Мәдіхат Төрежанов «Қолғабыс» әңгімесі
ШҚО.Ұлан ауданы Айыртау ауылы
Гагарин атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Мұхамадиева Бақытжан Даутхановна
Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәдіхат Төрежанов «Қолғабыс» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Әңгіменің мазмұнын ашу.Білімдерін кеңейту.
- Дамытушылық: Мәнерлеп оқуға машықтандыру. Мәтін бойынша сұрақ қоя білуге үйрету. Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істей білуге, өз ойын іріктеп айта білуге білуін дамыту.Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, сөз қорын молайту
- Тәрбиелік: Еңбекті сүюге, әділ болуға жауапкершілікке, байқампаз болуға тәрбиелеу
- Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, ассоциациялар, дөңгелек үстел,тірек сөздер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар, біз бүгін сендермен Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» атты әңгімесімен танысамыз. Сендер әңгіменің мазмұнына көңіл бөліп, баланың қандай үлкен іс атқарғанына назар аударыңдар. Сабақта ьіз топқа бөлініп жұмыс істейміз.
- ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Ғабит Мүсірепов Туралы өткен сабақта алған білімімізді еске түсірейік. Өмірбаяны, шығармашылығы туралы сұрақ-жауап арқылы қайталау «Ана құүшағында» әңгімесінің жоспар бойынша мазмұнын айтқызу
1.Қайроштың анасының келуі
- Ана мен баланың ыстық сезімі
3.Оқуға құштарлық
Қорытындылау
ІІІ Негізгі бөлім
- Топқа бөлу (2 қол, 3бас, 6 арқа ойыны арқылы 3топқа бөлу)
І – топ — «Қолқанаттар»
ІІ – топ «Байқампаздар»
ІІІ – топ «Көмекшілер»
- Кіріспе әңгіме М. Төрежанов туралы айтып өту
- Бұрын қандай әңгімесімен танысып едік?
- «Бұлбұлдың даусы»
- Топтарға тапсырма
І – топ Тірек сөздермен әңгіме құрау
Тірек сөздер:
Атасы, арба, шалғы, ат.Баласы, толрсық, қымыз,
тостаған.
ІІ – топ Дөңгелек үстел
Бір парақ қағаз топтағы оқушыларды айналып шығады
|
Балалар өздерінің алғашқы көмегі туралы 1 сөйлемне н жазып шығады
ІІІ топ «Қолғабыс» сөзіне ассоциациялық аймақ құрады
|
- Қолғабыс сөзін естігенде сендердің ойларыңа не келді?
Үй шаруасы көмектесті жұмыс түрлері
Ата-анасы бала
Өзінен кішіге мұғалім
Өзінен үлкенге
2.Мәтінмен жұмыс
А) Мұғалімнің мәтінді оқуы
Ә) Балардың құраған әңгімесі мен мәтіннің мазмұнындағы ұқсастықтарға тоқталу. Оқушылардың ойы.
Б) Мәтінді оқушылардың оқуы (Іштен оқу, дауыстап оқу)
Жаңа сабақты талдау
«Мен саған , сен маған» ойыны
І топ ІІ топқа сұрақ береді
ІІ топ ІІІ топқа ,ІІІ топ І топқа сұрақ қояды
Жаңа сабақты бекіту
І топ «Әңгімеден алғаным мен көңілге түйгенім» қысқаша жазу
ІІ топ Диалог сөздерді тауып оқу
ІІІ топ Көктомарда Арғынның неман айналысқанын санамалап айтып беру
Үйге тапсырма
Әңгімені мазмұндап келу
Бағалау
Топтар бірін-бірі бағалайды
«Үздік топ»
«Ең белсенді топ»
«Ең ақылды топ мүшесі»
«Ең сыпайы топ мүшесі»
Өзін-өзі бағалау
Слайдтағы смайликтер бойынша