«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын
Мақсаты: Балалардың танымдық білімдерін және спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау.Жан – жақты сауатты,дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу.Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту.Жылдамдылыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сұрақтар жинағы.Тірек сызбасы,арқан, шелек пен кружка,орамалға түйілген теңгелер, жұмбақтар,мақалдар,білім кілтінің макеті.
Ойын барысы Ұйымдастыру: Сәлем бердік, сайысымыз көрермені Алдарыңызда болашақ өрендері Молайтар ой – санамызды сайысымыз Біліммен достасуға біз дайынбыз
Хормен: Өнерлі боп өсеміз, Өмір сырын шешеміз Өсіріп ой – сананы Қуантамыз сіздерді.
Кіріспе: Тәрбиеші: Балалар бүгінгі «Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойынымызға хош келдіңіздер!Өз біліміміз бен ептілігімізді екі топқа бөліне отырып көрсетеміз.
І топ: «Сұңқар» Ұраны: Ұшақтанда ұшқармыз Желден озған жүйрікпіз
ІІ топ: «Тұлпар» Ұраны: Қиындықтан қашпаймыз Алған беттен қайтпаймыз
«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
1 – Бөлім: «Нар тәуекел» «Таным» саласы бойынша «Түнгі аспан» ойыны. «Денсаулық» саласы бойынша «Су тасу»ойыны.
2 – бөлім: «Артық болмас білгенің» «Таным» саласы бойынша екі топқа бірдей сұрақтар:Жеті қазына,жеті күн, жеті ата, төрт түлік, төрт мезгілді атау. «Денсаулық» саласы бойынша: «Теңге ілу»ұлттық ойыны
3 – бөлім: «Зерек болсаң, шешіп көр» «Таным» саласы бойынша жұмбақ шешу. «Денсаулық» саласы бойынша «Секіргіштер» ойыны
4 – бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» Таным саласы бойынша «Мақалды жалғастыр»ойыны. Денсаулық саласы бойынша: «Жаяу аударыспақ»ұлттық ойыны
Тәрбиеші :«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын бастар алдында, жеңізпаздарды анықтау үшін әділ- қазылар алқасын тәрбиешілерден сайлап ойынымызды бастаймыз.
Ойын бөлімдері:
1 – бөлім: «Нар тәуекел». «Түнгі аспан» ойыны екі топтан бір – бірден бала шығады да,аспандағы жұлдыздарды сан ретімен белгілеп шығады. «Су тасу» ойыны. . Шарты: шелектен келесі шелекке су тасып жарысу (топпен)
2 – бөлім: «Артық болмас білгенің» екі топқа да бірдей сұрақтар қою. Бұрын жауап бергеніне ұпай саны белгіленеді. «Теңге ілу» ұлттық ойыны. Шарты:Атқа шауып барып, кідірмей, жердегі бет орамалды «Теңгені»іліп әкету.(топпен)
3 – бөлім: «Зерек болсаң, шешіп көр» жұмбақтар екі топқа бірдей.Бұрын жауап бергенге ұпай саны белгіленеді. Қабат – қабат қаттама, Ақылың болса,аттама (кітап) Жеті қазынаның бірі,адамды қорғап жүретін досы?(ит) Тұмсығы мен қозғалар Соңында аппақ із қалар.(бор) Тілі жоқ өзінде,сөзі бар өзінде.(қалам)
« Секіргіштер» ойыны Топпен ойналады. Шарты: Аяақтарын ақап киіп, межелі жерге дейін секіріп барып келеді.
4 – бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» Мақалдар: Малды баға біл ————————————————————- бабын таба біл Мал өсірсең,қой өсір,—————————————————— өнімі оның көл көсір Ақыл жас ұланнан ———————————————————— жүйрік тай – құлыннан Ата бәйтерек ————————————————————————— бала жапырақ Бірлік болмай ————————————————————————— тірлік болмас Ер дәулеті ———————————————————————————- еңбек Еңбек етсең——————————————————————— емерсің Досы көпті——————————————————————— жау алмайды Ормансыз бұлбұл———————————————————- Отансыз адам
«Жаяу аударыспақ»ұлттық ойыны Шарты: Әр топтан 4 баладан шығады да, бір – бірін арқалап, аударыспақ ойнайды.
Қортынды: Жеңімпаздарды анықтау Құттықтау Жеңген топқа «Білім кілтін»ұсыну