Отан. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Сыныбы:1

Пәні:Ана тілі

Тақырыбы: Отан.    Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Мақсаты:

  1. Оқушыларға Отан туралы түсінік беру;

2 . Шығармашылық, танымдық  қабілетін дамыту

3 .Ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас  сабақ

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі:  сурет, қима қағаздар.   

                                       Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеремін,зейіндерін өзіме аударамын.

2.Дәптерлерін таратып,партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

ІІ.  Өткенді қайталау:

Балалар, еліміздегі ең биік таулардың бірі – «Хантәңірі» тауына саяхатқа шығайық. «Хантәңіріне» жету үшін бірнеше кедергілерден өтуіміз керек екен. Қане, дайынбыз ба?

 

  • Қандай сөзшықты, бардлығымыз айтып көрейікші.
  • Жуан және жіңішке дауыстылар.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  70-жаттығу:

а) Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

ә)  Оқушылардың мәнерлеп, түсініп оқуы.

б) Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар:

-Отан  деген сөзді қалай түсінесіңдер?

— Біздің Отанымыз қалай аталады?

-АқынОтанды кімдерге, нелерге теңеді?

-Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

VІ. Бекіту:    Тиістісін қой.

Ұ-Ү, Ы-І, А-Ә

Жуан                                          Жіңішке

С….р                                              С…р

С..н                                                С..н

К..р                                                 К..р

  1. Бағалау : белсенді оқушыларды бағалаймын

VІ. Үйге     тапсырма: Отан өлеңін жаттап келу  « Отанға менің берерім » деген тақырыпта әңгіме жазып келу ата-аналарының көмегімен.