«Қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып оқыту» тақырыбындағы ғылыми жоба
«Қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып оқыту» тақырыбындағы ғылыми жоба
Зерттеу жұмысының мазмұны
- Абстракт ——————————————————————— 3
- Кіріспе бөлім ————————————————————— 4
2.1. Қазақ тілі туралы ——————————————————- 4
- Зерттеу бөлімі ———————————————————— 6
3.1. Қазақ тілінің құрылымдық ерекшеліктері ———————— 7
3.2. Қазақ және орыс тілдеріндегі айырмашылықтар —————- 10
3.3. Тіл туралы мақал – мәтелдер ————————————— 11
- Қорытынды бөлім ————————————————— 14
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ——————————— 15
- Жоба жетекшісінің пікірі ——————————————— 16
- Абстракт
Зерттеу жұмысының мақсаты – 1. мемлекеттік тілді насихаттау;
- тіл үйренудегі шығармашылық қабілеттерімді қалыптастыру;
- сөйлеу мәдениетімнің деңгейін арттыру;
- мақал-мәтелдердің мағынасын түсіну.
Зерттеу жұмысының міндеттері – Оқушылардың, менің достарымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге және жеке өмірлік тәжірибесін кеңейтуге ықпал ететін тіл шығармашылығының бірегей формасы, тіл туралы мақал-мәтелдердің мәнін ашу.
Зерттеудің болжамы – Қазақ тілінің cөйлеу мәдениетін, нақтылығын, байлығын анықтайтындығы жөніндегі болжам алынды.
Зерттеу пәні – Қазақ тілі.
Зерттеу әдістері – Талдау, бақылау, іс-тәжірибеде қолдану.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындылар – жастарға тәлім-тәрбие
беретін, ұнамды үлгі қалыптастыратын қазақ тілі туралы насихаттау; тіл туралы мақал-мәтелдерді мектеп өмірінің барлық сабақтарында кеңінен
енгізу керек деген қорытындыға келдім.
Іс-тәжірибеде пайдалану аясы – Мектепте тек қазақ тілі мен әдебиеті пәні ғана емес, сонымен қатар басқа да оқу пәндерін оқыту іс-тәжірибесінде; әсіресе, жастардың
сөйлеу тілінде пайдалану керек.
- Кіріспе бөлім
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, —
деп өз өлеңінде Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлаған еді .
Қалай ойлайсыздар, бұл өлеңде не туралы айтылған? Әрине, тіл туралы. Қазақ тілі туралы.
Сондықтан бүгінгі қорғайтын жобамның аты «Қазақ тілі мен орыс тілін салыстырып оқыту». Мен Батпақ селосы №6 орта мектебінің 11сынып оқушысымын.
Тіл — ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл – ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан — ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі. Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
2.1. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 15 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.
1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады. Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамының материалдық және рухани байлығын жасаушысы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым-қатынаста болады. Адамдардың өмір сүруінің, тіршілігін жүзеге асыруының құралы – тіл. Адам – тілімен адам. Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл – қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді.
Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуымен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Ұлттың өмір сүруінің кепілі – ұлттық тіл. Қазақтар өзінің ұлттық тілін «Ана тілі» деп атайды. Қазақтар ана тілі – қазақ халқының ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Соған қарамастан, халық тілі өз ішінен сараланады. Ол, алдымен, бүкіл қазақ ұлтына және Қазақстанды мекендейтін басқа ұлттарға ортақ, түсінікті әдеби тіл. Екіншіден, белгілі аймақта, жергілікті сипатта қолданылатын диалектілер, үшіншіден, ауызекісөйлеу тілі. Бұлардың қоғамдағы орны, маңызы, қызметі бірдей емес, бірақ осының бәрі ұлттық тілді құрайды. Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Көп ұлтты Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметінтолық атқару үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды. «Қазақ КСР-нің тіл туралы Заңы» 1989 жылы қабылданды. Одан кейін қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуына байланысты 1992 жылы және 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Жаңа Конституциясында Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі. Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» қабылданып, оның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылған.
