Кештің тақырыбы: Теңіздей тебіренген дауыл күй

Кештің тақырыбы: Теңіздей тебіренген дауыл күй

Кештің мақсаты: 1) Оқушыларды ақын шығармашылығымен,

өмірбаянымен, азаматтық тұлғасымен таныстыру;

2) поэзияны сүюге үйрету, оның құдіретін сезіндіру;

3) оқушылардың өлең,  көркем сөз оқу, ән айту

қабілеттерін дамыту, өлең жазуға, ән айтуға

қабілеті бар балалардың талабын ұштау.

Көрнекілік:  Қасым Аманжоловтың портреті, интерактивті тақта.

Кештің барысы:

Жүргізуші: Ей тәкәппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,

Мен қазақтың  баласы, — деп,  кезінде ағынан жарыла толғанған ақиық ақын Қасым Аманжолов … Тірісінде – ақ аңызға айналған Қасым – ешкімге ұқсамайтың дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді.  Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.

Дейсіңдер – ау Қасымның несі басым?

Қасым солай болмаса, несі Қасым? – деп, ақындықтың асқар тауындай ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен.

1 – оқушы:  Қысқаша өмір жолына тоқталады.                                   Гүлназ

2 – оқушы: Туған жеріне арнаған өлеңі «Сарыарқаны» оқиды        Жадыра

3 – оқушы: Өмір жолын жалғастырады                                               Гүлмира

4 – оқушы: Өмір жолын жалғастырады                                                Назерке

5 – оқушы: Өмір жолын жалғастырады                                               Альмира

Жүргізуші: 1933 жылы 22 жасар Қасым әскерге алынады. Ол кезде Оралда атты әскер полкі болатын. Екі жыл әскери міндетін ойдағыдай өтеп шыққаннан кейін Оралда ұйымдастырылып жатқан қазақ театрының көркемдік жетекшісі болады. Қаладағы өнерге құщтар жастарды театрға шақырып, оларды  жаңа  рөлдерге баулыды. Театрдың өрісін кеңейтуді көздеп, оркестр құрады. Сөйтіп Орал театры республикадағы қазақтың  тұңғыш музыкалық драма театры болады.

Ол кезде Оралда бірқатар талантты жастар тобы қалыптасқан – ды: Қажым Жұмалиев, Қуан Тастайбеков,  Жәрдем Тілеков, Батыр Қадырниязов, Абдолла Жұмағалиев, Хамит Ерғалиев. Қасым осы лаулаған  талант  иелерінің ортасында болады.

Оралда болған жылдар Қасым ақынның ең бір шарықтап өрлеген, талантының толысқан кезі еді. Қасым аяқ астынан өлеңді төгіп жіберетіндігімен, ән құмарлығымен, сауыққой ерке серілігімен жұртты тәнті ететін.

6 – оқушы: Домбыра өлеңін мәнерлеп оқиды.                         Ғани

Жүргізуші: «Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған» деп Абай атамыздың өзі айтқандай, Қасымның ақындық, серілік, оның үстіне бекзаттық адамгершілігі алдында көп сұлулардан ерік кетті. Оралдағы жылдар «Махаббат қызық мол жылдар» болды. Махаббат, ақындығына қанат бітіргеннің  бірі – осы. Оралда 1935 жылы кездескен Сақыпжамал:

Сақыпжамал, атың қандай,

Сәпен дейміз қысқартып.

Жар бола гөр айтылғандай,

Сенен қайсы қыз артық, — деп

жырлаған Сақыпжамалға Қасым 9 жылдан кейін, соғыстан аман – есен оралған соң қосылады. Екеуінің армандары орындалып, балалы – шағалы болады. Жанар, Дариға атты қыздары болады. Қасым Дариғасын ерекше жақсы көрсе керек. «Дариғасыз бір күн де өмір сүре алмаймын» дейді екен.  Дариға бір жарым жасында қатты ауырады. Сол кезде жазылған ақынның

7 – оқушы: «Балам ауырғанда» өлеіңе құлақ салайық. Серікбол

Жүргізуші:Осы жылдары Қасымның өлеңдері газет бетінде көріне бастайды. Әсіресе Оралдың «Екпінді құрылыс» (қазіргі «Орал өңірі») газетінде жиі басылады. Жұртшылық Қасымды ақын ретінде 1936 – 1937 жылдары барып қана  жыға таниды. 1938 жылы оның «Өмір сыры» атты тұңғыш жинағы жарыққа шығады.

Қасым әскерге 1941 жылы – ақ шақырылады. Оларды Қиыр  Шығысқа жөнелткен.

8 – оқушы: «Қоштасу» өлеңін оқиды                            Лаура

9 – оқушы: «Елге хат» өлеңін жатқа айтады                Қуандық

Жүргізуші: Қасымның шынайы ақындық болмысы соғыс жылдары көрінеді. Ол қазақ ақындарынан тұңғыш қаһармандықтың, қайсарлықтың тамаша үлгісін көрсеткен Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдайды. «Ақын өлімі туралы аңыз» ауырып емханада жатқанда жазған.

10 – оқушы:«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының  тарихына тоқталады.Аяжан 11 – оқушы: «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді оқылады.

Жүргізуші: Поэма небәрі 220 жол. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылық, шиыршықталған шымырлы, жұдырықтай тас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес.

Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы ауылында  дүниеге келген. Алғыр да от шашқан ақындық талантымен ерте танылған.Оралдың педагогикалық институтында оқып  Қасыммен жақын достасып кеткен, айрылмастай бір теректің қос бұтағындай болған екен. Абдолла 30 жасында  шейіт болады. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз»  поэмасына әдебиет сыншылары сол кезде «Бүкіл қазақ совет поэзиясының маржаны» деген үлкен баға берді.

