Мәншүк
Сабақтың тақырыбы | Мәншүк | |
Негізгі дереккөздер | Сәду Машақов Ана тілі 2 сынып 212-бет Интернет материалдары. | |
Жалпы мақсаттар | Мәншүк Мәметов ның ерлігі туралы оқушылардың түсініктерін тереңдету, Сабақ тақырыбын өздігінен талқылай,Мәншүктің ерлігі туралы ойларын тұжырымдайды,шығармашылық жұмыстар атқарады,шағын топ арасында өзара қатынасқа түседі, сенім және сыйластық дағдыларын қалыптастыруға атсалысады,топ мүшелерінің бәрі де оқу материалын қадағалайды,бір біріне көмек көрсетеді. | |
Міндеттер | 1. Оқушылардың көркем шығарманы оқып,талдауға деген қызығушылығын арттыру. 2. Мәтінге талдау жасағанда сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ету. 3. Топ мүшелері пікірлерін ашық айта білуге ,білімдерін бағалауға үйрету. | |
Негізгі идея | Өзгерістерді енгізуде барлық оқушыларда байқалатын өзгерісті бақылау. | |
Оқытудағы нәтиже | Оқыту үрдісіне енгізілген әдіс тәсілдер арқылы білім сапасының артуына қол жеткіземін. Берілетін ақпарат аясында оқушылар сыни ойлай отырып,қажетті білім –білік дағдысын игереді. Бірін бірі бағалай білуге,пікірін ашық,жүйелеп жеткізе білуге үйренеді. | |
Күтілетін нәтиже | ||
Тапсырмалар | «Бірлесіп жұмыс істеу» стратегиясы «Сауаттылықты ашатын хаттар стратегиясы» «Т-кестесі»стратегиясы «Соңғы сөзді маған қалдырыңыз» | |
Уақыты | Жүргізілетін жұмыстар | |
Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушының іс әрекеті | |
1. Оқушылармен амандасады 2. Сабаққа қатысын тексереді 3. Сабаққа зейінін аударады | Мұғаліммен амандасады. Берілген фишкалар бойынша топқа бөлініп отырады. | |
Қызығушылықты ояту | ||
«Бірлесіп жұмыс істеу» Дайындаған соғыс туралы мәтіндер бойынша орындалатын жұмыстармен таныстырады. | Үй тапсырмасы бойынша берілген мәтіндермен топ алмасады.Жазған мәтіндері ,деректері бойынша пікір бөліседі. | |
Мағынаны тану | ||
«Сауаттылықты ашатын хаттар»стратегиясы
«Мәншүк»өлеңі кейіпкердің іс әрекетін сипаттайтын үзінділер таратады.
«Т кестесі» стр
№1 тапсырма
Қызу ұрыстың жүріп жатқанын өлеңнің қай жолдарынан байқадың?
№2 тапсырма
Мәншүктің пулеметші екенін неден аңғардың? | Мәтінен қалаған кейіпкерлері рөліне еніп, оқырмандарына хат жазады.
Мәтін кейіпкерлеріне хат жазады.
Келісу себептері:
Келіспеу себептері:
Өз пікірім: | |
Сергіту сәті «Саусақ» | ||
Бекіту тапсырмалары
«Соңғы сөзді маған қалдырыңыз»
Нығымет Ғабдуллин «Батырдың мінезі»
Қалмақан Әбдіқадыров «Алып бала» Мәтініндегі батырлардың ерлігі,әрекеті туралы бойынша үзінділер ұсынылады.
Еркін жауап.Болжаңыз
· Бауыржан Момышұлын сипатта? · Әңгіме неліктен Алып бала деп аталған? · Оқиғаны сіз қалай аяқтар едіңіз?
| Оқушылар мәтінмен танысады.
Түйінді ой табылады,оған пікір жазылады.
Топта талқылайды.
Әр топ өздері таңдаған сұрақтары бойынша топта талқылап, қорғайды, Нақты мысалдармен дәлелдейді.
| |
Рефлексия
| ||
Бүгінгі сабақта ең маңыздысы не болды?
Қандай тапсырмалар ойыңа ой қосты деп ойлайсың ?
| ||
Бағалау
Оқушылар түрлі түсті стикерлермен бағаланады | ||
Үйге тапсырма Мәншүк өлеңін жатқа айту.
|