Аяқ бірге,қол төмен.қолды алға созу,төмен түсіру

Тақырыбы: 1б.қ Аяқ бірге,қол төмен.қолды алға созу,төмен түсіру. 5-6рет қайталау.

Білімдік мақсаты: Жан-жақты денені дамытатын жаттығуларды қалыптастыру.

Танымдық мақсаты: Қимыл-қозғалыстарын жетілдіру үшін дене мүшелеріне байланысты жаттығулар жасау.Баланың дене түзілісінің дұрыс қалыптасуына,дамуына

денсаулығының нығайуына жағдай жасау.

Тәрбиелік мақсаты: батылдыққа,шапшаң қимылдауға дағдыландыру.

Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Құрал жабдықтар:  Доп,ойын алаңы,ойындар.

Билингвизм: Жұп –пар

Қызметтің

кезеңдері

 

Тәрбиеші әрекеттері

 

Балалардың әрекеттері

 

Мотивациялық —

Түрткіболатын

Іс

 

 

Жүру жаттығулары: Денені тік ұстап,музыкаға сәйкес жәй,шапшаң жүрмей,аяқтың ұшымен,сыртымен,

ішімен,өкшемен тізені көтеріп,кең адымдап алға,артқа жүру.

Жаттығулар жасайды.
Ұйымдық — іздену

 

 1.Б.Қ қолды белге ұстау,аяқ арасын алшақ ашып тұру,қолды жанға созу,жоғары көтеру,аяқ ұшымен тұру,қолды жанда ұстау.б.қ .7-8рет

2. Б.Қ Қолды желкеде саусақты айқастырып ұстап,аяқ арасын алшақ  ашып тұру. Бойларына қарай сапқа тұрады.

Сапқа тұру,бұрылу (оңға,солға,үйіріліп айналу) жүру,бір қатарға,бір қатардан екі қатарға тұбру,сандық белгілер (1,2,3,4) бойынша қатар құрау. Жұптасып бір-бірінің артынан бір қатармен қалыспай жүру.Тізені кезек-кезек көтеру. Оңға,солға бұрылу.

Ойын: «Өз түсіңді тап»

Шарты: Тәрбиеші балаларға 3-4 түсті жалаушаларды таратып береді (қызыл,сары,жасыл,көк)Түсі бірдей жалаушасы бар балалар жалаушаның белгілі бір түсімен алдын ала белгіленген бөлменің әр бұрышына жиналады.Тәрбиешінің «ойнап келіңдер!» деген кезде балалар өз түстері бар жалаушалардың жанына жиналады.

 

Бойларына қарай сапқа тұрады.

 

Жұптасып бір қатармен жүреді.

 

Оңға,солға бұрылуды үйренеді.

 

Ойын ойнайды.

 

 

Рефлекстік — түзету

 

Жұптасып жүру дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойын: «Ортаға түспек»

Шарты: балалар екі топқа бөлінеді,ортадағы балаға көздеп допты тигізу керек,егер доп тисе,ол ойыннан шығады.Допты тигізген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

Мадақтау.

 

Балалардың жауабы.

 

Ойын ойнайды.

Күтілетін нәтиже :

 Ойын ережелерін орындай білуге және батыл қимылдауды  білу.

Білуге   тиіс:   Бір қатармен жұптасып жүруді

Істей білу керек: Оңға,солға бұрылуды білу.