«Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ (5–9-сыныптар)

Негізгі орта  білім беру деңгейінің

«Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің

 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(5–9-сыныптар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

 

 

 

Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Адам және қоғам» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары  – Астана, 2013. – 79 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

 

«Қазақстан тарихы» пәнінен оқу бағдарламасы

 

 

  1. Түсінік хат

 

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
  2. Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.
  3. Қойылған мақсаттарға сай пәнді оқытудың келесі міндеттері орындалуы тиіс:
  • оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;
  • Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;
  • оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;
  • оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;
  • оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;
  • оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.
  1. Келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
  • «Дүние жүзі тарихымен»:

Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі;

Қазақстан тарихын оқытқанда көршілес мемлекеттердің тарихымен байланысты қарастырылатын ортақ мәселелерді қарастыру;

  • «Географиямен»:

Қазақстан территориясының және шекарасының анықталу кезеңі;

Қазақстан территориясында әкімшілік-территориялық реформалардың жүргізілуі;

Қазақстан территориясының ландшафты, климаты, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, пайдалы қазбаларын зерттеген түрлі экспедициялар қызметі;

  • «Қазақ әдебиетімен»:

Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының көркем шығармаларды жазуда тарихи оқиғалармен байланыстыруы;

ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының шығармашылықтарын білу;

  • «Орыс әдебиетімен»:

орыс ақын-жазушыларының шығармаларында қазақ қоғамының көрініс табуы;

орыс ақын-жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының өміріне байланысты зерттеу материалдарын білу;

  • «Бейнелеу өнерімен»:

бейнелеу өнерінің дамуы;

қазақтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы;

ХVІІІ – ХІХ ғғ. суретшілер еңбегіндегі Қазақстан тақырыбы;

  • «Музыкамен»:

музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы;

Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды баяндауда музыкалық шығармалардың дерек көзі ретінде қызметі;

музыка өнерінің тарихы, әнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы.

  1. Оқу жүктемесінің көлемі:
  • 5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;
  • 6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
  • 7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
  • 8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;
  • 9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат.

 

 

  1. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

 

  1. «Тарих әлемі» (2 сағат):

тарих туралы түсінік, тарихты зерделеу не үшін қажет, Қазақстан тарихы–дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, Қазақстан тарихының кезеңдері (ежелгі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі заманғы тарих);

тарихи жәдігерлер, тарихи жәдігерлердің түрлері (ауызша, жазбаша, археологиялық), заттай, жазбаша жәдігерлер.

  1. «Тарихқа саяхат» (14 сағат):

адамның шығу тегі әлемнің пайда болуы туралы қазақ аңыздары, адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар, Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдар;

Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі, палеолит – ерте тас дәуірі, ежелгі еңбек құралдары, адамдарды топтасып өмір сүруі, табиғат, ауа райы, мұз басу, мезолит – орта тас дәуірі, күннің жылынуы, мұздықтардың еруі, кішігірім, жүйрік аңдарды аулауға арналған садақ пен жебені және бумарангты ойлап табу, жеке аң аулау, жаңа еңбек құралдарының пайда болуы, неолит – жаңа тас дәуірі, микролиттік мәдениет, мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы;