Әкеге ант
Әкеге ант
Көз жасын төгетін,
Кетті ме күн өтіп.
Орның бос қалды ма,
Қорғаным, сен кетіп.
Жалғызбын демеймін,
Анашым қасымда.
Бір сенің демеуің,
Жоқ болды, расында.
Сырымды айтатын,
Жан іздеп сабылам.
Артық жан әкеден,
Жоқ қой деп жабығам.
Қолдауы әкемнің,
Керекті кездерде.
Көңілді алдаймын,
Сабырлы сөздермен.
Түбінде ойлардың,
Отырам күні-түн.
Болашақ өмірге,
Зор менің үмітім.
Қамқорлық жасаймын,
Қарындас, анама.
Шындықты сіңірем,
Жүрек пен санама.
Шыңдарға шығамын,
Әкешім, ант етем.
Жаманды жығамын,
Биікке мен жетем.