О. Әубәкіров «Ара мен шыбын»
Пәні: | Ана тілі | Сыныбы: 4 «А» |
Сабақтың тақырыбы: | О. Әубәкіров «Ара мен шыбын» | |
Жалпы мақсат: | Жеке қабілет пен белсенділікке сүйене отырып, түйінді ойды ашу арқылы сындарлы ой айтуға баулу. | |
Сілтеме: | Ана тілі оқулығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер. | |
Оқу нәтижелері: | Оқушылар идеясын табуды, мысалды талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйренді. | |
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: | Оқулық, интер белсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер. | |
Әдіс тәсілдер: | Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылауСТО: «Миға шабуыл», «Кластер», «Блум жүйесі» ОүБ: (Табыс критерийлері бойынша) | |
Дереккөздері: | Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған видео, автор туралы мәліметтер. |
Тапсырмалар
Тапсырма түрлері | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | ||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. | Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көиегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл – күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір – біріне жымиып, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. Сыныпты үш топқа бөлу. Жануарлар, құстар, жәндіктердің аты жазылған қима қағаздар арқылы «Жануарлар», «Құстар», «Жәндіктер» деп жазылған топтарға барып отырады. Топ ұстанымын еске түсіру.Топ басшысы тапсырма сайын әр оқушыны бағалайды. Мұғалімнің бағалауы. — Балалар, бүгінгі сабағымыз « Блум жүйесі» арқылы өтеді. БІЛУ — ТҮСІНУ — ҚОЛДАНУ — ТАЛДАУ — ЖИНАҚТАУ — БАҒАЛАУ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
1)Білу. | Үй тапсырмасын сұрау. Топтастыру сызбасын пайдаланып кейіпкерлердің іс — әрекетіне мінездеме бер. Кейіпкер: Кейіпкерлердің іс — әрекеті: Мен кейіпкердің орнында болсам… — Аққу, Шортан, Шаян мінездес адамдар өмірде кездесе ме? — Ал өздерінің бойларыңда кездесе ме? Кездессе Абай атамыз айтқандай өз — өзімізден есеп алу арқылы оны жоюымыз керек. | 1- топ: Аққу 2- топ: Шаян 3- топ:Шортан
| Бағдаршам арқылы бағалайды
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру. | Бұл мысалдар адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер туралы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
2) Түсіну. | Автор туралы қысқаша дерек. Слайд №4 Ассоциация.Не білесің? Ара мен шыбын деген сөзді естігенде ойыңа не келеді? Оқулықпен жұмыс. «ЖИГСО» әдісі бойынша мәтінді талдау. Мақсаты: ауызша, диалогты сөйлеу машығын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін жетілдіру; -шығарма не жөнінде? –қонақ дегеніміз кім? -қонақжай дегенді қалай түсінесің? -неліктен шыбын қонақжай емес деп ойлайсың? -ал ара ше? -қонақтың қандай түрлері бар? | § Аралар сары ала болып келген жауынгерге ұқсайды. Демтүтік арқылы ауамен демалады § Ұясын шатырға, ағаштардың қуысына, бұтақтарға салады. Құйрығының ұшында өткір шаншары бар § Шаққан жері қатты ісіп кетеді. Шыбын ауада ұшады, жерде жорғалайды. 6 аяғы 2 қанаты бар. Ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған. Оқушылар мысалды, жеке, топпен оқып, мысалдың негізгі идеясын ашады.Кемпірқосақ әдісімен орындарын ауыстырып, өз сөздерімен бір – біріне түсіндіріп өтеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту жаттығуы. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
3) Қолдану | Ситуациялық жағдайлар. «Сен жұмысқа барайын деп жатқанда үйіне қонақ келсе…», «Үйің бір бөлмелі. Саған туғандарын қыдырып келді. Өзің емтиханға дайындалып жатырсың. Олар саған кедергі келтіре ме?», «Құрдастармен туған күн тойлау үстінде.Сол сәтте шақырмастан көршілерің келсе…» «Егер мен шыбын болсам…» эссе жазу.
| Әр топ ситуациялық жағдайларды топта талқылап, ортақ шешімін тауып қорғайды. Ынтымақтастық топта шағын эссе жазады. | «Бармақ» әдісі арқылы бағалау. | ||||||||||||||||||||||||||||||
4) Талдау. | «Әңгіме кестесін құру» стратегиясы. Мақсаты: Сыни ойлай отырып, өз ойларын тиянақты жеткізе білуі. Слайд арқылы кесте беріледі, әр топ өздігінен орындайды. Тақырыбы: Ара мен Шыбын | Оқушылар өз ойларын талқылап, постер құрады. | Күлегеш арқылы бағалау. | ||||||||||||||||||||||||||||||
5) Жинақтау. | 1 – топ: «Кім ақын?» ұйқасын тап. 2 – топ: Ара мен шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды. 3 – топ: Пікірталас Ара мен Шыбынның іс — әрекеті дұрыс және дұрыс емес деген пікірде пікір таластыру.
| Топта бірлесе отырып, дебат, кумулятивті әңгіме жүреді.
Рөлге бөлініп, сахналайды. Өзара пікірталасқа түседі. | Алған білімдерін толықтырып отырады. Өзара талдайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||
6) Бағалау. | Мысалдан қандай ойды аңғардыңдар, қандай қорытынды түйдіңдер? Сонымен автордың адам бойындағы қасиеттерді салыстыр отырып жазған еңбегіне көзқарастарың қандай? Сендерге мысал ұнады ма? Оқушылардың алдарына берілген критерий бойынша к-шбасшы топты бағалайды. (Кері байланыс орнату.) | Балалар жауаптарын айтады.
Өзара пікір туады.
| ОүБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағаланады.
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы: | Мысалды жан — жақты талдау, мысалдың ұнаған жерінен үзінді алып жаттап келу.
| мысал | |||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексиялық кезең. | Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді. |