Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін
«Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.
  3. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.
  4. Оқыту мақсаты:

1) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

2) физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

3) салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

  1. Оқыту міндеттері:

1) денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;

тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

  1. Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).
  2. Мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі:

1) дене шынықтыру сабақтары;

2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары;

3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;

4) спорттық үйірмелерде шұғылдану;

5) дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары) болып табылады.

  1. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, бағдарламада оқушыларды гендерлік қағида (ұл және қыз балалар топтары) бойынша бөліп оқыту қарастырылған. Оқу процесін ұйымдастыруда аталған жағдайды ескерген дұрыс.
  2. Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу барысында келесі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс орнатылады:

1) «Орыс тілі», «Қазақ тілі»: дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын терминдер бойынша сөз қорын толықтыру;

2) «Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дененің массасы», «бірқалыпты және бірқалыпты емес сырғу», «қуат» туралы түсініктерді оқу-жаттығу үдерісінде қолдану;

3) «Алгебра», «Геометрия»: биіктік, ұзындық, жылдамдық, арақашықтық және уақытты өлшеу; ұзындыққа және биіктікке секіру кезіндегі жүгіруді есептеу;

4) «Биология»: адамның тірек-қимыл аппараты, қанайналым және тыныс алу жүйесі, бұлшықет жұмыстары мен қажудың пайда болуы туралы түсінік;

— жүктеме кезіндегі жүректің қысқару жиілігі туралы;

— шылым шегі мен алкогольдік ішімдіктер ішудің адам ағзасына тигізетін теріс әсері туралы материалдарды қолдану;

5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыстың пайда болу тарихы;

— қазақтың ұлттық спорт түрлерінің пайда болу тарихы;

6) «География»: бағыт тұстарын білу, жергілікті жерлердегі түрлі белгілер және карта бойынша бағдар алу біліктілігі;

7) «Музыка»: дене шынықтыру сабағында музыкалық әуендерді қолдану;

— жаттығуларды спорттық құралдармен және құралдарсыз әуенмен орындау кезінде екпін, әуен және динамиканы кешенді қолдана білу біліктілігі;

8) «Бейнелеу өнері», «Сызу»: дене жаттығулар көрсету үшін бейнелі суреттерді қолдану; адам денесін әсемдік тұрғысынан қарастыруды қалыптастыру;

9) «Технология»: еңбексүйгіштікті және ұзақ мерзім жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу.

  1. Типтік оқу бағдарламасына сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: