«Бұғылар туралы не білесің?»

 

Тақырыбы:

«Бұғылар туралы не білесің?»

 

АҢДАТПА

 

 

 

Зерттеу жұмысы  бұғылар туралы  кітаптарда берілген материалдар мен Бурабай кентінде орналасқан ГНПП «Бурабай»  табиғат мұражайының материалдары  негізінде жүргізілген. Жұмыс мазмұнында Абылай бейнесінің жасалу тарихы,Абылайдың ел басқаруға келуі туралы өлең жолдары берілген.

Оқушы зерттеу жұмысының соңында Ұлы Абылайды ҚР Президентімен салыстыра отырып, Венн диаграммасын құрастырған.

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……………………………………………………………………………………….5
I. Абылай ханның ойша салынған және шынайы бейнесі…………………………………………………………………. 

6

ІІ. Абылай кім болған? ………………………………………………………8
ІII. Абылай хан туралы өлең жырлар…………………………………………. 

9-12

ІV. Абылайдың ата-тек шежіресі.

………………………………………………………

 

13

Қорытынды ………………………………………………………14-15
 

Пайдаланған

әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………..

 

 

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

Менің аты-жөнім: Курманкулов Шахназар. Мен Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде 4 «К» сыныбында  оқып жүрмін. Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Бұғылар туралы не білесің?»

Бұл тақырыпты алған себебім: Мен әке-шешеммен машинамен  Аққайың ауылы жағымен  Маданиет ауылына бара жатып бұғыларды көрдім. Анамнан және әкемнен бұғы туралы сұрап едім, олар қандай бұғы болады? Біздің Бурабайда  қандай бұғылар бар білгің келсе өзің ізденіп оқы деді. Сол мәттен бастап мен бұғылар туралы көбірек білсем ғой деген ой туды. Достарыма да әңгімелеп айтып беретін едім. Қызық қой!

        Өз туған жерім  Бурабайда  бұғыларды жиі көремін. Бұғылар туралы мәліметтер неге жинамауға? Неге зерттемеуге? Олар туралы көп білгім келеді. Сондықтан алдыма қойған мақсатым: бұғылар туралы материалдар жинау. Олар не жейді? Қайда мекендейді? Неше түрі бар? Біздің Бурабайда  қандай бұғылар бар? –деген сұрақтарға жауап іздедім.  Мен өз туған жерімді мақтаныш етемін.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында мен кітапханада, үйде кітаптарды оқып, Бурабай кентінде орналасқан ГНПП «Бурабай»  табиғат мұражайына барып фотосуреттерге түсіріп, «Аққайыңға» барып бұғыларды көріп видеофильмге түсірдім.

Ғылыми-зерттеу жұмысымның 1-бөлімінде «Бұғының неше түрі бар? Неше тұқымдас тармағы болады?» деген сұрақтарға жауаптар іздедім және бұғылар туралы жинаған деректер нәтижелерін сіздерге айтып бермекпін

Бұғы, бітеумүйізділер-жұп тұяқтылар тобына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының 30 түрі 5 тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар, мунтжақтар, су бұғылары, нағыз бұғылар, Америка бұғылары.

 

1-сурет. Мунтжақ.

 

 

Бұғылар 5 тұқымдас тармағына бөлінеді:

 

Құдырлар

 

Мунтжақтар

 

су бұғылары

 

нағыз бұғылар

 

Америка бұғылары

 

Қазақстанда бұғының  екі тұқымдас  тармағының 4 түрі:

құдыр

елік

марал

бұлан

орманды алқаптарында мекендейді.

 

2-сурет. Марал.

3-сурет. Елік.

 

4-сурет. Теңбіл бұғы.

 

Бұғылар Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған.  Қазақстанда бұғының  екі тұқымдас  тармағының 4 түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарында мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік

(су бұғысын қоспағанда) еркегінің тармақтанған сүйекті , қуыс мүйізді болады.

 

 

 

5-сурет. Виргиния бұғысы.

 

6-сурет. Пуду.

 

Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады.Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста  немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т.б. корек етеді.

 

 

 

7-сурет. Солтүстік бұғысы.

 

 

Жыныстық жағынан 1,5 жылда жетіледі. Күйлеу мерзімі тамыздан басталып қазанның  ортасына дейін созылады. Ұрғашылары мамыр-шілде айларында бұзаулайды. Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және еті пайдаланылады. Теңбіл бұғы  мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады. (Панкратин, бальзам т.б дәрілер жасайды.)

 

 

 

7-сурет. Бурабай ормандарында мекендейтін бұғы.

 

 

8-сурет. Бурабай ормандарында мекендейтін еліктер.

 

9-сурет.  ГНПП «Бурабай» жерінің картасы.

 

 

 

Қазақстанның қызыл кітабы беттеріне түскен тоғай бұғысы.

Жойылып бара жатқан Орта азиялық түрше. Ертеде Қазақстанда Сырдария мен Іле өзендерінің бойында мекендеген, бірақ 60 – жылдардың ортасында  толықтай жойылған.

1981 жылы Тәжікстаннан бірненше бұғы әкелініп, оларды Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан Қарашеңгел аңшылық шаруашылығына жіберілді. Саны 200-ге жетіп, одан ары қарай өсуде. Бұл бұғыларды Сырдария мен Іле өзенінің бойында тіршілік мекені әлі де болса сақталған жерлерге жіберу керек.