«Мен елімді әнге қосып мақтан етем!» атты патриоттық әндер кешінің бағдарламасы.

«Мен елімді әнге қосып мақтан етем!»  атты патриоттық әндер кешінің бағдарламасы.

 

        Мақсаты: Оқушылардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Жаңа патриоттық әндерді үйрену, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру,көпшілік алдында өнер көрсетіп, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту.

        

         І-Жүргізуші:  — Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және  қадірменді қонақтар!

Еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылып отырған «Мен елімді әнге қосып мақтан етем!»  атты патриоттық әндер кешіне қош келдіңіздер!

        ІІ-Жүргізуші:  —  Тәуелсіздік- тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз.Тәуелсізідік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Ендеше, Тәуелсіздік күні құтты болсын ағайын!

Ботагөз:  — Әсел, сен патриотизм дегенді қалай түсінесің?

Әсел: —  «Патриотизм» сөзі  Отанға деген сүйіспеншілікті, оған адалдықты, өз іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылысты, сондай-ақ, туған жеріне, тұрақтаған мекеніне бауыр басушылықты білдіреді. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.

     Ботагөз:  — Иә, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық — қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм,  Қазақстандық патриотизм,  жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың  жоғары көрсеткіштері-мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана,  және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері  қалыптасады.

І-Жүргізуші:               — Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан –елім менің

  1. Ән: «Армысың, туған жер!» — орындайтындар Ереева Асель, Сағымалиева Ботагөз

 

І-Жүргізуші:

Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

  1. Ән: «Туған жер»- Нұрахметов Нұрдәулет

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрам

Тілейтінім барша жұртқа бір ғана

Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

  1. Ән: «Қазақстан бақыты» — орындайтын Нұрзат, Қуандық

 

  І-Жүргізуші: 

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата-баба рухына

  1. Ән: «Туған жер» Қанатқалиев Медет

— Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегімді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

  1. «Чемпиондар әні» — Сабырова Назерке

Атыңнан айналайын егемен  ел,

Тәуелсіз күнің  туды кенеле  бер.

Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

  1. Ән: «Жаса, Қазақстан!» — орындайтын Шайхуллаева Алия, Магзумова Қымбат

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

  1. Ән «Өсиет» — Өтеуова Алтынзер

Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

  1. Ән «Туған жер» Бисембиева Айнагүл.

Қазірде қазақ халқының дәстүрлері негізінде жүзеге асырылатын патриоттық тәрбие әлеуметтендіру процесін тұлғаға дәл осы Отанға, Атамекенге қызмет ету арқылы, өз тарихы үшін, өз Отанының әлеуметтік дүниенің ғылымына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына қосатын үлесі үшін мақтаныш сезімі арқылы өз қабілеттерін мейлінше терең ашуға мүмкіндік беретін деңгейге жеткізеді.

Әсел: — Ендеше, Қазақстанның патриоты дегеніміз:

  1. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.
  2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы.
  3. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.
  4. Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы

 

  1. «Еркіндіктің қырандары» — Аяшева Асель

Туындай қанат керген желді күнгі,

Таныттың кең әлемге кеңдігіңді.

Тұрғанда «Бәйтерегің» көкке шырқап,

Ұстай біл асқақтатып елдігіңді!

  1. «Қазақстан» — орындайтын Қылышбеков Жайық

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.

Ата бабам аңсап өткен бақытым,

Айналайын, Қазақстан- Гүлстан!

  1. Ән « Қазақ елі осындай»- Қалекенова Бибінұр         

                      Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата-баба рухына

  1. Ән: «Туған жер» орындайтындар Қайыржанова Жамиля, Хайдарова Алтынгүл, Тулешова Ұлболсын

 

        Есімі енді-енді танылып келе жатқан жас әнші Ибрагим Ескендір орындауындағы «Көк тудың желбірегені» жаңа заманғы әндерінің бірі.

«Көк тудың желбірегені» әні— сағымды сағынышқа толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән.

Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы елжандылықтан туған ән. Тарихи отанына жете алмай жүрген өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін ән авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған.  Екеуі де Қытайдан елге оралған қандастар.

Әуелі «Көк тудың желбірегені» әнінің  сөзі дүниеге келген. 1992 жылдың 22 мамырында Алматыда тәуелсіз елдің көк туы қабылданады. Бұл шара барлық арналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Қытайдың Шәуешек деген мекенінде тұратын ақын Алмас Ахметбекұлы бір топ қазақ бауырлармен жиналып, теледидардан тамашалайды. Елбасы байрақты тізерлеп тұрып сүйгенде экран алдында отырған қандастар көз жастарына ерік береді.

