Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Мақсаты:
- Қазақ халқының бай мұраларын, соның ішінде ғажайып әндері мен күйлерін бүгінгі күнге жеткізген халық аспаптары туралы бала бойына сіңдіру.
- Оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыра отырып ән айту шеберліктерін жетілдіру және танымдық ой-өрісін дамыту.
- Ұлттық тәрбие көзі ретінде халық музыкалық аспаптарының үнділігі, саздылығы, көркем эстетикалық тұстарын тереңірек талдау арқылы балаларды өз Отанының нағыз азаматы болуға баулып, оның ұлттық көзқарасы мен санасын ояту.
Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: бор, тақта, карточкалар, видеопроектор, үнтаспа, бейнетаспа, музыкалық аспаптар (шаңқобыз, домбыра, шертер, сыбызғы, сазсырнай, қобыз, жетіген, тұяқтас, мүйіз, сылдырмақ, даңғыра т.б.), қосымша суреттер, сөзжұмбақ, рефераттар.
Әдіс-тәсілдер: Байқау әдісі, эвристикалық, түсіндіру, тест, көрсету, тыңдату, сұрақ-жауап.
Дәріс түрлері: көзбен шолып байқау, дәріс — диалог.
Білім беру технологиясы: білімді проблемалықпен баяндау.
Сабақтың типологиясы: жаңа білімді меңгерту
Сабақ барысы:
- Дайындық кезеңі.
А) Кезекші мәліметімен танысу
Ә) Сәлемдесу рәсімі.
Б) Оқушыларды түгендеу.
В) Оқушылардың оқу-құралдарын (кітап, нота дәптері,
қаламдарын) тексеру.
Г) Оқушылардың назарын пәнге аудару үшін сергіту ойынын ойнату (Тамаша тілек).
Мұғалім: Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра – демекші ұлттық аспабымыз домбырамен бірге жасасып келе жатқан музыкалық аспаптар әлеміне саяхат жасау үшін бүгінгі сабағымызды бастайық.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқын айтып түсіндіру
кезеңі:
Балалар бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысып, олардың шығу тарихын және сазды әуендерін жадымызда сақтап, елімізді, ұлтымызды сүйе отырып, өзге ұлт өкілдеріне мақтанышпен дәріптейміз. Мұнда сабақ үрдісі арқылы ұлттық-патриоттық тәрбие аламыз.
- Материалды түсіндіру кезеңі:
Әр халықтың өзіндік тұрмыс тіршілігіне , табиғи орналасқан жеріне, мінезіне , тұрмыс-салтына байланысты музыкалық аспаптары да түрліше болады. Сол аспаптар арқылы музыка мәдениеті қалыптасады.
Өлең оқылады:
Слайд арқылы музыкалық аспаптарды көрсету, үнін естірту.
- Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:
Сұрақ-жауап:
а) Қандай музыкалық аспаптармен таныстық ?
ә) Алғашқы көне аспапты кім арқылы таныдық ?
б) Әр аспаптардың үнін естідік, үрлемелі аспаптардан қандай әсер алдыңдар ?
в) Көне аспаптарды қазіргі заман талабына сай өңдеген композиторларды ата ?
г) Әлемдік эстрадалық музыкада осы аталған аспаптардың алатын орны қандай ?
д) Алғашқы көне аспаптар қай жерде табылды ?
Сөз жұмбақ: «Ұлт аспаптар»
1) Жылқының тұяғынан немесе ағаштан жасалатын көне аспап ?
2) Ыспалы аспап ?
3) Асықтың көмегімен шертіп ойналатын көне аспап ?
4) Қазақтың негізгі ұлттық аспабы ?
5) Үрлемелі аспап ?
6) Ұрмалы — соқпалы аспап ?
7) Үрлемелі түтік аспабы ?
8) Ұрмалы – сілкімелі аспап ?
9) Үш ішекті шертіп ойналатын аспап ?
10) Ортасында жіңішке тілі бар, лираға ұқсас аспап ?
11) Анасы бөбегін жұбатқан аспап ?
- Бекіту кезеңі.
Көне халық аспаптары халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы екенін айтып, көп нүктенің орнына тиісті сөздер қою.
- « ………………… жүрегіммен үндес едің ,
Сенімен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім ».(М. Мақатаев)
- Бабаларым рахмет сендерге
Балаларым болмасын деп құр кеуде
……………..мен қосып ән мен күй бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым рахмет сендерге. ( М. Мақатаев)
(керекті сөздер: домбыра, қобыз).
Б а ғ а л а у:Оқушыларға нота кілті мен қобыз,домбыра таратылады.
(Нота кілтінде «4»,домбыра мен қобызда «5» )
- Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Қазақ халқының музыкалық аспаптары жайында өз ойларыңнан ертегілер мен әңгімелер құрап,буклеттер жасап келеміз .
Қоштасу рәсімі:
Бабаларым рахмет сендерге
Балаларым болмасын деп құр кеуде
Қобызыңмен қосып ән мен күй бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде.
Бабаларым рахмет сендерге
-деп мұзарт таудың мұз балағы М. Мақатаев айтқандай, баба сөзімен сіздерге рахмет айтқым келеді. Мен сендердің болашақтарыңнан үлкен үміт күтемін, бүгін біздер ойда қаларлықтай сабақ өттік. Сау болыңыздар.