Ойыншықтар сыры
Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар сыры.
Сабақтың мақсаты: Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту арқылы балалардың сөздік қорын дамытуда дыбыстық мәдениетті қалыптастыру. Өлең, тақпақ арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру. Ойыншықтарға деген жылулық сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекіліктері: түрлі ойыншықтар, үнтаспа,
күн сәулесі бейнесі.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар бәрің маған қараңдаршы. Барлығың қандай әдемі болып кеткенсіңдер.
Қонақтармен амандасу.
Бізге келген қонақтар қандай балалар.
Балалар: Сұлу, әдемі, әсем т.б
Тәрбиеші: Өте жақсы , олай болса келген қонақтарға өлең айтып берейік:
Жүрісіңнен жаңылма,
Топ топ, топ топ, топ топ.
Жылдамырақ адымда,
Топ топ ,топ топ, топ топ.
Шапалақта алақан,»
Тақ тақ ,тақ тақ, тақ тақ.
Тездет енді балақай.
Тақ тақ , тақ тақ , тақ тақ.
Осы кезде әдемі әуенмен күлдірген кіреді.
Күлдірген: Сәлеметсіңдер ме балалар.
Балалар: Сәлеметсіз бе күлдірген.
Күлдірген: Балалар сендердің аттарың кім?
Балалар аттарын айтады.
Күлдірген: Сенің жасың нешеде?
Балалардың жауабы: үште.
Күлдірген:Ой, қандай жақсы балалар. Апай мен керемет сиқыршымын ғой. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға бір керемет көрсетіп берейін бе?
Тәрбиеші: балалар күлдіргеннің кереметін көрейік бе?
Балалар: иә, көрейікші.
Тәрбиеші: Олай болса, көрсет өнеріңді күлдірген.
(жерде беті жабулы түрлі-түсті қалташалары бар, қалташаларға әдемі ойыншықтар салынған күн сәулесі бейнесі жатады).
Күлдірген сиқырлы сөздерін айтып жапқышты ашып қалады.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы қандай әсем,әдемі қалташалары бар күн сәулесі бейнесі бізге нұрын шашып жатыр. Күлдірген сен неткен керемет сиқыршысың. Ал балалар қалташаларды ашып көрейікші.
Балалар әрқайсысы өз қалташаларына отырады.
- Аю шығады.
Саяра: мынау аю. Ол жұмсақ,түсі қоңыр.Қорбаң,қорбаң етіп
жүреді.Тақпағын айтады.
- Сиыр шығады.
Әдемі: Ол мө-мө-ө-ө дейді \ 2 рет қайталау\.Сиыр сүт береді,ет
береді.Тақпағын айтады.
- Қоян шығады:
Гулім: мынау қоян. Мен қоянды ұнатамын. Қоянның құлағы ұзын, ол сәбіз жақсы
көреді. Мен қоян туралы тақпақ білемін айтып берейінші.Тақпақ айтады.
- Қой алып шығады.
Камила: түсі ақ, бә — бә — ә дейді.Жүнінен киім тоқиды.Тақпағын айтады.
- Түлкі шығады.
Балжан: мынау түлкі, ол өте қу және айлакер. Ол көп ертегілердің кейіпкері.Ол
бұлғаң -бұлғаң етіп жүреді.\көрсетеді\.
- Ит шығады .
Асылжан: ит адамның досы. Үй күзетеді. Ит аф- аф — аф , р – р- р- р дейді
\қайталау\.
- Түйе шығады.
Құдайберген: мынау түйе. Түйенің сүтін шұбат дейді. Ол бө -бө — ө — ө дейді.
Тақпақ айтады.
- Жылқы шығады.
Ол Ио — ио — ио дейді. Мен жылқының төлі құлын туралы тақпақ білемін.
Тақпақ айтады.
- Тышқан шығарады.
Нұрай: тышқан пи — пи — пи дейді \қайталау\ түсі сұр болады.
Өзі кіп кішкентай болады. Ол мысықтан қорқады. Тақпақ айтады.
- Мысық шығады.
Жұлдыз: Мен мысықты жақсы көремін. Оның түсі ақ, мысық сүт ішеді. Мен мысық
туралы тақпақ білемін. Тақпақ айтады.
Тәрбиеші: Балалар өте жақсы, жануарлар жайлы көп нәрселерді біледі екенсіңдер.
Күлдірген:Ал балалар мен сендермен қош айтысайын деп тұрмын. Мені сендер сияқты басқада балақайлар күтіп отыр. Оларға да барып таңғажайып заттарымды көрсетүім керек. Сау болыңдар, келесі кездескенше балалар.
Балалар: Сау болыңыз.
Тәрбиеші: Балақайлар өздерің шаршап қалған сияқтысыңдар ғой. Кішкене серігіп алайық.Кәне жақындаңдар.
Сергіту сәт:
Жел уледі у — у — у.
Боран соқты зу — зу — зу.
Қатты қатты жел соқты гу- гу — гу.
Жапырақтар қол соқты ду — ду — ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах- ах- ах деді.
Билеп кетті қалтырап тоқ — тоқ .
Тәрбиеші: Кішкене серігіп, көңіл — күйімізді көтеріп алдық.Ал енді балалар сабағымызды жалғастырайық.Осы сабағымызға орай бір ойын ойнайық. Ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме балалар?
Балалар: Иә.
Қ\о « мысық пен тышқандар»
Тәрбиеші: Кәне балалар ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар. Ойыншықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыншықтар әні.
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі өткен сабағымыз сендерге ұнады ма? өте қызық болды. Балалар жануарлардың дыбысын тағы бір қайталап өтейік. Сиыр мө — мө — мө дейді.Қозы бә- бә — бә дейді. Ит аф — аф — аф, р- р – р- р дейді. Түйе бө- бө — бө дейді. Жылқы ио — ио -ио — ио дейді.Тышқан пи — пи — пи дейді. Мысық мияу – мияу мияу — мияу дейді. Өте жақсы балалар. Сабақта ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар сендерге көп көп рахмет. Осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Қонақтармен кош айтысайық.
Балалар: сау болыңыздар, келесі кездескенше.