«Дүниетану» пәнінен оқу бағдарламасы

«Дүниетану» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Бастауыш сыныптарға арналған «Дүниетану» пәні «Жаратылыстану» білім саласының негізгі пәндерінің бірі.
  3. Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
  4. Негізгі міндеттері:

1) туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;

2) оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;

3) күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;

4) «адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;

5) танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

6) қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;

7) картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;

8) тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;

9) танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;

10) бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;

11) адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;

12) жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

  1. Пәннің мазмұнын меңгеру үшін 1 – 4-сыныптарға аптасына 1 сағатты: 1-сынып 33 сағатты, 2 – 4-сыныптар 34 сағатты құрайды.
  2. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыс ескеріледі:

1) қазақ тілімен. Байланыстыра сөйлеу, сипаттау, салыстыру, баяндау арқылы сөздік қорын байыту;

2) әдебиеттік оқумен. Табиғат, жер байлығы туралы әңгімелерді оқу, өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жаттау;

3) математикамен. Тәжірибелік жұмыстарда түрлі өлшеу құралдарын қолдану, масштаб туралы түсініктерін кеңейту;

4) музыкамен. Адамның, табиғаттың көңіл-күйін бейнелейтін музыка, күйлер мен әндер тыңдау;

5) бейнелеу өнерімен. Суретшілердің табиғат, табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне арналған шығармаларын пайдалану;

6) еңбекке баулумен. Түрлі бұйымдар жасау барысында табиғи материалдар туралы білімдерін пайдалану;

7) дене шынықтырумен. Денсаулық