Мемлекеттік тіл – Қазақстан мемлекетінің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын: мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету салалары — радио, теледидар, мерзімді баспасөз сияқты ақпарат құралдары, іс қағаздарының тілі. «Тіл туралы Заң» осы салалардағы тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп отырады. Мемлекеттік тіл мемлекет қамқорлығында болады.
- Зерттеу бөлімі
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан,
Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ,
ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық,
қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.
Кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: нағыз қазақ, ноғай, қарақалпақ
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшыраған. 1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуы пайдаланылды. 20 ғасыр басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген ‘’төте жазу‘’ пайдаланылған. Қазіргі кезге дейін Қытай еліндегі қазақтар осы жазу үлгісін пайдаланады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасықолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына ауысуы жобалануда. Түркиямен Батыс елдердегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліпбиді пайдаланады. 2000 жылдан бастап Тура Жазу енгізіле басталды, латын және кирилше түрінде.
АРАБ ЖАЗУЫ | ЛАТЫН ЖАЗУЫ | КИРИЛ ЖАЗУЫ |
ارلىق ادامدار تۋمىسىنان ازات جانە قادىر-قاسيەتى مەن كۇقىقتارى تەڭ بولىپ دۇنيەگە كەلەدى. ادامدارعا اقىل-پاراسات، ار-وجدان بەرىلگەن، سوندىقتان ولار ءبىر-بىرىمەن تۋىستىق، باۋىرمالدىق قارىم-قاتىناس جاساۋلارى ءتيىس | Barlıq adamdar twmısınan azat jäne qadir-qasïyeti men kuqıqtarı teñ bolıp dünïyege keledi. Adamdarğa aqıl-parasat, ar-ojdan berilgen, sondıqtan olar bir-birimen twıstıq, bawırmaldıq qarım-qatınas jasawları tïis. | Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен кұқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс. |
3.1. Шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің арасында да құрылымдық яғни морфологиялық ұқсастық болады. Мұны түсіну үшін, ең алдымен әр түрлі тілдердегі грамматикалық мағыналарды білдіру тәсілдеріне, сөз, сөйлем кұрамындағы мағыналық бөлшектердің өзара байланысу сипаттарына, яғни синтаксистік қатынастардың берілу әдістеріне көңіл қою керек. Мысалға: «М.Әуезовтың кітабын мен туыстарымнан алдым» деген сөйлемді оның «Книги М.Ауэзова я взял у родственников» деген орысшасымен салыстырып көрейік. Мұндағы ту+ыс+тар+ым+нан деген мен у род+ствен+ник+ов дегендерге көңіл қойсақ, олардың кұрылымдық ерекшеліктері мен байланысу тәсілдері, грамматикалық мағыналарды білдіру әдістері әр түрлі екенін байқауға болады.
Ал қытай тілінде «Жаңа үй+де терезе+лер жоқ» деген ұғым «Терезе жаңа үй жоқ» деген формада айтылады. Өйткені бұл тілде сөздер түрленбейді. Олардың арасындағы синтаксистік байланыс екпін немесе интонация арқылы, орын тәртібі, көмекші сөздер арқылы белгілі болады.
Осы айтылған құрылымдық ерекшеліктеріне қарай дүние жүзі тілдері мынандай төрт типке бөлінеді:
- Даралаушы (аморфты) тип. Яғни сөздерге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанбай, түбір күйінде қолданылатын тілдер. Бұларды кейде түбір тілдер деп те атай береді. Даралаушы типке қытай, въетнам, бирма, тай, тибет, малайя-полинезей тілдері жатады.
Бұл тілдерге тән қасиеттер:
1) жоғарыда аталғандай қосымшалар қосылмайды (яғни сөздер түрлене бермейді);
2) сондықтан ол тілдерде омоним сөздер көп (мол) болады;
3) олар бір- бірінен музыкалық екпін арқылы ажыратылады;
4) синтаксистік жағынан негізгі тәсіл — қабысу (қой қора, көк терек, мың қой, ана кісі) және жанасу (тез келді);
5) синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы беріледі;
6) сөз тудырудың ең басты тәсілі — түбірлерді біріктіру.
