Құстар- біздің досымыз
Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз
Мақсаты: Балаларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Ертегіні рөлдерге бөліп беріп ойнату арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: дискі, атрибуттар
Сабақтың барысы:
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем
- Көктемнің қанша айы бар?
- Үш
- Олар қандай айлар?
- Наурыз, сәуір, мамыр
- Қазір қандай ай?
- Сәуір
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
Келді көктем қалаға,
Келді сұлу шағалы.
Аспандағы көп құстар,
Ауылымды арала
А-ай келді көктем,
А- ай сүйді беттен,
Сол көктемді қарсы алып,
Би билейміз, ән салып.
Слайд қарау
Қазір балалар осы көктем айындағы бау-бақшамызда, төбемізде ұшып жүрген құстармен теледидардан қарап танысайық. Бәріміз назарымызды теледидарға қояйық.
Ал, енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін кім табар екен.
Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)
Мойын сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (аққу)
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп
Қайсы құсты мақтаймыз (көгершін)
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады. (жарқанат)
Жарайсыңдар. Енді балалар осы құстар туралы білетін тақпақтарымызды еске түсірейік.
Көлге келіп қонады,
Көлдің көркі болады.
Аңшы бірақ атпайды,
Аққудың бар обалы.
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырады.
Сауысқан, сауысқан
Жауыр атқа жабысқан.
Ойда жауыр көрінсе,
Ойбайлатқан сауысқан
Қырда жауыр көрінсе
Қиқаңдатқан сауысқан.
Бір қонып, бір секектеп,
Менің атым көкек деп
Мен ғой келген жетектеп,
Қорықпаңдар жаз өтеді деп,
Тұрады жаз тамылжып,
Десем болды «көкек» деп
Ойын: «Ұшты-ұшты»
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегіні оқып беру
Ертегіні балаларға рөлдерге бөліп сахналату.
Сабақты қорытындылау.