағдайда болып жатады. Яғни мен осындай мотивпен 9-10-11 сыныптардың биология пәнінен үнемі бір тақырыптарды (генетика, селекция, бөліну жолдары, цитология) өтетінімізге таңырқайтындай жәйтпен қараймын. Себебі, былайша айтқанда, «Олар адамды жалықтырып жіберуі әбден мүмкін» — деген анайы тұжырымға келдім. Мысалғы, физика пәні күннен-күнге күрделеніп жатыр. Сол сияқты биология пәнінен де жаңа бір тақырып, ілімдерді естісек дейміз. Осындай аз-кем проблемаларға көңіл аудара отырып, менің жұмысымдағы зерттелген тұжырымдарды, талқыланған обьектілерді, сарапталған талдауларды және функционалды түрде жүйеленген сызба-схемаларды мектеп бағдарламасына осы сала төңірегіндегі тарауларды өткен кезде қосымша пайдалану үшін енсе деймін.                                                              Қорыта айтқанда, биология пәнінің генетика саласы бойынша «Ұрпаққа даритын қасиеттерді практикалық-психологиялық тұрғыда зерттеу» тақырыбындағы жобада түрлі табыс-нәтижелер пайда болды. Олар:

  • Дарын сыртқы түр-сипаты, көріну құбылысы бойынша бес үлкен топқа жіктелді;
  • Оларды иелену мөлшеріне қарай адамдар өзара екіге жіктелетіндігі айтылды;
  • Психологиялық ой-өрісім бойынша пайда болған «гендік белсенділік және оның сипаттамасы» атты ұғым жобаға енгізіліп, оған өзіндік   түсінік берілді;
  • Адамға үлкен сәйкестікпен дарыған қасиетті, дарынды өзгергіштікке ұшырататын және оның дамуына кері ықпалын тигізетін факторлар      айқындалды;
  • Белгілі әулет бойынша тұқымқуалаушылыққа енген дарындық қасиеттің ұрпақтан ұрпаққа дами-дами беріле отырып, талантқа    айналатындығының сатылары мен фазалары туралы тұжырым    дәйектелді;
  • Дарынның ұрпаққа берілу кезінде қандай да бір заңдылық бар екендігі тұжырымдалып, осыған сәйкес «хромосомалардағы       гендердің   ақпарат алмасу» гипотезасы пайда болды және ол абстракциялық                тұрғыда модельденді

Әрине, бұл кішкене табыс-нәтижелерді ғылыми жаңалыққа ұластыруым қажет. Ол үшін болашаққа негізгі міндеттер жүктеуім қажет. Сондықтан мен мынадай міндеттерді алдыма мақсат қылдым:

  • Дарын туралы негізгі тұжырымдарды әрі қарай зерделеуім қажет;
  • Мектепішілік экспериментальды сынақтаманы кең көлемде, интернет жүйесі, яғни өзімнің электрондық әдістемелік жүйемді         құруым керек;
  • Басқа да адамдардың генеалогиялық шежірелерін құруым керек;
  • Болжам жасалып, тұжырымдалған гипотезаларды шындыққа, яғни теорияға айналдыруым тиіс.

Мен болашақта осы биология төңірегінде оқуға түсуді армандап, жоспарлап қойдым. Оқу орнына түскенде бұл жобамды әрі қарай дамыту барысында, алдыма қойған міндеттерді орындап, жалғастыра беремін. Өйткені, мен үшін бұл жоба аса маңызды және оны дайындауым сәтті қадам болып саналады. Жалпы мен ғылыми жобаны жазу кезінде ғылыми жоба негізі, «мен ғылыми жоба жасап жатырмын» дегеннен туындамайтындығын, нағыз ғалым еңбектерін жариялап жүріп, қалай ғалым болғанын да білмей қалатындығын ұқтым. Сондықтан мен мына айналып, зымырап, тез өтіп бара жатқан уақытты зая кетірмей, осы жұмыспен айналысуды жөн көрдім. Нәтижесінде менде үлкен бір үміт пайда болды. Ол менің бұл жобамның болашағының бар екендігіне үндейді.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Д.И.Трайтак; «Наследственность и изменчивость»; «Биология: справочные      материалы»; Москва,  «Просвещение»; 1983, 133-134 б., Б63.
  2. В.Владиславский, «Тысяча и одна функция»; «Человек среди природы»; Минск, «Вышэйшая школа»; 1975, 52-59 б., В57.
  3. А.Новиков, Л.А.Джалалбекова; «Искусство и его роль в жизни людей»; Хочу все знать!»; Москва, «Детская литература»; 1987, 164-173 б., Х87.
  4. И.Губерман; «Немного анатомии»; «Чудеса и трагедии черного ящика»; Москва, «Детская литература»; 1969, 174-178 б., Г93
  5. Н.Д.Тарасенко, Г.И. Лушанова «Наследственность, среда, болезни»; «Что вы      знаете о своей наследственности?»; М., «Медицина»; 1984, 38-47 б., Т19
  6. Х.Бекмұратов; «Философия», «Мән және құбылыс»; «Саяси сөздік»; Алматы, «Қазақ мемлекеттік баспасы»; 1959, 626-627 б., 360 б., №126
  7. Интернет.