2. Қопарылмалы (флективті) тип. Бұған орыс, неміс, араб, грек тілдер енеді.
- Полисинтетикалық немесе инкорпоративті тип. Бұған палеоазиат (чукот, коряк, ительмен, эскимос, алеут, кет, нивх, юкагир) тілдері мен американдық үндістердің тілдері жатады.
Бұл типтің ерекшелігі: жоғарыда аталған үш түрлі типтегі тілдерде сөйлем арқылы белгілі болатын синтаксистік қатынастар бұл тілдерде бір сөзбен беріле алады. Мысалы «мен семіз бүғыларды ғана өлтіремін» деген сөйлемді чукот тілінде ты+ата+каа+нмы+ркын деген жалғыз сөзбен береді. Мұндағы ты — бірінші жақтың көрсеткіші, ркын — етістіктің жұрнағы, ал басқалары есім (семіз, бүғы) және етістік (өлтір) түбірлер.4. Жалғамалы (агглютинативті) тип. Бұлардың қатарына түркі тілдері, монгол тілдері жатады. Соның ішінде өзіме жаңалық болған қазақ тілі жалғамалы тип тіліне жатады екен. Бұл тілдерге тән негізгі қасиеттер: 1) грамматикалық мағыналар түбірге қосымшалардың (аффикстердің) жалғануы арқылы беріледі; 2) қосымшалардың әрқайсысы көбінесе бір ғана грамматикалық мағынаны білдіреді; 3) ол қосымшалар бірінің үстіне бірі жалғана береді; 4) қанша қосымша қосылғанмен сөз түбірінің дыбыстық құрамы өзгермейді (сол күйінде қалады). Мысалы: қанағат+тан+дыр+ыл+ма+ған+дық+тар+ыңыз+дан.
3.2. Менің ұлтым орыс болғандықтан, қазақ тілін білуде орыс тілімен салыстырып отырамын. Зерттеу барысында мынандай айырмашылықтарды байқадым.
- Фонетика — екі тілде де дыбыстарды зерттейтін ғылымның бір саласы. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиынтығын алфавит дейміз. Қазақ әліпбиінде 42 әріп ал орыс тілінде 33 әріп бар, екі тілдеде дауысты және дауыссыз дыбысқа бөлінеді.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді, орыс тілінде де солай.
Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, (у).
Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, ү, и, (у).
Бір қызығы қазақ тілінде “У” дыбысы – бірде жуан (табу – найти), кейде жіңішке (теру – собирать) дауысты дыбыс болып келеді, кейде дауыссыз дыбыс рөлін де атқарады (раушан – роза)
Қазақ тілінде ерекше деп саналатын дыбыстар:
Дауысты дыбыстар – ә, ө, ұ, ү, і.
Дауыссыз дыбыстар – ң, һ, ғ, қ.
Дауыссыз дыбыс пен салдырдың (үннің) қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді. Қатаң дауыссыздар – п, ф, к, қ, т, с, м, щ, х, ц, ч. Ұяң дауыссыздар – б, в, г, ғ, з, ж, һ. Үнді дауыссыздар – р, л, й, у, м, н, ң. Дауыссыз дыбыстардың ешқайсысы да өздігінен дауыссыз буын құрай алмайды. Мысалы: жаз (пиши), бар (иди), кел (приходи). Ал дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркесіп те буын құрай береді. Мысалы: а-ға, а-па, а-та, төрт-тік.Орыс тілінде жоқ әріптер – ә, ө, ұ, ү, і, ғ, қ, ң, һ.
Орыс тіліндегі ұяң және қатаң дауыссыздар: б–п, в-ф, г-к, д-т, ж-ш, з-с. Ал х, ц, ч, щ сияқты үнді дауыссыздардың да сыңарлары жоқ.
