Міржақып Дулатов. Наурыз
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов. Наурыз
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: оқушыны Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, негізгі идеясын анықтау. Өлеңді қарасөзбен әңгімелеуге үйрету.
- Дамытушылық: оқудың түрлерін қолдана отырып мәнерлеп оқуларын, танымдық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе білуге, өзгелердің ой-пікірін тыңдай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивтік тақта,слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ш.Құдайбердіұлы. Жаз келер. Өлеңді жатқа айту.
Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Шәкәрім туралы не білеміз?(слайдтан ақынның суреттерін көрсету)
Шәкәрім Құдайбердіұлы |
Шәкәрім ҚұдайбердіұлыШ
Қай жылы туған? (1858-1931)
|
Қандай шығармалары бар? («Аманат», «өлеңдер мен шығармалар жинағы», «Қазақ айнасы» ө/ж. т.б.) |
Шәкәрім жөнінде мен не білдім? |
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз қандай мереке? Ол мерекеге сендер қалай дайындаласыңдар?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Міржақып Дулатов – қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы-педагог. Жастайынан жетім қалып, ағасының қамқорлығында өседі. 1928 жылы халық жауы деген жалған жаламен 10 жылға абақты жазасына кесіледі. Абақтыда жатып, ауыр науқастан қайтыс болады. Қазақ әдебиетінің алғашқы романы болып саналатын «Бақытсыз Жамал» атты романы бар. (Слайдтан М.Дулатов туралы деректер көрсету)
Бүгінгі сабағымызда Блум жүйелік құрылымы бойынша мынадай бағыттарды басшылыққа аламыз.
1 | Білім | М.Дулатов. Наурыз (жаңа жыл) |
2 | Түсінік, ұғу | Автор туралы мәлімет, өлеңнің мазмұнын ашу. Сөздік жұмысын жүргізу. |
3 | Қолдану | Өлеңді түсініп оқу.Мәтін бойынша тапсырмалар орындау. |
4 | Талдау | Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу. |
5 | Жинақтау | Шығармашылық жұмыстар жүргізу. |
6 | Бағалау | Жолдасының еңбегін бағалай білу. |
Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіреді.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Оқушылардың өлеңді оқу түрлері: -іштей, түсініп оқу;
-тізбектей оқыту;
-жекелеген оқушыларға оқыту.
ҮІ. Мағынаны тану. 1. М.Дулатов көктем көрінісін қалай жеткізген?
- Өлеңнің қай тұсы ерекше әсер етті?
- Бұл жолдарды өлеңнің негізгі түйіні деуге бола ма? Неліктен? Өз ойларыңды қорғаңдар.
ҮІІ. Дәптермен жұмыс. Өлеңдегі ұйқастар ,буын, ырғақ туралы жұмыс жасайды. Ұйқасы бойынша екінші шумақтың сызбасын дәптеріңе сал. Интерактивті тақтада орындалады.
І шумақ | ІІ шумақ |
ҮІІІ. Ой толғау. «Наурыз» мерекесі туралы әңгімелеу. (Наурыз мерекесінің көріністерін слайдтан көрсету) Өз жеріміздегі Наурыз мерекесі туралы эссе жазу.
ІХ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың?
2.«Өшпес өмір өнегелері» деген тарауда М. Дулатовтың қандай шығармасымен таныстың. Есіңе түсір. («Шешенің балаларын сүюі»)
Х. Сабақты қорыту. Блум жүйесі бойынша жаңа сабақты бекіту.
1 | Білім | Сен бүгін қандай білім алдың? |
2 | Түсінік, ұғу | Берілген білімді түсіндің бе? |
3 | Қолдану | Алған біліміңді саралай біл. |
4 | Талдау | Қабылдаған біліміңнің маңызын дәлелде. |
5 | Жинақтау | Біліміңді жинақта. |
6 | Бағалау | Кімге қандай баға бересің? |
ХІ. Үйге тапсырма. Өлеңді түсініп оқу, жаттау. Наурыз мерекесіне өлең құрастыру.
ХІІ. Бағалау. Оқушылар өз жолдастарының еңбектерін саралап, бағалайды.