Бәрі де ақ

                                   Бәрі де ақ

 


Ақ ағаш қар жапқан,

Пәк жүрек тәрізді көрінер.

Ақ ағаш қар жапқан,

Орын бер, көңілдің төрінен.

 

Ақ жүрек, ар жапқан,

Сезімді жолдасым етсеңші.

Ақ арым, мұң жапқан,

Қуаныш кеудеден кетпеші.

 

Ақ мұңым, сыр жапқан,

Толтырма уайымға ойымды.

Ақ үміт, гүл жапқан,

Бір өзің биледің бойымды.

 

Ақ бақыт, бақ жапқан,

Жолаушым, сәттілік болсыншы.

Ақ бағың, жыр жапқан,

Ақ түске өмірім толсыншы.