ТОЙБАСТАР — СӘУКЕЛЕ

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………..2

  1.       Тойбастар туралы мағлұмат…………………………………………3
  • Тойбастар туралы жырлар……………………………………………3
  • Сәукеле………………………………………………………………………5

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………6

ҚОСЫМША………………………………………………………………………….7 — 11

 

 

 

КІРІСПЕ

 

МӘСЕЛЕ:

Бүрынғы кездері тойбастар мен қазіргі таңда өміріміздің жаңа дәстүріне орай тойбастар айырмашылығы.

МАҚСАТЫ:

Ұлттық сал дәстүр туралы жалпы мағлұмат ала отырып, сыныптастарыма кішкене болсын үлгісін көрсетіп таныстыру.
МІНДЕТТЕРІ:

  • Тойбастар мен сәукелеге байланысты материалдар жинастыру
  • Тапқан материалдарды іріктеп, жинақтау.
  • Салт дәстүр жайлы білімімді тереңдетуі

 

НЫСАНЫ: сәукеле

 

ПӘНІ: ұлттық дүние таным және еңбекке баулу

 

БОЛЖАМ: егер біз сат дәстүрімізді дұрыс сақтай алмасақ және жете білмесек біздің келешегіміз бұлыңғыр.

НӘТИЖЕСІ:  жоба жұмысын рәсімдеу

 

 

 

 

 

Бүрынғы кездері тойбастар жырында кір жуып, кіндік кескен жерін, ел-жұртын, алтын ұясын тастап кету қызға да, әлпештеп өсірген өз баласын басқаға беріп жіберу ата-ана мен ағайын-туғанға да оңай еместігі былай өрнектелген:

Егіліп сен жылайсың: «Елім-ай!» – деп,

             «Құрбылас, ойнап-күлген теңім-ай!», – деп.

Сонымен қатар, той бастар жырында ұзатылып бара жатқан қызға: «Жарқыным, кетемін деп көп қайғырма. Бұрынғы қалған жолы ата-анадан», «Шырағым, жыласаң да уанарсың, Ақша отау шетке тіксе қуанарсың», – деп жұбату айтады. Мұндай  жырлардан біз елдің өткендегі салтын, әдет-ғұрпын танып, білуге болады.

Қазіргі уақыттағы тойбастардың айрмашылығы

Қазіргі таңда өміріміздің жаңа дәстүріне орай тойбастар жырының мазмұны да жаңарды. Халықтың ерте заманнан келе жатқан бұл салт жыры бүгінгі шат-шадыман заманымызда отау құрған жас жұбайлардың үйлену тойында айтылады. Жаңарған тойбастар жыры тойға жиналған көпті думанды қызыққа шақырады. Той бастаушы:

Шырқа әнге шалықта,

             Би дегенде жалықпа, – деп қызық көркін қыздыра түседі. Мұнда бұрынғы тойбастардай жұбату жоқ. Жастардың тойын көңілді де қызықты өткізейік деген тілек, ниет қана бар. Ендеше, халқымызда той көбейе берсін, тойдан тойға жете берейік!

Тойдың аты той. Күш сайысы да, сөз сайысы да осында. Өнерлінің бақыты озып, өнерсіздің шабыты қозып, әйтеуір қай қайсының да бей жай қала алмайтыны  анық осындай сәттерде. Оның үстіне ол қыз ұзатып, келін түсірген, жаңа бір отаудың шаңырағы көтерілген той болған соң, сөз бар ма?! Мұндай да тойдың қызықты өтуі оның қалай басталғаны да байланысты болғандықтан жүктің ауыры тойды бастаушыға түседі.

Той иесінің ел арасындағы беделі, орны қандай?  Тойдағы сайыстардың түрлері қаншалықты, қай жерде , қай кезде өтеді? Сондай ақ қыз ұзатылар той болса, қалыңдықтың қаяулы көңілін майдалай желпіп, ебімен сергітерліктей  сөз  орайын тауып, ал келін түсіретін той  болса шалқыған сезімнің тиегін ағытып, желдірте  жырлай, шырқай білуі керек.

Тойбастар жырының түрлері көп. Бірақ, айтайын деген пікірі осы үзіндіден алшақ кетпейді. Тойбастар жырының көбісі ақ бата берумен, жақсы тілекпен аяқталады. Қыздың ұзатылып барған жерінде бақытты болуына, бейнет көрмей өмір сүруіне елдің тілектестігін білдіреді.

Қазақтың қыз ұзату тойы той иесінің әл-ауқатына қарай жұрттың жиналуы жағынан бірдей болып келмейді. Ол – табиғи нәрсе. Бірақ, тойдың көпшілігіне тән, салтқа айналған бір әдет той асы, қонақ асы біткеннен кейін әр түрлі қызықтар (ат шабу, палуанға түсу т.б.) көрсету үшін, ең әуелі тойдың ойыны басталатынын хабарлау керек. Тойшы қауым қызық үшін келеді. «Тойға барсаң тойып бар, жұмысыңды қойып бар», – деген мәтел де осыдан шыққан болуға тиіс. Сол қызықтың әуелгі беташары – тойбастар жыры. Атының өзі тойды бастаудан шыққанын көрсетіп тұр:

Мәселен, тойды:

Әдетім той бастайтын әуел баста,

Сұлу сөз жарасады қарындасқа.