- Морфология. Сөз құрамы жағынын екі тілде де өзгешеліктер бар. Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тіл болғандықтан сөздің түбірі белгілі бір мағынаны білдіреді. Түбірге сөз тудырушы жұрнақтар (аффикстер), тәуелдік жалғау көрсеткіштері, септік жалғаулардың қосымшалары жалғанады. Мысалы: оқы — учись, оқу — учень–е, оқу-шы – ученик, оқу-шы-лар – ученики, оқу-шылар-мен – с учениками.
Орсы тіліндегі түбір сөздер өз алдына аффиксіз жеке мағынаға ие болмайтындары да кездеседі. Грамматикалық мағына род, числа, септік жалғаулары арқылы беріледі. Алайда, орыс тілінде кейбір сөздердің жеке мағына беретіндері де бар: верх, низ, сон, ночь, век, свет, клен, т.б. Ал “тяг, тяж, бав, мер” деген сөздерді белгілі аффикстер жалғану арқылы ғана мағына бере алады. Мысалы: тяг – тяжести, тяжкий, тяжелый; бав – добавка, забава, прибавка.
Орыс тілінде приставка түбір сөздің алдына келіп, жаңа сөздер құрамына жасайды. Мысалы: дел деген түбірден: от-дел, от-дел-ить, пере-дел, раз-дел деген сөздер жасалынып тұр.
Сөз таптарында екі тілде де ұқсастықтарымен қатар, біршама айырмашылықтар да жоқ емес.
Қазақ тілінде сөз таптары 9 — ға бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш сөздер. Орыс тілінде сөз табы 9 — ға бөлінеді: имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение, глагол, наречие, предиактив, причастие, деепричастие — бұлар есімдер тобы деп аталады, предлог, союз, частица, модальные слова, междометия и звукоподражательные слова – бұлар служебные деп аталады.
Қазақ тілінде зат есім ”кім? не?” деген сұраққа жауап береді. “Кім?” деген сұрақ тек адамдарға байланысты қойылады. “Не?” деген сұрақ адамнан басқа заттарға, жан-жануарлар, өсімдік, өзен-су, қала, т.б. қойылады.
Ал, орыс тілінде “кім?” деген сұрақ жанды заттардың бәріне де қойылады.
Қазақ тілінде род категориясы жоқ. Орыс тілінде 3 түрлі род категориясы бар: мужской род, средний род, женский род.
Орыс тілінде а,я,и,ы,е жалғаулары түбірге жалғану арқылы көптік мағына береді. Мысалы: снег-қар, снега-қарлар, день-күн, дни-күндер, волос-шаш, волосы-шаштар.
Қазақ тілінде “май, сүт, ет, сұлулық, су“ деген сөздерге көптік жалғау жалғанбайды. Ал, орыс тілінде су-вода,шай-чай, мясо-ет, сахар-қант, алтын-золото деген сөздерге көптік жалғау жалғанбайды.
Орыс тілінде жекеше түрде келетін біршама сөздер бар. Мысалы: глубина-тереңдік, терпение-шыдамдылық, здоровье-денсаулық. Қазақ тілінде жекеше келетін зат есімдер де кездеседі. Мысалы: жаңбыр-дождь, қызылша-корь.
Септік жалғауларда да айырмашылықтар бар. Қазақ тілінде септік жалғауы 7-ге бөлінеді: атау септік, ілік септік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік. Ал орыс тілінде 6 септік: именительный, родительный, дательный, винительный, творительный, предложный.
Қазақ тілінде түбір сөзге септік жалғауларының бәрі де дауысыз дыбыстан басталып жалғанады: -ның, -нан, -мен. Орыс тілінде зат есім род категориясы, сан (число), сөз тудырумен байланысты септеледі. Орыс тілінде склонение 3 түрлі септеледі және септік жалғауларында көбіне жекеше түрде келеді, Көпше түрінде аздаған өзгешеліктер бар. Мысалы: 1 склонение мужской род атау септігінде – о, — е жалғаулары бар.
