Таңғажайып табиғат
Таңғажайып табиғат
Күннің нұры көзіме түсті
сәулеленіп жарқыраған,
Таң атты, құстар аспанда
ән салып шарықтаған.
Таңғы самал неткен тамаша
иісі жұпар
Рахаттана бар кеудеңмен
болсаң жұтар.
Көңілді тербетеді
елжіретіп,
Бар уайымды ұмытасың,
есің кетіп.
Жарыққа көзің бөленді
жанған оттай,
Келші құрбым, қыдыралық
босқа жатпай.
Сезіміңді сергітейін
мен сенің,
Кеудеңді бір құмар бассын
еңселі.
Қара көкке күннің көзі күледі,
Ашық аспан бізге бақыт тіледі.
Гүлдер жайнап жұпар иіс
төгеді,
Таңғы самал әсем күйге бөледі.
Сыр айтады қалың ағаш
жапырағы,
Күй ойнаған тәрізді
өзеннен су ағады.
Қиялды көкке ұшырып
ойың қанат қағады,
Самал жел ән сияқты
жаныма әбден жағады.
Көптен бері болмап едім
мұндай күйде ғажайып,
Ішімдегі бар сырымды
айтқым келді мен жайып.
Неткен ғажап қыдыру
құшағында орманның,
Тылсым күйге бөленіп
қиялында арманның.
Қандай рахат қыдыру
көл басында,
Тұрса толқып, нұр шашып
ай аспанда.
Жұлдыздар әкетеді
бізді арманға,
Тамсанбайтын жұлдызға
адам бар ма.
Бар нәрсені ұмытып
өмірдегі,
Құмартасың тәтті сәтке
көңілдегі.
Ән салғым келіп-ақ тұр
мен айқайлап,
Ұрлана қарағандай
бәрі байқап.
Айтарым сол, жан құрбым,
сенесің бе?
Сырын ұқтым табиғаттың
білесің бе?