« Аспан әлеміне саяхат».
Тақырыбы: « Аспан әлеміне саяхат».
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу әрекеті: Дене тәрбиесі
Мақсаты: Саптізбекте жұптасып жүру мен жүгіруді, ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүруді, төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіруді үйрету.
Қажетті құралдар: Аспан әлемі бейнесі- ай, жұлдыздар,зымыран бейнесі, үнтаспа,отырғыштар, жіп.
Әдіс- тәсілдер: Ой қозғау, түсіндіру,қимыл-жаттығуларды көрсету,сұрақ,жауап, ойын.
Билингвальді компонент: зымыран-ракета.
Қызмет кезендері | Педагогтің басқару іс-қимылдары | Балалар қызметі
|
1 кезең уәждік-түрткі болу
| Ой қозғау: — Балалар, біз бүгін аспан әлеміне саяхат жасаймыз. — Аспан әлеміне бару үшін неге мінеміз? Билингвизм: зымыран дегеніміз орыс тілінде ракета деп аталады. — Зымыранға мініп бару үшін, біздің денеміз шыныққан, батыл,білімді болуымыз керек. Сондықтан денемізді шынықтыру үшін бірнеше жаттығулар жасалық.
|
Зымыранға.
Зымыран-ракета.
|
2 кезең проблемалық- ізденістік | Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау: 1. Кіріспе: — Аяқ ұшымен жеңіл жүру, жүгіру. — Өкшемен жүру. — Оң жақпен, сол жақпен секіру. — Жай жүру.
2. Жалпы дамыту жаттығулары: ( отырғыш үстінде) Балаларға жан-жақты дамыту жаттығуларын көрсетіп, түсіндіру (5-6 рет ) — Б.қ: аяқ бірге, қол төменде. Қолды алға созу, жоғары көтеру, жанына созу б.қкелу. — Б.қ:сол қалпы. Қол белде. Басты оңға,солға кезек бұру. Б.қ келу. — Б.қ: сол қалпы. Қолды отырғыш артына ұстау. Аяқты алға созу. Б.қ. келу. — Б.қ: отырғыш жанында тұру. Аяқты алшақ қою,қол жоғарыда,оңға,солға тербелу. Б.қ келу. — Б.қ: отырғыш жанында секіру.
-Өте жақсы. Біз енді аспан әлеміне ұшуға әзірміз,солай емес пе? Тренинг: қолымыз төменде,көзіміз жұмулы,қозғалмаймыз. 5.4.3.2.1 ұштық. — Міне, келіп те жеттік. Қане, орнымыздан тұралық.Зымыраннан шығалық, нелерді көріп тұрмыз?
Тосын сый: « Жұлдызшы » келеді. Жұлдызшы : Амансыңдар ма, балаларым? -Сәлематсыз ба? Жұлдызшы : Қайдан келесіңдер? — Біз «Райхан» балабақшасының «Толағай» тобынан аспан әлемін тамашалауға келеміз. Жұлдызшы: Ендеше, менің бірнеше тапсырмам бар, соны орындарсыңдар, кім де кім жақсы орындаса, сол балаға сыйлығым бар. Негізгі қимылдар: 1. Саптізбекте жұптасып жүру,жүгіру. 2. Ирелеңдеп салынған жіп бойымен жүру. 3. Төрт адымдап екпінмен қос аяқпен жоғарыға секіру. Жұлдызшы: Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар,ризамын. Ал енді ойын ойналық. Ойын аты: «Кім мерген?» Шарты: 5 кегл қойылып, доппен атып түсіру. (Жұлдызшы мадақтап,жұлдызшалар таратады, қоштасады). — Балалар,Жұлдызшы атаның тапсырмаларын орындадық,ойында ойнадық.Енді зымыранымызға отырып,балабақшаға қайталық.Ұшуға әзірміз бе? — 5.4.3.2.1.
|
Тәрбиеші белгісімен бір қатарға тұрады,жүру,баяу жүгіру кезеңдерінен өтеді.Өкшемен жүру,оң жақпен, сол жақпен секіруді орындайды.
Жан-жақты дамыту жаттығуларын тәрбиешінің белгісімен орындайды.Әр жаттығуды өз мөлшерімен 4-5 реттен жасайды.
Қолдарын төмен ұстап,көздері жұмулы,қозғалмай тұрады.
Ай,жұлдыздарды.
Амандасады.
Негізгі қимылдарды тәрбиешінің белгісімен орындайды.
Қимылды ойынды қызығып,жүгіріп ойнайды.
Әзірміз. |
3 кезең рефлексті-түзетімдеуші
| Балалар қызметінің нәтижелерін талдау
Бір қатарға тұрып жәй жүріп,жүгіру. Еркін тыныс алу жаттығуларын көрсету.
|
Қатармен жүреді, жүгіреді. Тыныс алу жаттығуларын орындайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі:Дене жаттығуларын жасауға қызығушылығы артып,жүгіру,секіру,тепе теңдікті сақтайды.
Меңгеруі: барлық жаттығуларды,қимылдарды жақсы меңгереді.
Жасай білуі: Өз еркімен қимылдайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.