Қазақ тілінде септеу екіге бөлінеді, жай септеу, тәуелдік септеу .Ал, орыс тілінде тәуелдік септеу тәуелдік есімдіктердің мағанасы арқылы беріледі. Мысалы: моя книга, мой брат.
Сын есім екі тілде де заттың сынын білдіреді, қандай деген сұраққа жауап береді.
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқауға болады: қазақ тілінің тыныс белгілері де орыс тілінің тыныс белгісі ережелерінің негізгі принциптеріне сай қарастырылады. Солай бола тұрса да, қазақ тілі өзінің ішкі заңдылық ерекшеліктерін сақтайды. Қазақ тілінде тыныс белгілері ережелері емле ережелеріне қарағанда аз. Бастауыштан кейін қойылатын сызықша мен үтір қойылатын орындарында екі тілде де аздаған айырмашылықтар бар.
Қорыта келгенде, орыс сыныптарында қазақ тілін орыс тілімен салыстыра отырып оқыту өте тиімді деп ойлаймын.
3.3. Зерттеу жұмыс барысында ерекше қызығушылық танытқан тіл туралы мақал мәтелдер және ақын жазушылардың айтқан ойлары.
Қазақ халқы мақал-мәтелге өте бай. Мақал-мәтелде халқымыздың
өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры
мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға беріледі.
Мақал- мәтелді кез келген адам шығаруға құқылы.
Ал ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп, қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер
салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындар араласуымен жасалған. Қазақтың мақал-мәтелдеріне өз үлесін қосып, отты
сөздері ел аузына кең тараған М. Әуезов, Б. Момышұлы, Ғ. Мүсірепов Ғ. Мұстафин сияқты ұлы адамдар есімі ел есінде сақталуда.
Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал -мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз.
«Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір», «Өнер алды – қызыл тіл»,
«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»
«Ең тәтті де — тіл,
Ең ашты да — тіл
Ең жұмсақты — тіл,
Ең қатты да — тіл»
«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» Г.Гегель
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» Н.Назарбаев
«Тілден артық қазына жоқ
Тілден артық қасиет жоқ» Н.Назарбаев
«Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір» Ж.Баласағұн
- Қорытынды бөлім
Қазақ тілі – ең байырғы, ең көне тіл. Ол – ғасырлар бойы
халқымыздың ұқыптап сақтап келген тәжірибесінің жиынтығы, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айна-сы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын, өмірлік өшпес мұра.
Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті елдердің
өрге тартқан көшінде, алға тартқан легінде халқымыздың мерейін көтеруге, қажыр-қайрат жұмсауға, қасиетті қызыл тіліміздің
үстемдігін көтеруге үлес қоссам деген тұжырымға келдім.
Жобамды Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп
аяқтағым келеді.
Назарларыңызға рахмет!
Жоба жетекшісінің пікірі
Ляшкевич Кристинаның «Қазақ тілі – менің тілім» тақырыбына
жазылған жобасында қазақ халқының байырғы, ғасырларлар бойы ұқыптап сақтап келген асыл мұрасы – қазақ тілінің
құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталған, қазақ орыс тілдерінің бір-бірінен айырмашылығына талдау жасаған. Зерттеуші тақырыпқа байланысты әдебиеттермен танысқан. Жұмыста ой-пікірінің түйіні бар, тіл туралы мақал-мәтелдерінің тақырыбына ой жүгіртіп қысқаша шолу жасаған. Жобаның негізгі тақырыптарын топтап, саралап, өзінше түйін жасап, ойын қорытындылаған.
Кристина зерттеу жұмысының өзектілігін анықтап, тілдің қолданылу аясын көрсете білген. Жобаның мақсаты зерттеу міндеттеріне сәйкес келеді.
Жұмыстың тілі жатық, түсінікті, автордың ойы.
Пікір жазған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Митаева Е.Е.