«Музыка» пәнінен оқу бағдарламасы
«Музыка» пәнінен оқу бағдарламасы
- Түсінік хат
- Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
- Бастауыш сыныптардағы «Музыка» пәні оқушылардың рухани және адамгершілік тұлғасын қалыптастыратын негізгі пәндердің біріне жатады. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін оятып, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелейді.
- Музыка оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, олардың қиялын, есте сақтау қабілетін, танымдық қызметінің белсенділігін арттыруына ықпалын тигізеді.
- Оқыту мақсаты:
1) оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру;
2) көркемдік талғамын тәрбиелеп, шығармашылық қабілетін дамыту.
- Оқыту міндеттері:
1) окушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастыру;
2) музыкалық шығармаларға өзінің көзқарасын білдіре білу;
- музыкалық-шығармашылық әрекет барысында, тәжірибелік дағдыларын іске асыру;
- музыка тыңдау, ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, мәнерлі қимылдар жасау, суырып салу.
- Бағдарлама мазмұны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, классикалық музыканың ең озық үлгілері, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнері және республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасымен танысады. Бағдарлама музыка өнерінің даму заңдылықтарын түсінуге бағытталып, өмірімен байланысын көрсетеді.
- Музыкалық білім беру мазмұнының негізінде келесі ұстанымдар іріктелген:
1) түсініктілік ұстанымы окушылардың жас ерекшеліктерін ескере отыра, музыкалық қабілетінің дамуына ықпал ететін тиімді әрі қолайлы оқу материалдарын қолданады;
2) үздіксіздік ұстанымы барлық сыныптар арасындағы сабақтастықты, мазмұн, шығармашылық жағынан жүйелілік пен бірізділікті білдіреді;
3) тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып табылады;
4) шығармашылық ұстанымы оқушының бойындағы қабілетін аша түсіп, өнермен араласу барысында жетістікке жетуіне ықпал етеді.
- Музыка сабағындағы негізгі әрекеттердің түрлері:
1) музыка тыңдау – музыка талғамын қалыптастыру: мәнерлі де көркем‑бейнелі ырғақтар, аңдар мен құстардың үні, адамның сөйлеу дауысы, табиғаттың үніне еліктеу сияқты музыкалық қиялын дамыта түседі; музыканы мән беріп, аса ұқыпты тыңдап, музыкалық аспаптардың тембрлік бояуын ажырату;
2) білімділік әрекеті ‑ музыка мәнерлігінің негізгі белгілерімен танысу; музыка сауаты: жоғары, орта және төмен дыбыстар; дыбыстың қатты немесе ақырын естілуі; тез, орташа және жай екпіндер; музыканың көңілді – мұңды, салмақты – үрейлі сипаты; музыканың мәнерлеу белгілері мен түрлері туралы қарапайым түсінік: екпін, ырғақ, дыбыс күші, ән шумағы, күйдің буыны, аяқталған шығарма;
3) ән орындау ‑ орындаушылық әрекеттің негізгі түрі болып табылады; мұғалімнің негізгі міндеті: әр түрлі сипаттағы әндерді көркем әрі мәнерлі орындауға машықтандыру; балаларды күш салмай табиғи дауысымен айтуға дағдыландыру;
4) музыкалық аспаптарда орындау ‑ топ болып домбыра және ұрмалы аспаптарды меңгеруге негізделген; домбыра үйрену тәсілдері халық әндерінің негізінде жасалған жаттығу – тұғыр орындау түрінде жүргізіледі; музыка сабағында таяқшалар, ағаш қасықтар, қоңырау, сылдырмақтар сияқты тағы да басқа ұрмалы аспаптарды қолдану ырғақтық сүйемел жасауға көмектеседі; музыка аспаптарында орындау және музыкаға сәйкес би қимылдарын жасау оқушыға шығарманың жалпы мінезін және екпіні мен бояу ерекшеліктерін сезінуге көмектеседі; жұмыстың бұл түрі баланың музыкаға деген сезімі мен ынтасын арттыра түседі.
- Шығармашылық тапсырмалар баланың қиялы мен фантазиясына негізделген; шығармашылық импровизация музыка сабағында алған білімін пысықтаудың бірден-бір тәсілі болып табылады; сабақта төмендегідей жұмыс түрлерін пайдалануға болады: ырғақтық ойындар мен ырғақтық сүйемел, музыкаға сәйкес қимылдар жасау, музыканың мазмұнына сай сурет салу, әндерді, ертегілерді, аңыз-күйлерді сахналау.
- Музыканы оқыту барысында мынандай пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:
1) «Қазақ тілі»: сөздің және музыкалық интонацияның байланысы; тілдік және музыкалық есту қабілетін дамыту; ойдың толық, түсінікті болуына, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мән беру;
2) «Әдебиеттік оқу»: тілді дамыту; әннің мәтініне көңіл бөлу;
3) «Бейнелеу өнері»: музыкадағы