Шал мен бала
Сабақтың тақырыбы: Шал мен бала
Сабақтың мақсаты: әңгіменің мазмұнын ашу.Сабақты өмірмен байланыстыру,оқушыларды мәнерлеп,жылдам оқуға үйрету. Қызығушылығын ояту,ой-өрісін,тіл байлығын кенейту,сөздік қорын молайту.Оқушыларды адалдыққа,шыншылдыққа және адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:суреттер, тірек –сызба, оқулық, сөзжұмбақ сызбасы. Түрі: аралас сабақ. Әдісі:сұрақ-жауап ,баяндау ,оқулықпен жұмыс ,дамыта оқыту. Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезені . Психологиялық дайындық . Қонақ күту салтымыз. Оқып біліп жатырмыз Келген қонақ сіздерге Сәлем бердік жалпымыз. Үй тапсырмасын сұрау: а)Сұрақ-жауап әдісі. б)Мәтінді мәнерлеп оқу , мазмұнын айту. Оқушылардан «Талас» -үй тапсырмасы бойынша сұрақ жауап алу. –Мараттың таза жүрмеу себептерін атау ,дәлелдеу. –Тазалықты сақтау, әдемі киіну айналадағы адамдар үшін бе, әлде адамның өзі үшін керек пе? -Таза әрі әдемі киіну дегенді қалай түсінесін?
Жаңа сабақ. –Ал енді, балалар,ойын ойнайық, әрі серігіп алайық. Мына тақтадағы сөз жұмбақты шешейік.
1.Алғаш мектеп ашқан кім? 2.Ұлы жүздің атасы (биі) кім? 3.Телеарна. 4.Дәнді дақыл.
5.Оқушы құралы. 6.Ер жүрек( мәндес сөзі)
7.Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді.
- Өз атын өзі шақырған құс.
Автор туралы әңгімелеу.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогика институтын бітірген. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында қызмет еткен. «Менің атым Қожа» повесі оқырмандардың сүйікті шығармасына айналса, осы повесі бойынша түсірілген фильм 1967 жылы Канн фестивалінің жүлдегері атанды. Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек» повестері, көптеген әңгіме, өлеңдері балаларға арналған.
Топтастыру.
«Жұлдыз», « Балдырған» Алматы обл. Нарынқол
журналдарында қызмет ауданында дүниеге келген.
еткен.
«Менің атым Қожа» Абай атындағы ҚМ пед.
фильмі түсірілген. институтын бітірген.
1967ж. Канн фестивалінде жүлдегері атанды.
«Шал мен бала» мәтінді оқу, түсіндіру.
- Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқулықтан оқи отырып, өздеріне таныс емес сөздерге белгі қоя оқу.(іштен дыбыссыз оқу), (үш минут). Бұл оқу түрін INSPT — инсепт деп аталатын стратегиясын пайдалану.
Қиын сөздерге тоқталып түсіндіру.
1.Бүкірлеу – еңкейген адам.
- Қоба сақал – қалың сақалды.
- Имек бас – қариялар ұстайтын аса таяқ.
- Ілгері лықсып – алдына қарай жүру.
- Қауқарсыз – әлсіз, күш-қуатсыз.
- Біреулерді сүзе барып – біреулерді соға құлайтын еді.
Оқушылардан мәтінде берілген сұрақтарға жауап алу:
- Трамвайда кімдер келе жатыр?
- Қарт балаға не үшін рақмет айтты?
- Бала қарт кісіге тағы қандй көмек жасады?
- Балағақарт кісі не жайында әңгімеледі.
- Бала неге қысылды?
Оқушылармен бірге сұрауларға жауап беру.
3.Венн диаграммасын құру.
- Сергіту сәті. Оқушылар қимыл жасау арқылы бойын жазады.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
5.Жарыс ұйымдастыру. Мақал-мәтелді жалғастыру жарысын өткізу.
- Ақыл дос — …
- Көп жасаған білмейді,…
- Досы көпті жау алмайды,…
- Әдепті бала, арлы бала,…
6.Ой шақыру. Сабақты қазақ тілімен байланыстырып топтастыру.
«Шал мен бала» сөздерінің әріптерінен жаңа сөздер шығару.
аш
ал ала
шана ел
ана бал
алма мал
шала
7.Қорытынды. Оқушыларға сұрақ қою.
1.Мәулен Сашаның атасымен қалай танысты?
2.Мәулен шалға неге көмектесті?
Үйге тапсырма: Мәтінге шығарма жазу.
Оқу, түсінігін айту. 107-109бет.
Бағалау.
Тамемова Айгүл Орынбайқызы
Еркін Нұржанұлы Әуельбеков атындағы
Жаңасу бастауыш мектебі
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, СҚО