«Түлкі мен тиін» (Ә.Асылбеков)
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: «Түлкі мен тиін»(Ә.Асылбеков)
Сабақтың мақсаттары:
1.Өлеңдерді мәнерлеп оқуға,мазмұнын жүйелі айта білуге ,өлеңнің негізгі ойын тауып,өлеңнің қай түріне жататынын анықтай білуге үйрету;
2.Ой-өрісін дамыту,өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту,өз ойларын ашық айта білуге,дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету;
3.Мақтаншақтық әдеттен аулақ болуға тәрбтелеу,адамгершілік қасиеттерге баулу
Сабақтың көрнекілігі:Оқулықтағы түлкі мен тиін бейнеленген мурет салынған плакат.тапсырмалар жазылған қағаздар,маркерлер т.б
Сабақтың түрі:Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
Пәнаралық байланыс:дүниетану
Сабақтың құрылымы:І.Қызығушылығын ояту
1)Психологиялық дайындық.
Мұғалім:Көз не үшін керек?
Оқушылар:Жақсыларды көру үшін
Мұғалім:Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар:Ақыл кеңес тыңдау үшін
Мұғалім:Екі қол не үшін керек?
Оқушылар:Елге көмек беру үшін
Мұғалім:Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушылар:Шетте жүрсең туған жерге жету үшін
Мұғалім:-Дұрыс балалар,отыра қойыңдар.Олай болса мен сендердің құлақтарың,көздерің,қолдарыңмен аяқтарыңа саулық тілеймін.
-Балалар,орманда жүретін қандай аңдарды білесіңдер?
-Қасқыр,арыстан,түлкі т.б.
-Дұрыс айтасыңдар.Жан-жануарлардың ішінде қулығымен танымал қандай аң?
-Түлкі.
-Дұрыс айтасыңдар.Ағаштың діңіне ұя салып секіріп жүретін,ешқандай зияны жоқ аң туралы білесіңдер ме?
-Ол тиін.
-Дұрыс.Олай болса,біз бүгін түлкі мен тиін жайлы өлеңді өтеміз.
-Суреттен көріп тұрсыңдар?
-Түлкі,тиін,ағаш,дала.
(Сабақ тақырыбын хабарлау)
Өлең авторы Ә.Асылбеков.Автор жайлы тоқталып өту
ІІ.Мағынаны тану
1.Өлеңді өзім мәнерлеп,түсінікті етіп оқып беремін.
2.Оқушыларға оқыту.
3.Рольге бөліп оқыту
4.Сұрақтармен жұмыс.
Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?
Тиін оған қалай жауап тапты?
Сол сәтте қандай жағдай болды?
Қай аңның айласы басына түсті?
5.Өлеңнің толық мазмұнын айту
6.Өлеңдегі негізгі ой не?
Мақтаншақтық әдеттен аулақ болу.
7.Топпен жұмыс(3 топ басшысы ортаға шығып,1 карточкадан алады.)
Тапсырма:1-топ:«Тоқсан тоғыз айлалы»дейтін сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.2-топ: «Тайраңдар»сөзінің мағыналас қатарын тауып көр.
3-топ:Бұл мәтін өлеңнің қай түріне жатады?Неліктен?/Әр топтан топ басшылары дайын болған кезде сигнал белгісін көтерді/Әр топ жауаптарын тыңдау,бағалау.
8.Сөздік жұмыс жүргізу
Қиыр-алыс
Маң-өте жақын жер
Жайрады-сұлап жатты,өліп жатты
9.Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып қаламыз.
Алақанды соғамыз,
Орнымызға қонамыз.
ІІІ.Ой толғау.Бүгінгі өтілген сабақ жайлы білгендерің бұрыннан білетіндерін пайдалана отырып,жұмыстар жүргізу.
Топпен жұмыс.1-топ-Тиін;2-топ-Түлкі;3-топ-Қасқыр.
Әр топқа плакат беру,әр топтағы оқушылар бүгінгі және бұрынғы білімдерін қоса отырып,ассоцация құрады.Онда осы аңдар жайлы жалпы мәлімет көрсетілуі керек./мінезі,жүретін жері,немен қоректенеді?/т.б .өздері білетін мәліметтер толық көрсетілуі керек.
І топ жұмысы.
Момын Ешкімге зияны жоқ
Жаңғақ, Секіріп Құйрығы Ағаш қуысында
саңырауқұлақ жүреді үлкен өмір сүреді
жейді Пысық
ІІ топ жұмысы
ІІІ топ жұмысы
Мінезі өте жаман
Жыртқыш
Орманда , тауда жүреді
Азулы аң
Терісінен тон тігеді
Ет жейді
Адамды да жеп қояды
Сахналау.Әр топтан өздері келісіп алып сахналайды.Қай топтың сахналау өнері жақсы екенін айтып,бағалау
ІV.Қорытындылау.
1.І,ІІ топ оқушыларына тапсырма:Әңгіме кестесін толтыру.
Өлеңдер тақырыбы | «Тәкаппар» | «Түлкі мен тиін» |
Авторы | Ш.Смаханұлы | Ә.Асылбеков |
Оқиға орны | Суда | Далада |
Негізгі кейіпкерлер | Балық | Түлкі тиін |
Негізгі ой | Пәкаппарлық | Мақтаншақтық |
Оқиға қалай аяқталады? | Балық өліп қалды | Түлкіні қасқыр жеп қойды |
Қорытынды ой:Тәкаппарлық пен мақтаншақтық әдеттен аулақ боламыз.
2.РАҒТ -әдісі ІІІ топқа тапсырма:
-Тиінге,түлкіге не айтар едіңдер?
/Оқушылар жауабы/
-Түлкі мақтана бергеннің түк пайдасы жоқ.
-Мақтанғаннан гөрі сақ болуың керек еді.
-Тиін сен дұрыс істедің.
-Сен өте ақылдысың,бір айланың өзімен аман қалдың.Үнемі осылай жүре бер.
V.Бағалау.Оқушыларды әр топтан сұраққа жауап беру,тапсырмаларға араласып отырғанына қарай ауызша бағалаймын.Топ басшыларына рахмет айтамын.
VI.Үйге тапсырма беру «Түлкі мен тиін»оқу,мазмұндау.Сөздік жұмысы.Түлкі,тиін жайлы тың мәліметтер жинап келу (жеке зерттеу кітапханасы)
Сабақты аяқтау.