Қолдан келсе
Қолдан келсе
Қолдан келсе, шырқар едім,
Махаббаттың асқақ әнін.
Тебірентер едім, тамылжытып,
Рахатқа бөлеп, адам жанын.
Қолдан келсе, ұшар едім,
Ақ үмітті арқалап.
Талай сезім құшар едім,
Болмадым тіпті, жарқанат.
Қолдан келсе, жүзер едім,
Мұхиттарда тұңғиық.
Әттең, арман алыстасың,
Бұл да болды тым биік.
Қолдан келсе, айналар ем,
Өзен болып ағар ем.
Енді қайттым, осы ғана,
Тудыра алмадым, жаңа әлем.
Қолдан келсе, тұтқын болу,
Жақсылыққа әрдайым.
Бұл да, сірә, мүмкін емес,
Тек қана өлең арнаймын.
Қолдан келсе, кірлетпес ем,
Кеудедегі пәктікті.
Шайқасқанда қараменен,
Мен қолдаймын ақтықты.
Қолдан келсе, сақтап қалу,
Өмірлерді қымбатты.
Тағдыр, адам аямайды,
Соққы берер тым қатты.
Мәңгі өлең жазар едім,
Өлмеу егер қолдан келсе.
Ақын атын тағар едім,
Бағым егер маған ерсе