12 – оқушы:      Күй:        Гүлзат

Жүргізуші: Орал Қасымның аяулы  ақындық бесігі еді. Әрбір ақынның өзі шыққан тауы болады десек, Қасым шыққан поэзия тауы асқақ та, биік те. Осы биікке ол Оралда жүріп көтерілді.  Сондықтан да Оралды, Жайықты жанындай сүйді, жас жүректің лүпілімен сүйді., шырқаған шабыты да осында шарықтады.

… 1943 жылдың қысы еді. Қиыр Шығыстан майданға апара жатқан эшелон Оралға  тоқтады. Жұпынылау киінген, өз сөзімен айтсақ,  балтырға шұлғау байлап, кең де ұзын шинельді сүйрелете, ынтыға жүгіре, эшелон бастығына келді, қысқа – қысқа сөйлеп, қаланы аралауға екі сағатқа  жіберуді өтінеді.Әскери тәртіп қатты ғой, командирді кінәлауға болмас, рұқсат болмағасын көңілі түсіп, ызасы да, қайғысы да аралас халде отырып, ойындағысын мұңайып барып қағазға түсіреді. Енді сол өлеңге көңіл бөлейік.

13 – оқушы: «Оралым менің, Оралым» өлеңін жатқа оқиды.

Жүргізуші: Соғыс кезінде қайнаған Қасым шығармашылығының ғажайып маржандарының бірі «Дариға, сол қыз» — тұтас бір соғыстың шежіресі. Басты кейіпкері – қазақ батыры, ақыны. Сол сұрапыл соғыс, сол сүйген қыз,  өмірге құштарлық. Қансырап жығылған, семіп бара жатқан батырды қыз тұрғызып жібереді. Өмір елестеп, қыз алыстап, аласұрған, еңіреген ақын аяғында өлімлі алыстатқан әмірші қызбен, өмірмен қайта табысады.

14 – оқушы: «Дариға, сол қыз» өлеңін оқиды.                     Динара

Жүргізуші: Қасымның өмірінің  ең жайдарлы да қуанышқа толы жылдары Орал елінде өтті. Оны өзі жырлаумен өтті. Қасым соғыстан келген  с оң тұрмыс тауқыметін көп көреді. Оралға тек бір рет қана келген екен.  Сол кегенде шығарған «Жайық» өлеңі өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көрген.

15 – оқышы: «Жайық» өлеңін оқиды                                     Асхат

Жүргізуші: Соғыс жылдарындағы оның шығармалары бейнелеу, образ байлығымен, мүлдем жаңа сөз мұратымен, теңеулер тосындығымен,  сезім жомарттылығымен ерекшеленеді. Талант ауқымы, диапазоны кең ақын соғыстан оралған соң да айтарлықтай туындылар берді.

16 – оқушы: (Оқушылар ақынның өлең топтамаларын оқиды)

Жүргізуші: Өткенді жаңғыртып қопарудың қажеті де болмас. Дегенмен Қасым тірісінде де, өлгенде де жолы көп болыңқырамаған ақын.

Соғыстың, қыстың ызғары

Бойымнан кетпей боп сырқат,

Емендей жалғыз құздағы

Айналаға болдым жат, — деп

өзі айтқандай, дерт үстінде  жатқан  ақынды сен ұлтшылсың деп күнде көзіне басып, өлеңдерін өзгерттіріп, қымбат бейнет беріп, арзан ақыға қамаған ғой. Өлмесіне қоймаған.Қасым елуге жетпей дүниеден озған.

Жаттаулар:

Жүргізуші: Қасым соғыстан кейін ауыра бастайды. 1955 жылдың қаңтарында  аурудың жеңе бастағанын сезіп, «Осы қаңтардан аман өтсем, ұзақ жасаймын» деп өзін — өзі қайраған екен. Өйтетін себебі, өзінің әкесі де қырық төрт жыл өмір сүріпті. «Қырық жыл қырғын болса да,  ажалы жеткен өледі» дген рас. Қасым ұлы қырғын соғыстан аман келіп, дәл  қырық төртінде дүние салады.

Жүргізуші: Қасым өткір мінезді, бұрқ – сарқ қайнап, дауылдап жүрген болса керек. Музыкалық дарыны ерекше болған. Жас шағында өзінің мандолині, арнайы жасатқан баяны болыпты. Сауыққұмар Қасым татар әндерін ерекше жақсы көріпті. Өзінің де сазгерлік қырының ашылуына осы жайлар әсер еткен болуы керек.Ақын өзінің композиторлығына ерекше мән бере қоймаған. Топ әндерінің ішінен «Дариға, сол қызы» ғана нотаға түскен. Әбілахат Еспаев нотаға түсірген.

18 – оқушы: Ән.

Жүргізуші:  Өлең жазған кезінде Қасым өзімен өзі жеке  отырғанды ұнататын.  Түн кіре үйіндегілерді жатқызып тастап, сары самауырды қайнатып қойып жазады екен. Домбырасы да қолында. Шабыт шақырудың әдемі тәсілі —  перне бойына саусақ жүгірте ойлану.

19 – оқушы: Ән

Жүргізуші: Поэзия халықтың рухын көтереді. Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе осы жағында Қасымның мейлінше жалынды, лепті, сыршыл поэзиясы — әр  ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия.

Кеш соңында «Туған жер»       әні.