2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хат

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының

жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым

негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы

 

Әдістемелік нұсқау хат

 

Кіріспе

 

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы бағытта 2011 жылдан бастап оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады.

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.Оқушылардың жетістіктері білім мазмұнының базалық деңгейі шеңберінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жарты жыл сайын «сынақ/сынақ емес» жүйесімен бағаланады.

Инклюзивті білім беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 3 шілдедегі №283 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылад

2013-2014 оқу жылынан бастап 1-сыныпқа«Шетел тілі» пәні енгізіледі.

«Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология пәндерінің аясында іске асырылады, сабақтан тыс мерзімде, сынып сағаттары есебінен іске асырылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.

«Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсы 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіру арқылы оқытылады.

Мұғалімдерге көмек ретінде оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарлау үлгілері әзірленіп (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz) тақырыптар мен сағаттардың бөлінісі ұсынылады. Мұғалім ұсынылған жоспар үлгісін өзгеріссіз қолдана алады. Сонымен қатар, пәнді оқуға бөлінген оқу тақырыптары мен сағаттарының аясында оқушылардың тұлғалық ерекшелігін ескере отырып жоспарлық өзгерістер енгізуге болады.

Орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқу қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі болып табылады.

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2013-2014 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен анықталған.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады.

Қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының бірі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған жалпы орта білім деңгейіндегі бейінді оқыту болып табылады. Бейінді оқыту жалпы орта білім деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес жоғары сыныптар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша оқытылады. Мектеп екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдай алады.

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін
3-11 сыныптардағы орыс тілі;

4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі;

5) 5-11 сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);

7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);

8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

Білім беру үдерісінде мұғалімнің оқушылармен қажетті деңгейде назарын аударуы мақсатында дамыуында мүмкіндіктері шектелген балалардың дені сау оқушылармен оқыту кезінде бір с