Жастарды қылмысқа баулитын не?

Жастарды қылмысқа баулитын не?

 

Мақсаты: тақырып ата–аналар пікірін білу, қылмыстың алдын алу үшін қандай іс – шаралар жасау керек? деген мәселені ортаға салу арқылы бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.

 

Ата – аналар тыңдауының бағдарламасы

  1. «Жастарды қылмысқа баулитын не?»

Баяндамашы: Жұбатқанова Ж.М

 

  1. «Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру»

Баяндамашы: Ата – ана Әуелбаева Н.С.

 

  1. «Жасөспірімдер арасындағы іс – әрекеттер»

Баяндамашы: Кәмілетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық ісі жөніндегі аға инспектор, полиция капитаны Мұңайтбасов Қ.Ә.

 

  1. «Оқушылардың девиантты мінез – құлқы»

Баяндамашы: Мектеп психологі Жармақова Ә.М.

 

Ата – аналарға сауалнама:

  1. Қызыңыз сіз ұнатып отырған фильмді рок – музыкалық бағдарламаға ауыстыруыңызды сұрайды. Сіздің әрекетіңіз?

А) Қызыңыздың өтінішін орындап рок шоу көресіз.

Б) Оған фильм біткенше күте тұратындығын айтасыз.

В) Оған теле дидар сатып алып беруге уәде бересіз.

2.Егер сіз  жасөспірім ұлыңыздың құлағына сырға тағып алғанын көрсеңіз не істейсіз?

А) Ол оның жеке ісі деп санайсыз.

Б) Оның әйелдік қылық екенін білдіріп  ұалжыңдайсын.

В) Сізді артта қалған деп ойламауы үшін бұл өте сәндік дейсіз

  1. Балаларыңыз музыканы барынша дауыспен қойып тыңдайды. Сіздің әрекетіңіз?

А) Құлағыңызды мақтамен бітеп, өз шаруаңызбен жүре бересіз.

Б) Музыканың дауысын бәсеңдетесіз.

В) Амалыңыз таусылып көнесіз.

4.Сіздің өзіңізді балаларыңыздан үлкен емес адам сияқты ұстайтын себебіңіз неде?

А) Балалармен жақсы қарым – қатынаста болу үшін.

Б) Себебі, бұл жас ерекшелігін сезінбеуге мүмкіндік береді.

В) Себебі, бұл отбасын ұзақ уақыт бірге ұстауға көмектеседі.

  1. Балалармен қарым – қатынаста сіз:

А) Олармен ересек адамша сөйлесесіз.

Б) Құрбысы болуға ұмтыласыз.

В) Өзіңізді ата – ана ретінде ұстайсыз.

 

 

 

Жастарды қылмысқа баулитын не?

Еліміздің Конститутциясында «Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» деп жарияланғаны баршаға мәлім. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек. Құқықтық мәдениет – халықтың заңды білу деңгейі, құқықты сақтауы, рухани сана сезімінің жақсаруы. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша қылмыс жасаған баланы 14 жастан бастап жауапқа тартады. 16 жаста жеке куәлік алады. Егер қылмыс жасаса толық әкімшілік қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 18 жаста кәмілеттік кезең басталады.

Біздің ойымызша жасөспірімдерді қылмысқа итермелейтін зиянды әдеттер.

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі түрлі қызмет атқарады. Оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу болса, екіншісі ол сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, зиянды әдеттерге ұрындырмай, тұлға ретінде қалыптастыру. Бала отбасынан жақсы да, жаман да қылықты бойына сіңіреді. Дана халқымыз «бала ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаса керек. Баланы жақсы тәрбиелеу, зиянды әдеттерден аулақ ұстау ата – ана парызы. Егер бала зиянды әдеттерге құштар болатын болса, оның тәрбиесінде кемшіліктер болғаны.Осындай дұрыс тәрбиеленбеу, еліктеу нәтижесінде көптеген жас балалар зиянды әдеттерге мойынсұнып, бүкіл өмірін құртады. Адамзат баласын еліктіретін зиянды әдеттерге ішімдікке салыну, есірткі пайдалану, шылым шегу жатады. Осындай еліктіретін зиянды әдеттер әсерінен әртүрлі қылмыстарға бару, темір тордың ар жағына түсу сияқты жәйттер болады.

Кеңес заманында кез келген қылмыстық әрекет баспасөзде жарияланып, пікірталас туғызатын. Осындай өткір қоғамдық пікірден қаймыққан құқық қорғау органдарының қызметкерлері әлгі қылмысты тез ашуға ұмтылып, жан – жақты іздестіру жұмыстарын жандандыратын. Яғни, жағымсыз қалықтарға үйір жасөспірімдердің тәртібі, адам адамға жат» деген жаман пиғыл халық санасына бара – бара сіңіп бара жатқан сыңайлы.

Диаграмма

2007–2008 жылы жасөспірімдердің арасындағы қаралған істің саны

137 іс қаралд. 2008 жылы 4 іс қаралд.

