Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Құмырсқа мен көгершін.
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Құмырсқа мен көгершін.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу;
ә) Дамытушылық: өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту;
б) Тәрбиелілік: оқушыларды бір – біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжеттік суреттер, сызба плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Бағдарлау – мотивациялық кезең.
— Балалар, біз тақпақ, өлең айтамыз. Мына өлеңді тез жаттап көрейікші:
Ыбылжыған қимылы
Ығыр қылды сыйлы іні.
Ысқырығын жоғалтып,
Ыдыс іздеп бір күні.
— Ал енді естеріңе сақтаған өлеңді дәптерлеріңе көшіріп алыңдар.
— Өлең ішіндегі дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
ІІІ. Операционалдық – орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс.
61 – жаттығу. «Құмырсқа мен көгершін». Спандияр Көбеев.
а) Әңгімені мәнерлеп оқып шығамын.
ә) Оқушылар оқып шығады.
б) Сөздік жұмысы:
Сусап – шөлдеп.
в) Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
- Әңгіме не жайында?
- Құмырсқа қайда келеді?
- Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
- Құмырсқа көгершінге қандай жақсылық жасады?
Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
62 – жаттығу.
Құмырсқа, толқын, аузы, бұтағы, аңшы, бидайды, т.б.
Көгершін, бір, тістеген, көреді, үстіне, жиегіне, т.б.
ІV. Рефлексиялық – бағалау кезеңі:
а) Мәтін бойынша көгершін мен құмырсқаны сипаттап жазу.
Көгершін | Екеуіне ортақ нәрсе | Құмырсқа |
ә) Сәйкестендіру тесті.
Мына берілген сөздерге тиісті әріптерін сәйкестендір (бағыттарын көрсет).
сызғ . . . ш
к . . .рп . . . ш і
өш . . . рг . . . ш
. . . лг . . . ш ы
с . . . йл . . . қ