Музыка әлемнің рухани елшісі. Орта Азия халықтарының музыкасы.
Сабақтың тақырыбы: Музыка әлемнің рухани елшісі.
Орта Азия халықтарының музыкасы.
Сабақтың мақсаты: : Орта Азия халықтарының
тұрмыс-салт,әдеп — ғұрып жырларын, музыкалық
аспаптарын тану, талдау, ажырата білу.
Көрнекілігі: Слайд , магнитафон таспалары,
ән тексті, суреттемелер.
І. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу: Саламатсыз ба? Саламатсыз ба? (әндету арқылы)
б) түгендеу.
ІІ. Үйге тапсырма
Балалар, өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп көрейік.
- Қазақстан Республикасының әнін және сөзін жазғандар?
- Музыкада неше нота бар?
- Қорқыт ата ескерткіші қай қалада орналасқан?
- Асан қайғының қандай күйлерін білеміз?
- Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді?
- Ұрмалы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- Үрмелі аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- Тілшікті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- Неге ұрмалы аспап бірінші тұрады?
Өте жақсы, балалар. Енді өткен сабақта үйренген әнімізді хормен орындайық.
«Елім ай» әнін орындау (Слайдтан көрсету)
ІІІ. Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы:
« Орта азия халықтарының музыкасы»
Орта Азияда тұратын қырғыз , өзбек , түркмен , тәжік халықтарының тілдері, діни наным — сенімдері , салт – дәстүр,әдет – ғұрыптары бір – біріне өте жақын болып келеді.
Сондай – ақ олардың мәдениеті мен өнері де бір – бірімен қабысып ,ұштасып жатады.Ол елдердің музыкасы мен музыкалық аспаптарында да көптеген ұқсастық бар.
Өзбек халық аспаптары:
гиджап, сато, сетор. дутар , танбур , уд , рубаб, дойра , нагара , сафайль,сибизик , буламан , сурнай , қошнай , най, гаджир , карнай.
Түркмен музыкалық аспаптары: дутар, гиджак,тюйдук ,
дилли — тюйдук,гопуз.
Тәжік музыкалылық аспаптары: рубаб , танбур , дутар ,
думбрак , най , карнай, сурнай,
кушнай,чанг, таблак, нагара,
дойра, кайрак, зонг, сетор ,
пангар,бланзиком, даф, тутак.
Қырғыз музыкалық аспаптары: қомыз,қыл қияқ , жығаш ,
ооз қомыз , темір қомыз , гоор ,
сырнай , керней , добулпаз , доол.
Музыкалық шығарманы тыңдау: Әрбір аспаптың ойналуын слайд арқылы көрсету
ІV. Сергіту
- Әндету жаттығулары
Дауыс ашу жаттығулары:
- Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс.
- Дыбысты үзбей, созып орында.
- Әнді асықпай, мәнерлеп орында.
- Әнді мұғалімнің қолының қимылына қарай бірдей бастап, бірдей аяқта.
Жаңа ән үйрену: «Ақ мамам» Сөзі: Фариза Оңғарсынова
Әні: Махамбет Дауылбаев
Сөзін слайд арқылы көрсету
Қосымша сұрақтар беру
VІ .Қорытындылау: Сөзжұмбақ «Аспаптар»
Орта Азия халықтарының аспаптарының атаулары:
Най, сырнай, гопуз, гиджак, дутар, рубаб, нагара
VІІ. Бағалау.
VІІІ.Үйге тапсырма: «Ақ мамам» әнін жаттап, жатқа әндету.
Орта Азия халықтарының музыкалық
аспаптарын тану және ажырата білу