Д. Қасенов. Найзағай

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Д. Қасенов.  Найзағай

Мақсаты:

Білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын  дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, достыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Түлкі мен тиін» ертегісін рөлге бөліп оқыту.  Мазмұндату.

ІІІ. Өткенді пысықтау:

  • Ертегі не туралы?
  • Түлкінің ісін құптайсың ба?
  • Кейіпкерлерге мінездеме беріңдер.

Сергіту сәті.

ІV. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  1. Жаңа сабақ:
  2. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттығу.
  3. Сөздік жұмыс:

— «Жасын» сөзіне мағынасы жуық сөз атау. /найзағай/

—  Жаны түршіккен-шошып кеткен, қатты қорыққан.

  1. Автор туралы түсінік беру.
  2. Мұғалім түсіндірмесі. «Найзағай» мәтінін оқып, таныстыру,талдау.
  3. Оқулықпен жұмыс: мәтінді іштей оқыту. Тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.

VІ. Түсінгендерін сұрау:

  • Мәтіннен жаңбыр құйған сәтті тауып оқыңдар.
  • Найзағай жарқылдаған тұсты тауып оқыңдар.
  • Әңгімеден жаңбырдан кейінгі сәт суреттелген тұсты тауып оқыңдар.
  • Жасыннан қалай қорғану керек екен?
  • «Адасқан сөздер» ойыны. Мәтінге сүйеніп орындау.

 

Жаңбыр жауғанда                қара бұлт пайда болды.

аспан шайдай ашылды.

найзағай жарқылдады.

күн күркіреді.

Жаңбыр басылғанда             жарқырап күн шықты.

 

VІІ. Бекіту. «Найзағай» тақырыбына ойша сурет салдыру.

VІІІ. Қорытынды:

1.Үйге тапсырма:  Мәнерлеп оқу, мазмұндау.

  1. Бағалау