Көңіл – күйдің музыкада бейнеленуі

Сабақтың тақырыбы: Көңіл – күйдің  музыкада  бейнеленуі

Сабақтың мақсаты: музыканың сипатын ажырату, мазмұнының  өмірмен  байланысын  түсіндіру және  ән  легінің  бағытын  айыру. Жеті  жастағы  балалардың  жас  ерекшелігін  ескере  отырып, сабақ  жеңіл  тілмен,  қызықты іс – әрекетпен  түсіндіріледі.

Сабақтың міндеттері:

  1. Әндегі дыбысты  тыңдап,  музыканың  бейнелеушілік  қасиетін ажыратуды  үйрету, мәнерлеп  орындауға  баулу.
  2. Өткен тоқсан  тақырыптарын  қысқаша  қайталап,  негізгі  ұғымдарды  еске  түсіру.
  3. Үйренген әндерді жатқа орындау

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аударту.

 

ІІ. Өткенді қайталау.

Өткен  тоқсанда  жаттаған  әндерді,  өтілген  тақырыптарды  еске  түсіру

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе  әңгіме

Біз  музыканы  сөз  естігендей  түсіне  аламыз  ба?  Әрине  жоқ! Кейде  оның  мазмұнын  оның  ерекше  дыбыстары  арқылы  түсінеміз. Оны  музыка  тілі   деп  атайды.

Адамдардың  көңіл – күйінің  жоқтығын  біз  қайдан  білеміз? Дұрыс,  бет  әлпеттерінен,  ал  музыканың  көңіл – күйін  оның  ерекше  дыбыстары  арқылы  түсіне  аламыз.

 

ІV . Ән үйрету.

«Қызыл – жасыл көбелек» әні

Әнін жазған: Т.Тайбеков

Әннің  мазмұнын  ашып,  көңілді, сергек  орындауға  үйретеміз

 

V . Әнді анализдеу

  • Сен табиғат  аясында  көбелектер  көрдің  бе?
  • Олардың түстері  қандай?
  • Суретке қара.  Көңіл – күйіңді  өз сөзіңмен  жеткіз
  • Тыңдаған музыка саған  қандай  әсер  қалдырды?

 

VІ. Сергіту  сәті

Күшік  пен  көбелек

Қонды  гүлге  көбелек

Гүл  жайқалды, құлпырды

Ұстап  алып  көрем  деп

Күшік  гүлге  ұмтылды.

Көк көбелек  кетті  ұшып

Жарға  қонды  көбелек

Ұстатпады  ақыры

Қу  көбелек  күлкі етті

Күшік  суға күмп  етті

 

 

 

VІІ. Ойқозғау  ойыны:

Мағыналары  қарама – қарсы  сөздерді сызықтар  арқылы  қосыңдар

Көңілді                              Ақырын

Қатты                                Жай

Тез                                     Жіңішке

Жуан                                 Көңілсіз

 

VІІІ. Қорытындылау.

  1. Оқулықтағы суретте  көріп  отырған  балалардың  көңіл – күйлері  қандай?
  2. Өмір сүріп  жатқан  жерінің  табиғаты  қандай?
  3. Үйренген ән  туралы  не  айтасың?

 

VIІ . Үйге тапсырма.

  1. «Қызыл – жасыл көбелек» әннің сөздерін жаттау.

 

VIIІ. Бағалау