Шабытым көкірегіме жел берген соң,

Бұл тойды кім бастайды бізден басқа, – деп «ала құйын желі бар» ақын жігіт

бастайды.

Той бастардың негізгі мазмұны – тойдың салтын дәріптеу, той иесі қызды мақтау, той жасаушылардың жақсы тілеуіне үн қосу.

       Құтты болсын тойыңыз, той иесі,

       Той есесін тәңірім толтырады.

       Құтты болсын айтамыз тойыңызға,

       Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын!..

 

 

Тойбастар — қыз ұзату, үйлену, т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену той күні жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады.

 

Той бастар өлеңі.

Бисмилла, өлең басы той басталық,

Бұл тойды асықпастан жай басталық.

Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз,

Бұл тойың құтты болсын дей басталық.

 

Бисмилла, деп бастайды тойдың басын,

Әумин! – деп көтерер қойдың басын,

Той жасатты екі жас отау тігіп,

Өмірлері ұзақ болсын екі жастың.

  

Тойы болса Албаннан Алжан бастар,

Ауқымнын жүйрік аттай кесіп тастар.

Той иесі дарынды мырза болса,

Той бастар деп алдына кілем тастар.

 

Икемді, епті жігіт атқа шабар,

Ән шырқап, өлең айтып, көңіл ашар.

Той жасаған азамат жомарт болса,

Ат мінгізіп, үстіне шапан жабар.

 

Бұл тойға жекжат, туыс келіп жатыр,

Ақ батасын жұбайларға беріп жатыр.

Құтты болсын ақ босаға жұбайлардың,

Жақсы тілек көпшілік тілеп жатыр.

 

Осыменен той бастар тәмам болсын,

Той жасатқан жұбайлар аман болсын.

Беті ашылсын той бастар сыйлығының,

Бөлісіңдер сыйлықты ырым болсын.

  

Думан ғыла көп халық өлең айтар,

Таң атырып шат көңілмен үйге қайтар.

Көп тілеуі көл деген осы емес пе,

Жұбайларға қол жайып батаны айтар.

 

Осылай деп  тойды ауылға қонаққа келіп жатқан қонақтар бастайды, тойбастардың сый -сияпатын тойдың сарқыты етіп, өзара бөлісіп алады. Той тойға ұлассын!

 

 

 

Сәкеленің жасалу жолы

Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін аса қымбатты, бағалы,кәделі әрі әсем баскиім. Сәукеле баскиім ғана емес, сонымен қатар киелі деп есептелген. Оның биіктігі мен сәнделуі күнмен шағылысқан. Сәукеле 70см (2-3 қарыстай ) биік, дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Ол тәж, төбе, құлақбау және артқыбау деген негізгі бөліктерден тұрады.

Сәукелені неліктен сәукеле атаған?

Алдыман Сәукеле жайлы сөз қозғасақ.
«Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі.
Сәукеленің төбесіне, өн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды.»
Дегенмен оның неліктен сәукеле аталатынын білесіздер ме? Неге Бәукеле емес, неге сәукеле деген ой мазаламады ма бастарыңызды.Менікін мазалап еді бұрынырақта.
Жоғарыда атап өткеніміздей сәукеле ұзатылған қыздың қайын жұртына жеткенше киіп баратын бас киімі. Бұл бас киімді қыз бір-ақ рет киетін болған. Жолдың ұзақтығына байланысты үш күн не бір күн деп кесіп айта алмаймыз)))).Әйтеуір бір-ақ рет киетіні ақиқат. Қыз әкесі бай болса бір сәукеле үшін қырық қысырақтың құнын беріп те жасататын болған екен. сондықтан да бұл бас киімнің әдемілігі мен қымбаттығын қатар елестете беріңіз. Міне, осындай Сәукелені қолға түсіру мақсатында жол торитын  қарақшылар сол замандарда да бар еді. Ал, келінді күтіп отырған ауылдың балалары қозы көш жерден таймен күтіп алып, адамдардың, сәукеленің амандығын көріп (бұл жерде адам амандығы бірінші орында тұр,қарақшылар пышақ тіреп сәукелені ғана алып кетпеген. Шағын ғана күйеу һәм қалыңдық тобының адамдарын шығындап, кейде бәрін қырып кететін кездерде болған деседі) «Сау келеді, сау келеді»-лесіп ауылға қарай шабатын болған деседі.

 

Тектілікке аса мән берген халқымыз қалыңдықтың шыққан тегін, дәрежесін осы сәукелесіне қарап бағалаған, анықтаған. Әрине бұндай бағалы баскиімді байлар мен ауқатты адамдардың қыздары ғана киген.

ХІХ   ғасырдың алғашқы жартысында Кіші жүздің Байсақал атты байы мен Орта жүздің Сапақ байы құда болыпты. Байсақал құдаларына қыздың сәукелесін жіберіпті: «Басқа ештеңе сұрамаймын, тек осы бір сәукеленің бағасын өздері есептеп берсе болды», — депті. Сонда Кенесарының ағасы Саржа төре сәукеленің бағасы: «Бес жүз байтал екен, сондықтан қызының малы бес жүз жылқы болсын деп», — деп кескен екен.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
  2. Тойбастар туралы не білеміз? Автор:БУРХАНОВА Назира
  3. Қазақ әдебиеті 9 қаңтар, 1996ж. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
  4. Қазақ халқы ұлттық киімдері АЛМАТЫКІТАП  2007ж.