Сиқырлы жолдар.
Тақырыбы : Сиқырлы жолдар.
Мақсаты: Балалардыңқарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын- қысқа заттарды, үлкен- кіші ,бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер , түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Билингвальді компонент :Длинный – ұзын, короткий – қысқа.
Іс-әрекет кезеңдері
| Тәрбиешінің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – танымдық
| Шаттық шеңбер «Күн шуағы» Күлімде күн күлімде, Бүлдіршіндер қуансын. Жарқырап күн ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн, біз- көңілді баламыз! Қайырлы күн, біз – сүйкімді баламыз! Айтқан тілді аламыз Достарымды көргенде Қуана қарсы аламыз. Сәлем!, Сәлем!, Сәлем! |
Балалар шаттық шеңберге тұрып бір – біріне қарап жаттығуды қайталайды |
Ұйымдастырушылық – ізденушілік
| Жұмбақ. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады
Тәрбиеші:- Балалар бізге қояндар қонаққа келіпті, қояндар жолдың бойымен секіріп келеді. Кәне қояндардың түсін айтыңдаршы қандай?
Тәрбиеші:-Ал балалар алдарыңда екі жол жатыр, кәне салыстырайық
Тәрбиеші:- Ал біздің ақ қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?
Тәрбиеші:- Ал біздің көк қоян қандай жолмен секіріп келді?, түсі қандай?
Салыстыру әдісі Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы кәне сластырып көрейік қай қоян бірінші келді? Себебі неде?
Ойын: «Сиқырлы жолдар»
Д/о «Сәбіздерді салыстыр»
Тәрбиеші- Қояндар қонаққа келді кәне қояндарға кім тақпақ айтып береді?
Сергіту сәті: Қ/ о «Түлкі мен қояндар»
Тәрбиеші: — Балалар біз қандай сандарды білеміз?
«Кім көп біледі?» ойыны. Санамақ айту.
Тәрбиеші:- Балалар қандай ақылды балаларсыңдар, бәрін біледі екенсіңдер. Енді пішіндер туралы не біледі екенсіңдер?
Тақтамен жұмыс.
Пішіндердің түстері қандай?
д/о «Қоянның үйі» | Жауабы: Қоян.
Ақ қоян, көк қоян.
Жолдарды салыстырады Ұзын жол, қысқа жол.
Ұзын жол,түсі қызыл.
Қысқа жол, түсі сары.
Балалар жолдарды салыстырып, көк қоян бірінші келгенін айтады Себебі: жол қысқа. Жолақшаларға қояндарды орналастырып ойнайды Сәбіздерді салыстырады.
Ермахан: Ақ қоян- ау , ақ қоян Үркек қоян, сақ қоян. Қарша берсең қалыңға, Қорқағым деп ат қоям.
Дарина:
Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы- қырлы жерлермен, Ытқып- ытқып жүгірді.
Балалар көңілденіп ойнайды. Бір. екі, үш.
Балалар санамақ айтады. Балалардың жауабы: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. Қызыл , жасыл, сары. Геометриялық пішіндерден қояндарға үй құрастырады. |
Рефлексивно – коррегирующий
| Тәрбиеші:- Балалар үйді әдемі құрастырдыңдар, енді қояндар осы үйде тұрады, рахмет Сабақты қорыту
| Қояндар балаларға рахмет айтып сыйлықтарын береді.
|
Күтілетін нәтеже