Достарыма кеңес айттым

9

Достарыма кеңес айттым


 

 


 Қосалқы сөздің керегі жоқ,

 Керегі жоқ басқаның.

Кей адамдар айтып салып,

Білмей қалар сасқанын.

 

Кір келтіріп көңіліне,

Өзге жанның жазықсыз.

Еріп сайтан сөзіне,

Неге бұндай болдық біз.

 

Балағаттап біреуді,

Қолдан келер іс болды.

Көре алмай кей жақсыны,

Қаның қашып,  мұз болды.

 

Күліп қарап өзіңе,

Сырттан пышақ қадайтын.

Жандар көп қой өмірде,

Жақсыға өзін балайтын.

 Кемшілігін білмей тұра,

Өзін мінсіз санайтын.

Басқалардың құлдырауын,

 Шын көңілмен қалайтын.

 

Жарқырайды ондай  жанның,

 Байлықты көрсе көздері.

Пайда табу үшін олар,

Өтірік қылар сөздерін.

 

Сендерге ақыл үйретер,

  Адам мүмкін мен емес.

  Достық ниетпен  ескертер,

 Сөзімді ешкім елемес.

 

«Абай бол» деп достарым,

Айту менің парызым.

Болмасын деп күні ертең,

Өмірге айтар арызың.


 

                                                          Көңілге қонар нәрсе тап,

                                                           Босқа жүрме, замандас.

                                                           Түкке ебі болмаса,

                                                          Басқаға ондай  болар қас.