Біз 2030 жылдары Азия барысына айналамыз дедік. Ал жастарымыз болса арақ ішіп, есірткі пайдалануға, көшеде шалқып жүруіне мәз. Естен тандырар есірткі әсерінен уланған жастар саны жылдан жылға қарағанда көбейіп барады.Жастарымыз қызық көріп пайдаланған есірткі әсерінен есінен танып, не істеп,не қойғанын білмейді. Ессіздіктің еншісі есірткі екенін әлі түсінбейтін де бар. Осындай әрекеттерден қоқыс оқиғаларда туындайды.(Бейне сюжет)

Жастар арасындағы топтық төбелес.

Ата – ана өз баласына уақытты аз бөлгендігінен осындай әдеттерге ұмтылуы.

Отбасындағы тәрбиенің жетіспеушілігі.

Бала тәрбиесіндегі ата – аналардың азаматтық парызының жоқтығы. 

 

 

 

Балалар бойында ата – анаға деген махаббат пен сыйластықтың жоқтығы.

Қыздар арасындағы төбелес бұл болашақ ана, ұрпаққа қандай тәрбие көрсетпек.

Тұрмыстағы мәселелер ең біріншіден ақшаға келіп тіреледі десем, артық айтпайтын шығармын. Көп жағдайда әлеуметтік жағдайдың қиындығы бастарын шырмап алған ата – ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайды. Сондықтан да болашақта әлеуметтікке жеткізетін бірден – бір сара жол – білім, ақыл, жігерілік және еңбекқорлық дегім келеді.

Менің айтпағым отбасыдағы ата – ана тәрбиесінің жеткіліксіздігі бала болашағына балта шабумен бірдей.

Бала – жас өскін, әрбір ата – ана үміт артқан ұрпағы. Ол шыр етіп дүниеге келгеннен бстап ата – анасының қамқорлығында болады. Олай болатын болса, не себепті бала жаман жолға түседі? Оны жаман әдеттерге итермелейтін кім? Оның себептері әрине көп – ақ. Көп жағдайда ата анасының баласына уақытты аз бөлуінен, үйдегі болатын кикілжін немесе отбасындағы ақша мәселелерінің туындауы. Бұл әрбір жанұяда болатын заңдылық деп есептеймін.Баланың әлсіздігі: еліктеушілік, біреудің айтқанына сену, көзбен көре тұра сол жаман қасиетке өзін еріксіз итермелеу және т.с.с. Әр бір ата – ана баласына жаман әдеттерді әкелетін зардаптарынан жастайынан ұғындырғаны мүмкін. Сондықтан да ата – ана баланы жастайынан спортқа, өнерге, білімге құштар болуына мүмкіндік жасап, болашақта үлкенн азамат болып өсуіне зор ықпал жасауға тиіс.

Ұлттың бүгінгі де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, рухани ойлау дәрежесі биік отансүйгіш, еңбекқор, ізденпаз, қабілетті адамдарды тәрбиелеу мектеп пен ата – ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесім табады.

Енді біз оқушылардың аз да болса маңызды үлкен жетістіктері мен еңбектерінің бір бөлігіне куә болайық. (Бейне сюжет)

Қорыта келе сонымен болашақ – жастардікі. Өйткені олар ХХІ ғасырда, өркениетті Қазақстанда өмір сүреді.ХХІ ғасыр Қазақстан мемлекетінің гүлденуі мен өркендеу ғасыры болуы тиіс. Бұл ғасырда азамат нағыз рухани нәр алатын қоғамда, бұрын соңды болмаған жаңа жүйеде қалыптасады. Сөз жоқ, жеке тұлғаның, адамның рухани санасы оянады.

Сонымен, балалар, ХХІ ғасыр адамзат тарихындағы дәуір болуы тиіс .Ол дәуірде азамат өзін–өзі танып, біліп қана қоймай, осы қоғамның біртұтас бөлшегі екендігін сезінуі тиіс.

 

Қаулы:

 

  1. Бала тәрбиесіндегі ата – ананың жауапкершілігін арттыру;
  2. Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішігірімділікке отбасы жағдайына тәрбиелеу;
  3. Ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрыптармен байланыстыра отырып, қазақ жігіті мен қызына тән қасиеттерін жеткізу;
  4. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу;
  5. Топтық ұйымдар құрмайына жол бермеу;
  6. Еліміздің азаматы, ұлттық мақтаныш болуына қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаңыздың                                                                 Барлық жасаған еңбектеріңіздің

Өзіндей немесе ойыңыздағыдай                                    жұмсаған қаржысын балаңыздан

Болғанын күтпеңіз,                                                     Талапетпеңіз: Сіз оған өмір бердіңіз

Өзін – өзі дамытуға                                                     Ол кейінгі ұрпаққа өмір сыйлайды.

Көмектесіңіз жағдай туғызыңыз

 

 

 

 

 

Ашу ызаңыздың бәрін                                                          Ата – аналарға өсиет.

баладан алмаңыз,                                                                                                                                                        Ешқашан

қаталдықпен                                                                                                                                                       кемістушілікке

қатыгездіктің                                                                                                                                             жол бермеңіз

аражігін дұрыс түсіне де

Айра білгеніңіз

абзал.

 

 

 

Өзгенің балаларын өз                                                 Өз балаң қандай

балаңыздй көріңіз.Өз                                                  болсада еңбекке тәрбиелеңіз.

балаңа тілеген жақсылықты басқа                                    Өйткені бала сіздің

балаларға тілеңіз.                                                          өміріңіздегі үлкен мереке