Ақын өзі көк туды Қорғас шекарасынан елге өтіп келе жатқанда көреді. Самал жел соғып тұрғанда көк ту әуелеп, желбіреп тұрды. Сол кезде ақын жүрегі елжіреп, бойын ерекше бір сезім билеп, «Көк тудың желбірегені» деген өлең жолдары ойына келеді.

Алматыға келген кезде өлеңнің қалған жолдары жазылады. Кейін ақын Еркін Ергенұлы деген сазгерге өлеңге ән жазып беруін өтініп сұрайды. Алайда, ән ақынның көңілінен шықпай, ол ақын –сазгер, опера әншісі Ермұрат Зейіпханұлына өлеңге ән жаз деп ұсыныс білдіреді. Сазгер әннің екі нұсқасын жазады. Ақын екеуін де тыңдап, ұнатқан нұсқасын қалдырады. Алғаш рет сахнаға «Көк тудың желбірегені» әнін әнші, отандық опера жұлдызы Майрам  Мұхаммедқызы орындап шығады. Кейін ән бірнеше дауыста опералық бағытта жазылып, радиодан беріліп жүреді. Осы кезде ән жас әнші Ибрагим Ескендір құлағына шалынып, ол әнді домбыраға салып, айта бастайды. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының қолдауымен «Көк тудың желбірегені» әніне бейнебаян түсіреді.

Қазағым, Қазақстан өрле алға,

Надандықтың өмірін көрме алда.

Қасиетті тәуелсіздік ұраным,

Созыла бер ғасырлардан, ғасырларға!

 

  1. Ән: «Көк тудың желбірегені» — орындайтын Аманжолов Алтынбек

 

Біздер Қазақстанның өз ғылымы мен технологиясын, өзіндік ұстанымын жасайтын ғылым иесі болуымыз керек. Кез-келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады. Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының таңдауы емес. Біздер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарымызды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруымызға тиіспіз! Ел болашағының баянды болмағы, баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.

  1. Бәрі бірге — Ән: «Жаңа ғасыр Қазақстан!»

Сіздерге тілеріміз тәуелсіз мемлекетімізде желбіреген көк тудың астында бейбіт өмір тілейміз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, ағайын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңа ғасыр Қазақстан

  1. Бақытты біз қазақ еліміз,

Жақұтты жазира жеріміз

Береке бастауы төріміз, елім менің,

Қазақстан –тыныштық тынысы

Ойысқан сансыз ұлт ұлысы

Жарасқан ынтымақ ырысы, елім менің.

Қ-сы:

Жаңа ғасыр ақ таңысын, Қазақстан

Жаңа ғасыр асқарысың, Қазақстан

Жаңа ғасыр мақтанышы Қазақстан

Елім менің, жерім менің

Ұлан байтақ дара туған Қазақстан

Дархан болып жаратылған Қазақстан

Әлемге атың таратылған Қазақстан

Елім менің, жерім менің, Қазақстан

 

  1. Егемен еркін ел өркені,

Жайқалған жерұйық көркемді

Мақтаныш етемін өлкемді, елім менің

Қазақтың нұр болып ғасыры

Ел бастап ерекше асылы

Атағын әлемге асырған елім менің.

 

  1. Гордость моя и твоя Қазахстан

Мира и дружбы одно Казахстан

Сердце Евразии наш Казахстан

Счастье, страна, моя земля

Песни поем для тебя Казахстан

Миру примером ты стал Казахстан

Предка великих земля Казахстан

Родина ,дружба, гордость моя, мой Казахстан!

Жаңа ғасыр Қазақстан

  1. Бақытты біз қазақ еліміз,

Жақұтты жазира жеріміз

Береке бастауы төріміз, елім менің,

Қазақстан –тыныштық тынысы

Ойысқан сансыз ұлт ұлысы

Жарасқан ынтымақ ырысы, елім менің.

Қ-сы:

Жаңа ғасыр ақ таңысын, Қазақстан

Жаңа ғасыр асқарысың, Қазақстан

Жаңа ғасыр мақтанышы Қазақстан

Елім менің, жерім менің

Ұлан байтақ дара туған Қазақстан

Дархан болып жаратылған Қазақстан

Әлемге атың таратылған Қазақстан

Елім менің, жерім менің, Қазақстан

 

  1. Егемен еркін ел өркені,

Жайқалған жерұйық көркемді

Мақтаныш етемін өлкемді, елім менің

Қазақтың нұр болып ғасыры

Ел бастап ерекше асылы

Атағын әлемге асырған елім менің.

 

  1. Гордость моя и твоя Қазахстан

Мира и дружбы одно Казахстан

Сердце Евразии наш Казахстан

Счастье, страна, моя земля

Песни поем для тебя Казахстан

Миру примером ты стал Казахстан

Предка великих земля Казахстан

Родина ,дружба, гордость моя, мой Казахстан!